Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Табиғатты аяла да бағала. -

Табиғатты аяла да бағала.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 4732 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сыныбы: 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты аяла да бағала.

Мақсаты : а) оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жасай білуге , жанашырлық сезімге баулу, табиғат жөніндегі ой – өрістерін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, тілін дамыту. Табиғат ажарын сақтап, оған қамқор болып қамқорлық жасайтын қорықтар туралы танымдарын арттыру. Табиғатты сүйе білуге оны қорғауға, ұйымшылдыққа, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, мақал – мәтелдер .
Сабақтың барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі. Құрметті қонақтар, ұстаздар! Сіздерді жылдың тамаша мезгілінің келуі қарсаңындағы 3 – сыныптың оқушыларының ұйымдастыруымен болатын «Табиғатты аяла да бағала» атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер.
Табиғаттың сұлулығында шек жоқ. Адам табиғатты барынша аялап, қамқорлық көрсетуі керек. Адамның табиғатқа сарқылмас байлық деп қарауы табиғи ортадағы тепе – теңдіктің бұзылуына жол береді. Мұның келеңсіз әсері соңғы он жылдықта күшейіп, енді адамзат экологиялық мәселелрді шешуді белсенді түрде қолға алды. Түрліше табиғат қорғау ұйымдары құрылып, қоғамдық акциялар ұйымдастырылуда , қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар шығарылуда. Табиғатымыз – адамға баға жетпес байлық. Бүгінгі сабағымызда табиғат анамызды қамқорлау қажеттігі туралы әңгімелейміз.

Жүргізуші: Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.
Оқушылар топқа бөлінеді.
1 – топ: «Отан»
Ұраны: «Отан оттан да ыстық»
2 – топ: «Сулы жер – нулы жер»
Ұраны : «Су – табиғат айнасы»
3 топ: «Ағаштарға қамқорлық»
Ұраны: «Ағаш ексең аялап, басыңа болар саябақ»
4 – топ: «Хайуанаттар»
Ұраны: «Құлан-қырдың көркі, құндыз-судың көркі»
5 – топ: «Қазақстан – қорықтар елі»
Ұраны: «Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік»

1 – топ . «Отан»
1 – оқушы:
Туған жер – алтын бесік , асыл анам,
Ауаңмен , ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім өзің тектес
Алысқа нәсібі шашыраған.
2 – оқушы :
Жаралған Жер – ана зыр айналып ғаламды.
Арқасына қондырып , аялаған адамды
Адам жердің етене сүйініші, тынысы
Әсте ана баласын жаман болсын дерме екен,
Сол секілді адамды аялайды Жер мекен.
Жүргізуші: Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп – өнер мекені.
3 – оқушы:
Адамдар, жер сенің аяулы бесігің,
Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.
Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,
Жер жаһан аялап тұр алақанында.
Жүргізуші: Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміңе ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
4 – оқушы:
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан – жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
«Отан» туралы әнді топ мүшелері айтады.

