.
.
Тапқыр достар Тапқыр достар.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1991 | Размер: | Автор: ТәрбиеЖүргізуші: -Құрметті қонақтар, әріптестер, оқушылар! Бүгін біз мектебімізде кезекті «Тапқыр балалар» ойының өткізгелі отырмыз. Оқушыларымыздың тапқырлығы, білімі, зеректігі, шапшаңдығы сыналатын «Тапқыр балалар» ойынына қош келдіңіздер!
- Балаларды екі топқа бөлдік. «Алғыр» тобы, капитаны ................., «Зерек» тобы, капитаны ....................... .
Бас төрешіні таныстырып өтейін ---------------------------------------------------
Төрешінің міндетін атап өту.
Алдымен ойын ретін анықтау үшін төрешінің алдындағы санды таңдап, көрсету.
І. «Таныстыру» кезегі.
Шарты: Екі топ өз командаларының атауын қосып, әр мүшелерімен таныстырып өтеді. 10 ұпайды төреші пікірін білдіре отырып, екі топқа бөліп береді. Мысалы: 1-ші топқа – 6 ұпай, 2-ші топқа – 4 ұпай деген сияқты
Ары қарай әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріп отыру.
ІІ. «Сөз тапқанға» ойын кезегі.
Шарты: Екі топ А,Т, К, Ш, Е, Ү, Б, С әріптерін таңдап алады. Қойылған сұрақтарға қолына түскен әріптен басталатын сөзбен жауап беруі тиіс.
Ал келіңдер, келіңдер!
Біріңе бірің еріңдер.
Өз ойыңды жеткізіп,
Сұраққа жауап беріңдер!
1-топқа сұрақтар:
1/ Жасың нешеде?
2/ Өскенде кім боласың?
3/ Сабаққа қалай келесің?
4/ Мысықтың түсі қандай?
5/ Қай қаладан келдің?
6/ Кешкі асқа не жедің?
7/ Қымызды қалай ішеді?
8/ Есімің кім?
9/ Қапқа не салдың?
10/ Сүйікті артисің?
2-топ сұрақтары:
1/ Сүйікті тағамын?
2/ Сорпаға не салмайды?
3/ Итіңнің аты қалай?
4/ Жаңғақ қайда өседі?
5/ Бетіңді немен жуасың?
6/ Қай қалаға барасың?
7/ Аспаннан не жауды?
8/ Сабақта не істемеу керек?
9/ Киноны қалай көресің?
10/ Саяхатқа немен барасың?
ІІІ. «Ойлан, тап» кезеңі.
Шарты: Сурет көрсетіледі.(Компьютер мониторынан)
1 минут ішінде соған байланысты мақал-мәтел, не жұмбақ, не болмаса өлең жолдарын немесе жаңылтпаш тауып айтулары шарт.
(Қой, ағаш, батыр, бала, күн, жеті, қыз, бесік, көз, ат, нан, қол, қоян, балық)
Әр тапқан жауапқа 1 ұпайдан
ІV. «Сен білесің бе?» ойын кезегі.
5 10 5
15 15
5 10 5
Шарты: Ұяшық артында сұрақтар жасырылған, санды таңдап артындағы сұраққа ақылдаса отырып жауап береді. 30 секунд уақыт беріледі.
1. Сол жақ 1-ші баған 5 – Жеті атаны ата.
2. Сол жақ 1-ші баған 15 – 2012 жылдың 12 қаңтарында кімнің 100 жылдық мерейтойын қазақ халқы тойлады?
3. Сол жақ баған төменгі 5 – Жұмбақ шешу: Ессіз елесің, көзсіз көресің.
4. 2-ші баған үстіңгі 10 – Тосын сый – шарты: ұпай сыйға беріледі, алайды мына шартты орындауы тиіс – Макака, шимпанзе, гарилла маймылының қимылын салып бер.
5. 2-ші баған төменгі 10 – Жалғастыр: Төртеу түгел болса, ........., алтау ала болса, ........... .(төбедегі келеді, ауыздағы кетеді)
6. 3-ші баған үстінгі 5 – Мынау кім? Ақынның суреті көрсетіледі монитордан. (С.Сейфуллин)
7. 3-ші баған ортаңғы 15 – Жалғастыр: Еңбегің қатты болса, (тапқаның тәтті болады)
8. 3-ші баған төменгі 5 – Жұмбақ шешу: Қусаң қашады, қашсаң қуады.
V. «Түсін мені» ойын кезегі.
Шарты: Топтан бір мүше шығып үстелде тұрған сөздерді таңдап, 1 минут ішінде қалған өз топ мүшелеріне ымдап немесе жұмбақтап сөзбен жеткізуі керек. Сағат, балмұздақ, ара, кітапхана, түйе, пияз, ұршық, балапан, мұз, ай, күшік, ұлу, теңге, аяз, қобыз, кірпі, Абай Құнанбав, жүрек, таң қалу, өшіргіш, ою өрнек, бес
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
VІ. «Тапқыр болсаң...» ойын кезегі.
1. логикалық тапсырма – Саған ғана тиісті, бірақ өзгелер пайдаланады. Бұл не?.
2. Бір би екі дана адамды сынамақ болып сарайға шақырады. Оларға Мынадай тапсырма береді: Сендердің алдарында үш қалпақ: екеуі ақ та біреуі қара. Сендерді қараңғы бөлмеге апарып, бастарына бір бір қалпақтан кигізеді. Маған қызық Кім бұрын өзінің басындағы қалпақтың түсін бұрын айтады екен.
Содан соң олардың екеуін қараңғы бөлмеге апарып, бастарына қалпақтан кигізеді де қайта шығарады. Олар бір біріне ұзақ қарап тұрады. Бір кезде біреуі «Менің басымда ... қалпақ!» деп айқайлайды. Бұл дана адам қалай ойланып тапты.
3. Бірдей 9 шаршыдан мынадай фигура
құрастырылған. Сендердің міндеттерін осы фигураны ауданы тең болатындай, үш бірдей бөлікке қиып берулерін керек.
4. Алдарында бірдей 10 темір теңге мынадай етіп орналастырған, 3 теңгені ауыстырып, келесі суреттегідей орналастыр.
Қазының бағасы тыңдалып, түзетулер болса айтып, толықтырып отырады. әр кезек біткен соң.
Ойын аяғында топ мүшелері мадақ қағаздарымен марапатталады.
Сағат балмұздақ ара
кітапхана түйе пияз
ұршық балапан мұз ай
күшік ұлу теңге аяз
қобыз кірпі жүрек
Абай Құнанбав таң қалу
өшіргіш ою өрнек бес
Тапсырмалар № «Алғыр»
тобы «Зерек»
тобы
1
2
3
4
5
6
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.