Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық  жағдайы. -

Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 5132 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың жоспары
Пән Қазақстан тарихы Күні
Сабақ нөмірі Сынып

Тақырып: Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы.

Мақсат

Білімділік
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаттының басты принциптерін қарастыру, сыртқы саясатының ерекшеліктерін ашу.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау, өз пікірін айту және нақты дәлелдерді келтіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
өз елінің тарихы мен мәдениетін білу арқылы, жаңашыры және саналы азамат тәрбиелеу
Сабақтың типі проблемдық оқыту элементтермен интерактивті сабақ
Сабақтың әдісі Әнгіме, пікірталас, «ми шабуылы».
Көрнекілік
Оқу құралдары, қосымша мәліметтер, Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
1. Мотивациялық мақсаттық блок
- Оқулық мақсатты қою - Сабақтың тақырыбын жазу
- Сабақтың барысымен танысу
- Білімдерін актуалдау

1. Ұйымдасу кезеңі
• Оқушылармен сәлемдесу
• Кезекшімен сөйлесу
• Топтың , аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру

2. Жаңа тақырыппен және оның мақсатымен таныстыру
- Бүгінгі сабақта не білуіміз керек?

3. Жаңа материалды түсіндіру, талдау (әнгіме, пікірталас – 15 мин.)
Сабақтың жоспары
1. Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа енуі
Қазақстанның геосаяси жағдайы. ТМД-ғы Қазақстанның ролі, БҰҰ-на мүше болу.
2. Сыртқы саясат бағдырының айқындалуы
Қазақстанның бейбіт сүйгіш сыртқы саясаты
3. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы
Жекелеген мемлекеттерімен қатынастар
4. Қазақстанның дамыған Батыс державалармен қатынастары
Қуатты әскери саяси ұйымдармен қатынастар
5. Қазіргі қалыптасқан ахуалдағы сыртқы саясаттың бағыттары

Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа енуі
- Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі ретінде дүниежүзілік қатынастар аренасына шығуы.
- Түркия, АҚШ, Қытай, Германия, Пәкстан мемлекеттерінің Қазақстан тәуелсіздігін мойындауы.
- Тәуелсіз Қазақстанды тану үрдісі
- БҰҰ, ЮНЕСКО, Еуропалық қайта құру және өркендеу банкіне, халықаралық валюта қорына, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің мүше егуі.

Сыртқы саясат бағдырының айқындалуы (әнгіме, пікірталас)
Сыртқы саясат сөзіне оқушылармен бірге анықтама беру
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады (оқушылар интерактивтік тақтаға шығып негізгі сыртқы саясаттың бағыттары мен мақсаттарын жазады):
• ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен
халықаралық байланысты өркендету
• Мәдени –экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің
қатарына қосылу
• Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, ядролық қаруды қолданбау , дүниежүзілік соғысты болдырмау
Тапсырма:
Қазақстан Президентінің 1993 жылы Лиссабон протоколына қол қойып, ядролық қарудан бас тартуы жөң болды ма, тиімді?
«Пікірталас» (мұғалім мен оқушылар арасындағы).
Оқушылар: Мұғалім:
«жөң» Оң жақ (тиімді) Теріс жақ (тиімсіз)

Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе –ең жақын және ірі көрші
мемлекеттермен, солтүстікте-Ресеймен, шығыста-Қытай Халық Республикасымен
одағыдай қарым-қатынас орнату

Мұғалім сөздері: Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті жарияланғаннаң кейін көрші елдермен экономикалық және саяси қарым-қатынасты орнатуға тырысты. Әсіресе ҚР басты стратегиялық маңызы бар елдерімен. Бұл қандай елдер?
Тапсырма: Карта мен кітаптағы мәтінмен пайдалана отырып елдерді аңықтау, қарым қатынастарға сипаттама жасау.
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы

Оқушылар бөлімді оқып мазмұндайды

Қазақстанның дамыған Батыс державалармен қатынастары

Оқушыларға тапсырма беріледі: Алыс шет елдермен қарым қатынастар және олармен байланыс салаларын аңықтау.
Мәтінді оқып сызба толтыру (интерактивтік тақтамен жұмыс)

қатынастардың салалары

Қазіргі қалыптасқан ахуалдағы сыртқы саясаттың бағыттары

- қазіргі заманғы әлемдегі ен басты ахуал қандай?

«Ми шабуылы»
- Қазақстанның ДСҰ ұйымына мүше ретінде кіруі неліктен көп жылға созылды?
- Жоғарыда аталған елдерде шетел әскерлерінің болуына қатысты пікірлер бар, осы мәселені талқыландар, өз тұрғыларынды негіздендер.

3. Рефлексия бақылау блогы

* Білімдерін бекіту
Жаңа тақырып бойынша кестені толтыру
Ресей Қытай АҚШ
Қазақстан


* Нәтижелерді жинақтап, қорытындылау
Тақырып бойынша сұрақтар қою

* Рефлексия
Білдім мен үшін жаңалық тереңірек білгім келеді


* Үй тапсырмасы
«Терроризм қауіпі және Қазақстан» тақырыбына баяндама

Оқытушының қолы:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.