2 – топ. «Сулы жер – нулы жер»
Жүргізуші: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Балалар, сендер су туралы қандай мақал – мәтелдер немесе тыйым сөздер білесіңдер? (Топ мүшелері су туралы өздері білетін мақал – мәтелдердің немесе тыйым сөздерін айтады). «Сулы жер – нулы жер», «Су – табиғаттың айнасы», «Су біткен жерде өмір де бітеді», «Судың да сұрауы бар» т.с.с.
1 – оқушы:
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емеспе?!
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол – ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?!
Жүргізуші: Соңғы жылдары өлкеміздегі көптеген өзен, көл суларын қалай болса солай пайдаланудың салдарынан олардың қоры азайып, ластану өріс алуда. Бір кездегі үлкен әрі тұнық Сырдың қазіргі кездегі халыққа айтар өкпесі де бар.
2 – оқушы: Жайық өзені 2428 шақырымға созылады. Оның бойы табиғи байлықтың көзі болып табылады. Жайықтың қойнауы мен суларында 450 – ден астам жануарлар, 50 – ге жуық балық түрлері, 345 құс түрлері және 1200 ден астам өсімдік түрлері өседі. Өзеннің өн бойында 383 – тен астам су тартатын қондырғыштар бар. Олар Жайық суының деңгейін төмен түсіруде.
Жүргізуші: Табиғатта «қастерлі нүктелер»өте көп. Соның бірі – Каспий теңізінің экологиясы.
3 – оқушы: Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің экологиясының бұзылуына «Теңіз газ» кешені үлкен әсерін тигізіп отыр. Тасқын су кейін қайтқанда өзімен бірге мұнай қалдықтарын теңізге алыпкетеді. Ол Каспий суының экологиясына әсер етіп отыр. Каспийдің бекіре, шоқыр , қортпа, балығының денелерінен аурулар табылды. Теңіз суының құрамы бұзылды.
Жүргізуші: Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы.
4 – оқушы: Арал теңізі өзінің үлкендігі жөнінен дүние жүзінде төртінші, ал ТМД елдерінде екінші орын алады. Оның жалпы ауданы – 64,5 мың шаршы км. Ондағы судың көлемі 1000 текше метрден асады. Арал теңізінің суының тартылуы сол аймақтың халық шаруашылығына және табиғатына үлкен зиянкелтіруде. Ертеректе Аралдан жылына 500 мың центнердей бағалы балық ауланғаны белгілі. Аралдың айдынды арнасынтолықтырып, толқынын тулатып жататын Әмудария мен Сырдария өзендерінің қазіргі күні де күйзеліске соқтырып отыр.
5 – оқушы:
О, табиғат, тіршілікке бесік болған мекенім,
Құшағынан нәр алып, мұратыма жетемін.
Алақанмен аялаймын ұл қызымдай үйдегі,
Азаматтық борышым – қорғаушың болып өсемін.
3 – топ: «Ағаштарға қамқорлық»
Жүргізуші: Табиғат байлығының бір тобыжер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті – жасыл әлем. Өсімдік өлкеміздә түрлендіріп тұрған түкті кілемтәрізді. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі депаялап, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген өрнекті сөз – соның айғағы.
1 – оқушы:
Ормандар, жап – жасыл ормандар,
Орманды отаушы болмаңдар!
Отан мен Орман жұп, бір ұғым,
Орманды, Отанды қорғаңдар!
Озбыр қол орманды отаса –
Отанға қастандық қылғаны.
2 – оқушы: Ағаштар ауаны тазартады, жазда көлеңке болады. Сонымен қатар олар үй жиһаздарын жасауға, үй салуға, қағаз жасауға пайдаланылады және айналаға әсем көрік береді.
Жүргізуші: Балалар, енді маған айтыңдаршы, ағаштарға байланысты қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
1 – оқушы: Ағаш көркі – жапырақ,
Адам көркі – шүберек.
2 – оқушы: Ағаш ексең аялап,
Басыңа болар саябақ.
3 – оқушы: Бір тал кессең,
Он тал ек.
4 – оқушы: Атаңнан мал қалғанша тал қалсын.
Жүргізуші: Сезеді кеудесінде көзі бар жан,
Білгенге асыл тастан сезім маржан.
Қайыспас қабырғасы өзім де орман,
Құлпырып көркейе бер, жасыл орман.
Құрманғазының «Қызыл қайың» күйі орындалады.

4– топ: «Хайуанаттар».
Табиғаттың сұлу – сымбат мүсіні, көрікті келбеті бар тамаша туындыларының бірі – хайуанаттар. Халқымыз ежелден – ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жанашырлық жылы сезім ерекше орын алған.
1 – оқушы: Қызғылт бірқазан – Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Іле өзенінің Балқашқа құяр сағасында бұл құстың 2000-ға жуық жұбы мекендейді.
2 – оқушы: Ақбас тырна – далалық өңірлерді мекендейтін құс. Олар балапандарын көбіне көлдердің маңында басып шығарады. Қазақстанның «Қызық кітабына» енгізілген.
3 – оқушы: Үстірт арқар – Маңғыстау тқбегіндегі таулар мен ұстірттердің батыс кемерінде мекендейді.
4 –оқушы: Қарақұйрық – халықаралық табиғатты қорғау одағы мен Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген жануар.
Жүргізуші: Ал, балалар, табиғатты қорғауға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
1 – оқушы: «Құсты атпа, құмырсқаның илеуін бұзба».
2 –оқушы: «Көкті жұлмай, көктей соларсың».
Жүргізуші: «Құлан – қырдың көркі, құндыз – судың көркі» деген мақал барү
Құлансағым ен даланы шарлаған,
Түз аңында онан жүйрік болмаған.
Құланды айтса көкірегінде қазақтың,
Тек жүйріктік орнаған.
Күй: «Ақсақ құлан». Хайуанаттар туралы слайд.
5 – топ: «Қазақстан – қорықтар елі»
Жүргізуші: Табиғаттың бар ажарын сақтап, оның құлпыра түсуіне қорған болып қамқорлық жасайтын қорықтар.
1 – оқушы: Ақсу Жабағылы қорығы. Орналасқан жері – Оңтүстік Қазақстан облысы (Сайрам, Түлкібас аудандары). 1926 жылы ұйымдастырылған.
2 – оқушы: Барсакелмес қорығы. Орналасқан жері – Қызылорда облысы (Арал ауданы). 1968 жылы ұйымдастырылған.
3 – оқушы: Қорғалжын қорығы. Орналасқан жері – Ақмола облысы (Қорғалжын ауданы). 1968 жылы ұйымдастырылған.
4 – оқушы: Марқакөл қорығы. Орналасөан жері – Алматы облысы (Алакөл ауданы). 1998 жылы ұйымдастырылды.
5- оқушы: Марқакөл сол қалпыңмен пәк боларсың,
Күлерсің, мұңаярсың, шаттанарсың.
Осынау жалт – жұлт еткен келбетіңмен,
Жанымның түкпірінде сақталарсың.
Қорықтар туралы қосымша түсінік беру. Слайд бойынша жұмыс.

