.
.
ШҚО, Семей қаласы №15 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мухтарова Манзия Сатбековна Тәуелсіз елдің төл теңгесі.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2101 | Размер: | Автор: ТәрбиеТәуелсіз елдің төл теңгесі
Мақсаты:Оқушыларға тәуелсіздігіміздің бір белгісі теңге – ұлттық валюта туралы түсінік беру.Оқушыларды ұлттық төл теңгеміздің тарихымен, кескін-келбетімен таныстыру, тиын, ақшалардың, ғылым мен мәдениеттің көрсеткіші ретінде аса құнды екенін ұғындыру.Тәуелсіздігімізді бағалай білуге баулу.Ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Қымбатты оқушылар! Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 20 жыл болды. Тәуелсіздікке арналған іс-шаралар мектебімізде жалғасып жатыр. Сендер тәуелсіздік туралы не айтасындар?
М. Шаханов « Төрт ана » Нұржан
Тағдырынды тамырсыздық іңдетінен қалқала,Ауыр әрі, қасіретті болса да.
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға, Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Әр адамда өз анасынан басқа да,Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер,
Ғұмырына етер мәңгі астана. Өзге ананың ұлылығын танымас,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Болу керек құдіретті төрт ана,Төрт анадан сенім таба алмаған.
Туған жері-түп қазығы, айбыныТамырсыздық басы қайда қалмаған
Туған тілі-мәңгі өнеге айдыны.Төрт анасын сыйламаған халықтың,
Жан байлығы, салт дәстүрі-тірегі,Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қадамыңа шуақ шашар үнемі,Қасиетті төрт ана- тағдырыңның тынысы,
Және туған тарихы,Төрт ана үшін болған күрес- күрестердің ұлысы.
Еске алуға қаншама,
Диас: Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқыраған жарқын болсын!
Төгілген мейірім мен шапағатқа,
Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!
Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі тәуелсіз ел- Қазақстан!
Айдана: Ата-бабам аңсаған,
Күрес салып шаршаған,
Тәуелсіздік таңы атты-
Бақыттымын мен содан!
Бізге мұра қалалар,
Бізге мұра дала бар!
Тәуелсіздік тұғырын,
Қадірлейік, балалар!
Дарина: Қазақстан- елім менің,
Қазақстан- жерім менің.
Саған арнап айтылады,
Әнім менің.
Қазақ жері- Қазақстан,
Мөлдіреген ашық аспан,
Алыс кетсем сағынамын,
Отаным сен- Қазақстан.
Елдар: Тәуелсіздік- тілегім,
Тәуелсіздік- тірегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім!
Мади: Жыр арнадым еліме тебірене,
Үміт артам елімнің ертеңіне.
Тәуелсіздік алғалы халқым менің,
Отаным жылдан-жылға гүлденуде!
Арғын: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жетсе екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
Дәулет: Жалғанның жартысындай қазақ елі,
Алғандай көздің жауы сұлу жері.
Ақ пейіл дархан көңіл халқымыз бар.
Болғанда бірі сері, бірі батыр.
Әз бабам, азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін талай саңлақ шахид еткен
Солардың құдіретті ой- арманы,
Таңы боп тәуелсіздік бізге жетті.
Осы 20 жыл ішінде көптеген биік асуларды бағындырдық. Еліміздің экономикасы артып, басқа елдермен терезі тең бола бастады.
1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта теңгені еңгізу Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болды.
Ақше, теңге туралы не білесіңдер?
Камила: Ерте заманда ақша рөлін мал, аң терісі, Қытайда- шай, тұз атқарған. Қазақстанда тоқты немесе саулық қой атқарған. Ақшаның пайда болуы тауар өңдірісінің дамуына және халықтар арасында қарым-қатынастың ұлғаюының нәтижесінде ақша рөлі түрлі металлдарға ауыса бастады. Өйткені металл әсіресе, алтын, күміс ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Қазақ елі Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан, ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған Тараз, Отырар қалаларында қола, мыс теңгелер соғылған. Бұл ақшалар ел экономикасында ерекше міндет атқарған.
