Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Тапқыр достар». -

«Тапқыр достар».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1649 | Размер: | Автор: Тәрбие
. «Тапқыр достар»
Сабақ мақсаты:
• Оқушылардың тіл және оқу, дүниетану, математикадан алған білімдерін тексере отырып, білімдерін толықтыру;
• Оқушылардың тапқырлық, жылдамдық, жинақылық, тиянақтылық, логикалық қабілеттерін дамыта түсу;
• Ұжыммен жұмыс жасауға, сыныптастарының ойын тыңдауға үйрету.
Бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге үйрете отырып кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн! Балалар, бізге қонаққа Ханшайым-бақа келген сияқты ғой, Ханшайым-бақаның қабағы түсіп кеткен сияқты, ол не бүлдіріп қойған екен? Сұрап көрейіек.
-Балалар, Ханшайым-бақа тақырыбымызды ауыстырып қойған екен,

-Дұрыс таптыңдар, балалар, сабағымыздың тақырыбы «Тапқыр достар». Бүгінгі сабағымыз сендерден тапқырлықты, жылдамдықты, төзімділікті, жинақылықты талап етеді, егер де талаптансаңдар жеңіске жетесіңдер.
-Енді әр топтың атын анықтап алайық, ол үшін тақтаға назар аударайық. Тақтада 1,2,3,4 сандар көрсетілген, сол сандарды әр топ таңдап алады. Сандардың артында сұрақтар бар, соған жауап беру керек. Дұрыс жауап берсек, топтың аты шығады.
1. Қорбаң-қорбаң етеді,
балды жақсы көреді. Ол қандай жануар? (Аю)
2. Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)
3. Аң патшасы- ол не? (Арыстан)
4. Белестен шапқан бесті ат, немесе «Қызыл телпек» ертегісінде Қызыл
Бүкір келген желісті ат. Телпекке бөгет жасаған қай аң?
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)
(Әр топтың аты анықталады.)



Топтарды таныстыру:
-Қалай сабағымызды бастаймыз ба?
-Онда «жануарлар әлеміне» аттанайық. Біз таңғажайыпқа аттанамыз. Орманда өмір сүретін аңдар, құстар, жәндіктермен кездесеміз және үй жануарларымен де кездесіп, түрлі оқиғаларға тап болып, әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.
Мұғалім: Әр дұрыс жауапқа 1фишкадан аласыңдар, қай топ көп фишкалар жинап алса, сол топ жеңіске жетеді. Қиындыққа толы саяхатқа шыққан кезде, қасыңда сенімді достарың болған дұрыс. Мен жұмбақтар оқимын, сендер дұрыс жауабын айтыңдар.
1 тапсырма: Жұмбақтар
1. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
2. Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды бас. (Тасбақа)
3. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
4. Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)
5. Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорыққан. (Жылан)
6. Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)
7. Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға етіп,
Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)
8. Орманда сайрайды,
Сайраудан талмайды (Бұлбұл)
9. Туа сала мұрт өсірген мырза,
Пеш түбінде жатқанына ырза. (Мысық)
10. Бітімі, тұрқы –
Аумаған жылқы.
Киімі жолақ –
Айыбы сол-ақ. (Зебра)
- Жарайсыңдар! (Әр топтың ұпайын санау)
2. тапсырма:Викториналық сұрақтар (10 сұрақтан)
І топқа:
1) 4 түлік малды ата
2) Сиырдың төлі
3) Ең алғаш әліппе жазған кім?
4) Біздің еліміз қалай аталады?
5) Дыбыс дегеніміз не?
6) Сөйлем неден құралады?
7) 5 пен 4-тің қосындысы нешеге тең?
8) Кемпірқосақтың неше түсі болады?
9) Қой сөзінде неше буын бар?
10) Жыл мегілін ата
ІІ топ:
1) Түйенің төлі?
2) Еліміздің бас қаласын ата
3) Тұмсығымен шымшып, құрт тереді
4) Әріп дегеніміз не?
5) Буын неден құралады?
6) Біздің Республикамыздың мемлекеттік тілі – қай тіл?
7) Балық қайда болады?
8) Мысық сөзінде неше буын бар?
9) 7 мен 3-тің айырмасы нешеге тең
10) Қасиетті тағам?
ІІІ топ:
1) Қой төлі
2) Мемлекеттік рәміздерді ата
3) Ұлттық аспапты ата
4) Алфавитте неше әріп бар?
5) Жуан дауыстыларды ата
6) 8 бен 2-нің айырмасын ата
7) Жылдың неше мезгілі бар?
8) Қошақан сөзінде неше буын бар?
9) Ұлттық аспаптарды ата
10) Тас қандай табиғатқа жатады?
ІҮ топ:
1) Жылқы төлі
2) Дауыстылар нешеге бөлінеді?
3) Білім ұясы, ол не?
4) Анаңның анасы саған кім болады?
5) Жұлдыз қай кезде пайда болады?
6) 3 пен 4-тің қосындысы нешеге тең?
7) Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
8) Лақ сөзінде неше буын бар?
9) Бағдаршамның неше көзі бар?
10) Геометриялық пішіндерді ата
3. Дыбыстар арқылы ажырат
І топ - тоқылдақ
ІІ топ - жолбарыс
ІІІ топ – судың ағуы
ІҮ топ - бақа
4. «Ұшқыр ой» ойыны.
Сипаттау арқылы тауып алу және дыбыстық талдау жасау қажет.
- Тікұшақтай ұшады, көзінде көзілдірікпен жүреді (Инелік)
- Оның азығы бүр, жаңғақ, саңырауқұлақ. (Тиін)
- Гүлге ұқсас болып келеді, иіскей алмайсың? (Көбелек)
- Оның көптеген инесі бар? (Кірпі)
Инелік- 6ә,6д,3б,3д-ты,3д-з
5. Кімнің ойы жүйрік? ойыны
(слайд арқылы тапсырмалар орындау)
Көрермендерге арналған тапсырмалар: «Жануардларды тап»
1. Әтеш, мысық, қаз.
2. Инелік, көбелек, қоңыз.
3. Зебра, бұғы, керік.
6. «Ойлан, тап» шығармашылық тапсырма
(Әр топ геометриялық фигура арқылы пішін құрастыру)
- Жарайсыңдар, балалар! Барлық фишкаларды санап, Жеңіске жеткен топты анықтау.





Бастауыш сынып мұғалімі:
Қонақбай Г.М.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.