.
.
«Тәуелсіздіктің нұрлы таңы» Тәуелсіздіктің нұрлы таңы
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3410 | Размер: | Автор: гостьМақсаты:
Желтоқсан оқиғасы туралы оқушыларға дұрыс, терең түсінік беру,олардың саяси санасын ояту, өз көзқарастарын қалыптастыру.
Барша адам баласының отансүйгіштік ,патриоттық сезім, ерлік, батылдық, шындық төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін Желтоқсан батырларының өмірін үлгі өнеге ету.
Көрнекіліктер: Шарлар, «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы» жазуы, кітаптар көрмесі, оқушылар шығармашылығы.
Шараның барысы:
Мұғалім:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіз, егемендік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Тәуелсіздік –тәтті ұғым, қандай ғажап!
Халқымның орындалды басты арманы
Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап
Күмбез көкте желбірейді көк байрағы
(көрнекіліктермен жұмыс жүргізіледі)
Желтоқсан оқиғасына тарихи шолу жасау үшін ортаға Мақсат пен Дильназды шақырамын.
Мақсат:Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Дильназ:ХVІІІ ғасырда «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманы еліміз үшін өте ауыр кезең болды. «Жау жеңетін жігітті жарағынан танимын, дау жеңетін жігітті талабынан танимын» дегендей адастырмас ақыл мен қара қылды қақ жарған, әділдік пен береке ұйытар бірлікке шақырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің орны ерекше.
Мақсат:Ұлттық намысымызды оятып, салт-санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн – «желтоқсан оқиғасы». Осы желтоқсан оқиғасына байланысты 8515 адам ұсталып, прокуратура 5324, мемлекттік қауіпсіздік комитеті 550 адамды тергеді. Түрлі дәрежедегі жарақат алған 1283 адам қаланың медицина мекемелеріне барды.
Бейнеролик. Желтоқсан желі.
Дильназ:
Бұлдыр бұлдыр,бұлдыр күн,
Қан жылатқан құрғыр күн!
Медет болған алладан,
Тұнжыраған тұлдыр күн,
Алаштан озған жүйрігім,
Алтын діңгек қазығым,
Аққудай аппақ нәзігім,
Сабира апат болған күн!
Мақсат:
Топталмасын деп қазақтың кек ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Топты бастап шыққан Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға небәрі,
Қаһарман қыз, ғажап қыз,
Ұрандайды Ләззат қыз
Жасқанбаған жауынан
Біз қазақпыз, қазақпыз!
Дильназ:
Жаңа заман, жаңа дәуір өркендеп,
Еңсем биік көрінсе екен ертең деп,
Көкбайрақ ту, желбірейді көгімде,
Елтаңба тұр елдігімді көркемдеп.
Мақсат:
Жүрегімнің отын үрлеп маздаған,
Әнұраным жыр боп ұйытқып қоздаған,
Егеменді елдің жайын бүгінгі
Ақын емес ой толғатып жазбаған!
Мұғалімі: Оқушылардың Тәуелсіздікке арналған көркем сөз жырлармен тамашалаңыздар!
(ортада кезектесіп тақпақ айтады, музыка ойналып тұрады.)
Мирлан: Отан деген отбасынан басталар
Отбасыма от салмасын басқалар
Отан деген қасиетті, киелі
Отан десем оянады асқақ ар! (1 слайд)
Айдина: Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі
Басқалардың тимесінші кесірі
Елдің көшін өрге бастап барады
Нұрағаңмен егіз болар есімі (2 слайд)
Айдана: Қазақстан-Тәуелсіздік бесігі
Бесігімде тербеледі дос үні
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны! (3 слайд)
Алишер: Тігілген соң Ақ Орда – шаңырағың
Тұғырыңа қонуда сан қыраның
Отан деген оранып от құшаққа
Кәусарыңа шөліңді қандырамын (4 слайд)
Милана: Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О тәңірім бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр! (5 слайд)
Барлығы бірге: Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Мұғалім:
Желтоқсан тарихымда әйгілі күн
Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып
Еншілер қайтарған бәйгелі күн
Қазақтың биі «Көңіл толқыны» Мендигалиева Мадина
Мұғалім: Тақтадағы тәуелсіздіктің шежіре ағашына тәуелсіз елімізге деген өз тілектеріңді арнап, жазсаңдар деймін.
(Тәуелсіздіктің шежіре ағашына өздерінің жүрекжарды тілектерін жазады)
Мұғалім : Балалар бүгінгі тәрбиелік шарамыздан не түйдік?
Тәуелсіздікпен егіз ұғым деп нені айтамыз?
Біз қандай мемлекетпіз?
Биыл неше жылдық мерекемізді тойлаймыз? (оқушылар жауабы)
Ән: Көк тудың желбірегені.
(Барлығы бірге орындайды)
Мұғалім:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Еліміздің патриоты сіз бен біз. Нұрлы болашақ пен нұрлы жол тәуелсіз мемлекетімнің нұрлы таңының нәтижесі.
№ 30 орта жалпы білім беретін мектеп
Тәрбие сағаты
Сыныбы: 5 «Д»
Сынып жетекшісі м.а: Әліпов Қ. Д
Орал, 2015
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.