Мадина
1- жүргізуші: Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы- теңге. Ол 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілді. Теңге бейнеленуі, орындалуы және қорғалуы тұрғысынан әлемдегі әдемі, заман талабына сай жасалған ақша белгілерінің бірі. Кескін-келбетін жасауға Қазақстан Дизайнерлер Одағының басшысы Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсал Дүзелхановтардың қосқан үлестері қомақты. Бүгін де теңгеміз тұрақты валюта ретінде өз міндетін мүлтіксіз атқарып келе жатыр.
2- жүргізуші: Қазір айналыста негізінен 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік қағаз ақша (банкнот) қолданылуда. Құны төмен, күнделікті көп қолданылатын қағаз ақша тез тозады. Сондықтан оларды металдан тиын түрінде жасады.
1-жүргізуші: Тиын ақшалар металдан жасалады. Тиын ақшалар арқылы бізге бағзы замандағы зор маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар, жануарлар әлемі жеткен. Тиындар қазір де мемлекеттің тарихи табыстарын, мәдени мұраларын, айтулы азаматтарын есте қалдыру мақсатында кеңінен қолданылады. Абай, Жамбылдың 150 жылдығына, Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 5, 10 жылдығына арналған мерейтойлық ақшалар бар.
2-жүргізуші: Республикамыздың тиын ақшаларын жасауға Досбол Қасымов, ЕркінЖамалбаев, Нияз Наурызбаев сияқты суретшілер, мүсіншілер атсалысып келеді.
Ортаға теңге киімін киген оқушы келеді.
Ардақ
Тілдей қағаз бетінде өткенім,
Жиырма ғасыр өлмеу үшін жұлысқан.
Тірлігімнің, бірлігімнің мекені
Сол бетінде сом тұлғалы Түркістан.
Теңге маған ақша ғана емес тек.
Қалқам, оны сүйме мейлі,
Тұрар одан тектілігім елестеп,
Теңгелі ел өз мақсұтын билейді.
Диас А. Ақша белгілері- теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен ұлттық Банк әзірледі.
Нұржан: Қазақ ақшасының, тарихы біздің заманымызға дейінгі үшінші ғасырдан басталады екен. Хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланған.
Рустам: Ғұндар алтын күміс құймаларды, екі жағында шимай жазуы бар теңгелерді сауда айналымына енгізген.
Аружан: VI-VIII ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелерді шығарды.
Ардақ: Әсіресе, Сырдария бойында өмір сүрген Шапырашты тайпаларының қолдан жасалған теңгелері өмір сүрді. Үш ғасыр бойы үздіксіз қолданыста жүрді.
Зере: VI-VIII ғасырларда арыстан бейнесі, садақ суреті бар теңгелер болды. Мыс, күміс, алтын ақшалар салмағы 6,8 грамм болатын. Бетінде
« Мөнгү хани» деген жазуы болды.
Айдана: ХХ ғасырларда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993 жылы қараша айына дейін жалғасты. Рубльдер 1993 жылы 15 қарашада таңертеңгі 8.00- де теңгемен ауыстырылды. Бұл күн ұлттық валюта күні болып саналады.
Рамиль: Ұлттық валютамыз – теңгені әзірлеу, жасау, айырбастау, айналысқа енгізу Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жеке басшылығымен құпия жағдайда жүргізілді. 1 жыл 2 ай аяқталды.
1-жүргізуші: Банкноттарды көркем безендіру кезінде белгілі тарихи тұлғалардың ( әл-Фараби, Абай, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы, Сүйінбай ) портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды.
2-жүргізуші: Теңге дизайнерлерінің бірі- Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Хайролла Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қосымша күрделі бедер-бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.
1-жүргізуші: Бүгінде Қазақстан өзіндік ақша-банк жүйесі, алтын валюта қоры қалыптасқан тұрақты даму жолындағы іргелі ел.
2-жүргізуші: Теңге ерен еңбекпен келді, оны үнемдеп, ұқыптылықпен қарап, күтіп жұмсау Қазақстанның әрбір азаматының міндеті.
Ұлттық ваюта күннен –күнге өз елімізде ғана емес,тысқары жерлерде де сенімді беделге ие бол бастады.Өндіріс дамыған сайын ,елге шетел капиталының ағыны ұлғайып, отандық ірі инвесторлар пайда болған сайын ұлттық валютамыз да нығая түсуде.
