.
.
Сабақтың мақсаты:1.Ақшаның анықтамасын айту,ақшаның сипаттамаларымен танысу,ұлттық валюта туралы түсінігін кеңейту. Теңгенің шығу тарихы.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 7991 | Размер: | Автор: Тәрбие2.Араласу және топтағы жұмыс дағдысын қалыптастыру,оқушыларды ауызбірлікке, дәлдікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
3.Оқушылардың ой-өрісін,білімге деген қызығушылығын дамыту.Әңгімелеу,модельдеуші ойындар және түрлі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар валюта және экономикадағы ақша қызметі туралы өз түсінігін кеңейту.
Көрнекілік :ақшаның суреттері.
Сабақтың барысы:Теңгенің шығу тарихы Әр елдің ұлттық ақша бірлігі,яғни валютасы болады.Мәселен,валюта АҚШ-та доллар,Ресейде рубль,Жапонияда йена,Өзбекстанда сум деп аталады.Ақша дегеніміз-қандайда бір затты сатып алу үшін қолданылатын ,заттың құнын білдіретін,металдан,қағаздан жасалған белгілер немесе бірлік.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің де қз шығу тарихы бар.Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды, себебібұл-өте көп еңбекті қажет ететін күрделі жұмыс. Қазақстан өз төл теңгесін шығару үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды.Олар барлық дүние жүзіндегі мемлекеттердің ақшаларымен және еліміздің аумағында табылған теңгелер таричымен танысты.Алайда Қазақстан ұлттық ақша жасайтын арнайы мамандар мен шеберчаналардың жоқтығынан бұл саланың қызметкерлерін шетелден іздеуге тура келді.Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның «Чаррисон»атты фирмасы қолға алды.Теңге беттеріне қазақтың біртуар перзенттерінің суреттері салынып,сапалы қағаздан жасалды.Әрбір мемлекет валютасының қолдан жасаудан қорғайтын көзге көріне бермейтін сапа белгілеріне болады.Ұлттық теңгемізде мұндай сапа белгі саны-18. 1993жылы 15-қараша Қазақстан тарихындағы ерекше күн деп айта аламыз,себебі ұлттығымызды айғақтайтын тағы бір белгі-теңгеміз айналымға енгізілді.Ұлттық теңгеміз металл және қағаз ақша түрінде шығарылды.Әр мемлекеттің ақшасы-оның ұлттық тарихын,ерекшеліктерін анықтайтын нышан.Төл теңгемізге ұлт қайраткерлерінің,батырлардың,хандардың т.б.суреттері салынды.
Теңгелер әні. 1.Гүл жайнаған елімде,
20 жыл төрімде
Теңгелерім ардақты
Ие болдың сенімге.
Ақшаның қасиеттері
1.Тұрақтылығы.Бүгін ертең оның құны мүмкіндігінше бір деңгейде сақталуы керек.
2.Ықшамдылығы.
3.Ұзақ мерзімділігі.
4.Біртектестігі.
5.Бөлінімділігі.
6.Ажыратылымдылығы.
1.АҚШ ДОЛЛАР USD/KZT 147.39
1 ЕУРО EUR/KZT 195.80
1ҚЫТАЙ ЮАНІ CNY/KZT 22.15
1РЕСЕЙ РУБЛІ RUB/KZT 4.77
Виктариналық сұрақтар
-Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы қалай аталады?
- Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы қашан еңгізілді?
-Басқа мемлекеттердің ақшалары қалай аталады? Қортындылау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.