.
.
№1 Алға мектеп – бақша Тіл- болмыс айнасы.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1988 | Размер: | Автор: ТәрбиеТақырыбы:
8 «Б» сыныбы
Сынып жетекші: Кушекбаева М.С.
2010-2011 оқу жылы
Мақсаты:
1.оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орндауғы баулу;
2. ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;
3. еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, әдеби кітаптар
Барысы:
Мұғалім: Саламатсыңдар ма, оқушылар! «Сөз атасы- сәлем» деген емеспе, алдымен амандасып алғанымыз жөн болар.
Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келіп, бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Менің тілім біреу-ақ,
Тауып қойған тілеуі ақ.
Қазақ деген өз атым
Дариядай пейілім,
Тіл: дін, жыры да.
Сабағымыз сайыс түрінде болмақ.
I.Топтық сайыс
(Сайысқа 2 топ қатысады)
1.Таныстыру (топтың атымен, ұранымен, топ мүшелерімен).
«Тағылым» тобы
Топ басшысы: (Асылай)
Тобымыздың аты- «Тағылым»,
Келгеніміз жоқ жай бірақ.
Ана тілін қорғауға
Шықтық біз де топ құрап.
Сәлем бердік, халайық,
Әсем әнге салайық.
Армысыздар қарсылас,
Таныстыруды бастайық.
Іс келгенде алдына
Жан салмайтын қызымын.
Ер мінезді, ер жүрек,
Сымбатты да көрікті
Топ басшысы Асылаймын.
Кілең сайдың тасындай
Сегіз ұланнан тұрамыз.
Сөз сөйлейміз жасындай,
Осындай топ боламыз.
Топ бсшысы: ( Алтынай )
Сәлем бердік қауымға,
Үлкен-кіші ауылға.
«Асыл-мұра» тобымызды,
Таныстырайын баршаға.
Қызғалдақтай жайнаған асыр салып,
Ешбір сайыстан қалмайды қалыс қалып.
Ақылды қызымын Алтынай деген,
Мөлдіреген көздері оттай жанып.
Алтын тәждей оралған
Жеңсем ,білсем бар ма арман
Қоңыраудай сылдырлап
Сөйлеу үшін жаралған
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Сегіз нұрлы оқушы
Асыл мүра тобында
Орналасты, тырысты.
II. «Атаның сөзі- ақылдың көзі»
(мақал-мәтелдер сайысы)
Мұғалім: қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай да бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы- әр елдің мақтанышы. Ал қазір «мақал- сөздің маржанs» деп мақал-мәтел сайысына кезек береміз.
1.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
2. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ.
3. Ақыл көркі- тіл, тілдің көркі сөз.
4. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
5. Таяқ еттен өтер, сөз сүйектен өтер.
6.Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
7. Тіл қадірін білмеген- ел қадірін білмейді.
8. Тіл қылыш, тиімсіз жерде тый, тиімді жерде қи.
9. Икемді тіл,инеден өткір.
10.Текті сөз текке айтылмас, кекті сөз көпке айтылмас.
Мұғалім: Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балалардың бауырына
Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім
III. «Тілім барда білмеймін мен қайғыны»
(өлеңді мәнерлеп оқу, әр топтан бір оқушы)
1.«Ана тілі» Ө. Айтбаев. 8с-137 бет. Жанар.
2. «Менің ана тілімде» Ә.Нарымбетов. 8с-135бет. Айдана.
Мұғалім: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.
IV. «Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің»
(сұрақ-жауап)
1.Тіл туралы заң қай жылы күшке енді? (1997ж.11шілде)
2. Мемлекеттік тіл қай тіл? (қазақ тіл)
3. «Өнер алды-қызыл тіл» деген мақал ма, әлде мәтел ме? (мәтел)
4. Тіл тазалығы дегеніміз не? (ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау)
5.Дүниеде не ащы? (тіл ащы)
6. Дүниеде не тәтті? (тіл тәтті)
7. Халықтың тіліне қиянат жасау- оның жүрегін жаралау ақыл сөздің авторы кім? (Г.Лаубе)
8. Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім?
9. Өзің білетін тіл туралы бір нақыл сөз айт?
10. Халықаралық қатынас тілі?
V. Жұмбақтар шешу
Мұғалім: Жұмбақтар ой жүйріктігіне жетелеп, тапқырлыққа баулыйды,сөз өнерін үйретеді. Бұл ретте 2 топқа 5-5тен жұмбақ жасырылады.
1.О жағы мәрмәр,
Бұл жағы мәрмәр.
Ортасында
Сандуғаш сарнар. (Тістер мен тіл).
2.Жағалай-жағалай тас қойдым, жирен атты бос қойдым. (Тіс және тіл)
3.Отыз екісі диірмен тартып,
Бір қапқа салады. ( Тіс пен тіл)
4.Екі әскер соғысып жатыр,
Ортасында бір елші. (Тіс, тіл)
5. Әрі сүйексіз, әрі тиексіз. (Тіл)
6. Ақ тоғайдың ішінде
Кісінейді күрең тай. (Тіл)
Қорытынды: О, туған тіл! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде, сондықтан ана тілін ар-иманымыздай ардақтап, аялай білейік.
Ән: Тимур
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.