Ұлттық банк 2011 жылдың 11 шілдесінде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған номиналы 10000 теңгелік ескерткіш банкнотты айналысқа шығарды.Тұңғыш рет 3 қорғаныш жіп қолданылады.Сондай-ақ, мерейтойлық монеталар дайындалып қарашадан қолданылысқа енгізіледі.
Номиналы 50000 теңге, алтыннан жасалған, массасы 1000 грамм, таралымы 100 дана,5000 теңге, күмістен жасалған, массасы 1000 грамм, таралымы 200 дана,500 теңге, күмістен жасалған,массасы 31.1 грамм, таралымы 5000 дана, 50 теңге ,нейзельбер қоспасынан жасалған,таралымы-50000 дана.
Балалар өмірде әртүрлі жағдайлар болады.Мен сендерге әртүрлі жағдайлар дайындадым.Соларды оқып, содан шығудың жолдарын қарастырыңдар.
1жағдай Сен анаңмен бірге базарғаденешынықтыру сабағына аяқ киім алуға бардың.Аралап жүріп 300 теңге тұратын машинаны ұнатып қалдың.Сен машинаны алғың келді.Ал анаңда бары 600теңге ғана...Сенің әрекетің....
2жағдай Биылғы оқу жылында ана тілі оқулығы жетіспейді.Базардағы оқулық бағасы 450 теңге.Анаң таныстардан ескі,мұқабасы жыртық кітап тауып берді.Сенің іс әрекетің.....
3 жағдай Мұғалім бүгін сағат екіде цирк болатынын айтты.Билет бағасы 100 теңге.Сондай-ақ ағылшын кітабын алуың керек.Ол 130 теңге.Қайсысын таңдайсың? Әрекетің.....
Мінекей, сендердің тапқырлықтарың кез келген жағдайдан шыға білетіндіктеріңді көрсетіп тұр.
Ал сендер отбасы байлығын толықтыруға қалай көмектесе аласыңдар?
Көрініс.
Әкесінің екі ұлы болыпты.Бірі Асан және Сапар.Әкесі алыс жолға шығып бара жатып балаларын шақырып алып былай дейді:
Міне сендерге менің байлығымның бір бөлігі .Бір жылдан соң ораламын.Сонда сендер менің байлығымды қалай сақтағандарыңды көреміз дейді.
Қысқа ма ұзақ па уақыт өтке соң әкесі келіп балаларын көріп қауышқан соң балаларынан сұрайды:
-Ал, балаларым, мен жоқта қалай тұрдыңдар? Менің байлығымды қалай сақтадыңдар?
Сапар жер астындағы орынға түсіп, әкесі берген алтын ақшаны алып шығып –Міне, әке сенің берген ақша . Қарашы қалай сақтағанымды.
Әкесі ақшаны алды да Асанға бұрылды.Ал, сен ше?
Асан күлімсіреді де қалтасынан 5 алтын ақшаны алып берді.
-Мен сен берген ақшаға бір сиыр сатып алдым.Оны жақсылап күтіп едім сүтті көп берді.Оны біз іштік.Артылғанын сатып отырдық.Міне, сен берген ақша 5-еу болды және бір сиыр қорада тұр.
Балар қалай ойлайсыңдар, байлық неден құралады? Еңбектен.
Әр отбасы ақшаның құнын бағалау керек.Оны орынды жұмсай білу керек.Халық арасындағы ақша жайында мақал мәтелдерді еске түсірейік.
1.Теңге тиыннан өсер, 2.Ақша кетуге тырысады,
Жылқы құлыннан өсер. Есеп ұстауға тырысады.
3.Есепсіз дүние жоқ. 4.Базары жақын байымас.
Терең оймен ,шебер тілмен айтылған халық шығармаларында бірде Қазыбек би Төле биге кедейлік неден деп сұрақ беріпті.Сонда Төле би:
-Кедейлік үш ағыйынды.Оның тұңғышы кежірлік,ортаншысы-еріншектік,кенжесі-ұйқы.Осы үшеуін бойына үйір қылмаған адам кедей болмайды,-деп жауап берген екен.
Ендеше балалар Тәуелсіз еліміздің болашағы сендерсіңдер. Осы жаман әдеттерден аулақ болып,Еліміздің экономикасын дамытушы,икемді, ұқыпты тұлға болып өсулеріңе тілектеспін.Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.