Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тәуелсіздік хабаршысы – Желтоқсан. -

Тәуелсіздік хабаршысы – Желтоқсан.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1696 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Көктас ауылы
№4 орта мектептің
7- сынып жетекшісі:
Калиева Нұржамал Рахимовна

Тәуелсіздік хабаршысы – Желтоқсан.
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отан сүйгішілікке, ұлт жандылыққа тәрбиелеу.
2. Азаттық жолында халқына адал қызмет еткен жандар мен батырлар есімі тарихта алтын әріппен жазылса, Желтоқсан оқиғасында өз ұлтының намысын берік ту етіп ұстаған Қайрат, Ербол, Ләззат есімдерін, ерліктерін құрметтеуге, ұмытпауға, халық жадында алтындай сақталуға тәрбиелеу.
3. Өз ұлтының тарихын сүюге, дамытуға, қорғауға тәрбиелеу. Өз халқының тарихына сын көзбен қарап, саралай білетін саналы азамат ретінде қалыптастыру.
Жоспар:
Желтоқсан сол оқиғалардың ең соңғысы
Тәуелсіздік тізгіні берік қолда.
Қорытынды
Биыл – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына 25 жыл. Белгілі ақын қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов: «Желтоқсан – қазақ жастарының көтерілісі, сондықтан бұл оқиғаға ерекше мәртебе берілу керек»
Әр түрлі шатастыру мен теріс көзқарастың салдарынан 10 мыңнан астам адам ұсталып, 2 мыңнан астамы әр түрлі жарақаттар алған 99 адам сотталып, 200-ден астамы оқуынан, жұмысынан шығарылған.
Жалпы қазақ халқының басында 1456 жылы Шайбани ұрпағынан бөлініп Қазақ деген атқа ие болғаннан кейін 5 ғасыр бойы 400-ге жуық оқиға берік орын алған. Желтоқсан – сол оқиғалардың ең соңғысы.
1 оқушы:
Ызғарлы қыс –тоқсан күн
Желтоқсан деп аталған
Желтоқсанда жастарым
Тәңірімнен бата алған
Батамен елім көгереді
Бодандық билік көнереді
Тәуелсіз атқан таң үшін
Еске алайық өрттей өрендері
1 минут « Желтоқсан құрбандарын еске алу үнсіздігі» жариялау.
2 оқушы:
Ұлттың бағы жанар мекен хас тұлпар, нары жоқ
Ал біреулер намысы жоқ жігер қауқар қоры жок
Кеміспекші желтоқсанның жалаң аяқтары деп
Жок!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп.
3 оқушы:
Желтоққсанның қазаққа
Ызғары көп тастаған
Намыстан өлген ұлтымның
Қыздары мен ұлдары жалындаған
4-оқушы:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәтті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сәбира
Құрбаны болған жаланың.
Желтоқсан желі үзіндісі
5-оқушы:
Өсер ұлдың қай сәттеде бірлік болмақ қалауы.
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы
Өздеріндей өр намысты жас өрені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
6 оқушы:
Ғасырлар өткен сиреген халықпыз
Қиянат дертінен сиреген халықпыз
Тағдың еңсесін именген халықпыз
Тамұқтың отына күймеген халықпыз
Ерлікпен елдес тарихы сөнбес
Ауызбен теңдес, дәстүрлі өлмес
Ежелгі қазақ –ертеңі ғажап
Жан-жақтан жау қаптап
Қатер бұлт торлаған .
Жаратқан жар болсын, аруақ қолдаған
Тас қорған қамалдар салмаған алашты
Жалаңаш төсімен ерлеп қорғаған
Егемен ел болдық, қаһарман ерлікпен
Бағымыз жанды, бауырмас елдіктен
Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары
Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, ерлікпен
Тәуелсіздік монументінің суретін көрсету
7 оқушы:
Тәуелсіздік монументі – сәулет және мүсін өнері ескерткіші. 1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне биік обелиск түрінде тұрғызылған монументті құрылыстың авторлары: архитектор Ш.Уәлиханов (топ жетекшісі), мүсіншілері Н.Далбай, Ә.Жұмабаев сәулетшілері Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев, т.б. бас конструкторы С.П. Каламкаров. Тәуелсіздік монументі сол жылы 16 желтоқсанда ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түркия президенті С. Демирель қатысты.
Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқан тәуелсіздік монументінің негізгі ортасында композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастан құралып, оның биіктігі 28 м-ге жетеді. Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орталық діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді жұмырланып мүсінделген әрі оған Қазақстанның елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сауыт, бұзар алтынға малынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы биіктігі 6 м, ал салмағы 4т аса айбарлы кейіппен, тәуелсіздік монументінің беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады.
8-оқушы:
Ертеңіне бұрғанда бетінді
Ұлы ерлікке буған белің бекінді
Тәуелсіздік хабаршысы Желтоқсан
Тарихыңның жаңа беті секілді.
9-оқушы:
Таңғажайып атың да дәл табылды
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі, көкке жетті көк туың
Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
Ән: «Қазақ елі»
Жаңа мыңжылдыққа Қазақстан тәуелсіз дербес мемлекет болып қадам басты.Әлеументтік –экономиялық жүйе өзгерді.Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының және әлемдік қауымдастықтың Біріккен Ұлттар Ұйымының тең құқықтық мүшесі болып ,өз егемендігін заң жүзінде , де іс жүзінде де дүние жүзіне тегіс мойындатты. Қысқасы дүние картасынада Қазақстан атты өз билігі өзінде, өзгелермен терезелері тең жас мемлекет пайда болды .Біз Тәуелсіздікті аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің белгілерінде ерекше қадірлеуіміз керек. Әр бір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимін тұмардай қасиет тұтуы қажет.Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы. Н.Ә.Назарбаев.
Дәл осынау тәуелсіздіктің таңын атқызуға арқау болған 16 желтоқсан оқиғасынан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың 16 желтоқсан күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік біздің басымызға қонған бақ, бақыт. Бұл оңайлықпен келген арзан бақыт емес. Бұл Тәуелсіздік Сырым Датұлы, Кененсары, Исатай, Махамбет, Аманкелді Иманұлы,Қайрат Рұсқұлбеков сияқты ардақты ұл- қыздарының төгілген қанымен терінің нәтижесінде келген еркіндік. Ендеше Тәуелсіздік –қасиетті ұғым тізгіні берік қолда.
Қазақстанның жаңа ел ордасы Астана туралы.
Биіктігі 91м Қазақ елі монументі, Призидент резиденциясы, Ақорда, Министрлер үйі, биіктігі 97 метрлік Бәйтерек, Пирамида, 2 мың орындық Думан ойын –сауық орталығы, 30 мың кісілік Астана жабық стадионы- осының бәрі Тәуелсіз мемлекет Елорданың ажарын ашып, айбынын асқақтады.
Астана жаңа ғасыр қаласы атты монтаж.
10- оқушы:
Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны
Бейуақытта бойға таққан тұмары
Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып
Ызғар ұрып жанбай қалған шығары
11-оқушы:
Тәуелсіздік! Берекенің біл басы
Дәулетің мен сәулетінің тұнбасы
Қазақстан, сен бір елсің жаһанға
Тең танылған таудай асқақ тұлғасы
Ән «Өз елім менің»
Тәрбие сағатын қорытындылау.
Міне егемендігімізді алып,Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп,небір қиындықтарды артқа тастап,жаңа экономикалық өрлеу үстінде.Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы.Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді.Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.
Еліміздің Егемендігі жасай берсін!
Күй «Көңіл толғауы»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.