Өсімдіктер әлеміне саяхат.
Міне, қызық!
Өзінің биіктігі мен мықтылығы жағынан талай ағашыңнан асып түсетін бір шөп бар. Оның сабағынан қармақтың сабын, шаңғының таяғын жасайды. Бұл өсімдіктің аты – бамбук. Дүниедегі ең биік шөп –осы. Жас бамбук күніне жарты метрдей өседі. Бірақ мұндай қарқын онша көп уаөытша созылмайды, бар –жоғы 40 күн ғана, әйтпесе ол көкпен таласып бұлтқа да жеткен болар еді. Ол ауа райы ыстық Шығыс пен Кавказдада бар.
Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – алып Эвкалипт. Ол ағаш Австралияда өседі. Биіктігі 100-110 метрге жетеді. Баяғыда бір кедей адам осы ағаштың әбден қурап, омырылып қалған біреуінің түбірінен ойып, отбасына үй жасайды, түбірдің ішіндегі қуыстың кең болғандығы сондай, тіпті ат қорасын да соның ішіне салыпты дейді.
Үндістан мен Индонезияда тағы да басқа тропиктік елдерде нан ағаш өседі. Әрине оның бұтақтарында тоқаш та, бөлке нан да салбырап тұрмайды, алайда пішіні домалақ, әрқайсысының салмағы 30 кг-дай ап –ауыр жемістері болады. Жергілікті тұрғындар бұл ағаштың жұмсақ етін күлге көміп, күлше пісіреді, оның дәмі нағыз нанға ұқсайды.
Шұжық ағашының ұзындығы жарты метрдей, әр жемісі сыртқы түрі жағынан кәдімгі шұжыққа ұқсас, бірақ амал қанша, ол жемістер жеуге жарамайды.

«Кім шапшаң?» ойыны.
Жұмбақтар шешу.
1. Мәңгілік жасыл ағаш (шырша).
2. Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады (алма).
3. Қандай өсімдіктерді жыртқыш өсімдіктер дейді?(шыбынжұт, шыншылдық)
4. Өсімдік бір жерден екінші жерге қалай таралады (жел, су, жануарлар арқылы)
5. Майды қандай өсімдіктен алуға болады (күнбағыс, зығыр, мақта)
6. Дауылға нық күшті,
Ағаштың мықтысы (қарағай)

Ой –толғау кезеңі. Қазақтың ұлттық ойыны «Орамал тастамақ».
Мен қазір орамалды қай топқа тастасам, сол топтың оқушылары сұраққа жауап береді.
Егер сен ақын болсаң ... ... ....
Егер сен қоршаған ортаны қорғау министрі болсаң ... ... ...
Егер сен сазгер болсаң ... ... ...
Егер сен суретші болсаң ... ... ...
Егер сен әнші болсаң .... .... ....
Қорытынды:
Иә, балалар, табиғат туралы әсем сөздер айтылды. Адам да табиғат перзенті. Сондықтан да туған еліміздің, жеріміздің табиғатын, байлықтарын қорғау, баршамыздың міндетіміз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 38- бабы «Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті» деп жазылған. Әйгілі Қорқыт атамыз: «Қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын» деген. Бұл айналаңдағы табиғат байлықтарын аялай біл дегені. Табиғат сенің саялы бесігің, аяла,қамқорлыққа ал, қорғаныш бол, тазалығын сақта!

Оңалбаева Ағилаш Ізбасарқызы –
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Батыс Қазақстаноблысы, Қаратөбе ауданы,
Шөптікөл орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.