Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Тіл әлеміне саяхат.  «Р» дыбысы мен әрпін  қайталау». -

«Тіл әлеміне саяхат. «Р» дыбысы мен әрпін қайталау».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1565 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Бөкей Ордасы ауданың
психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті



Тақырыбы: «Тіл әлеміне саяхат.
«Р» дыбысы мен әрпін
қайталау»

Өткізген: логопед А.С.Бисембаева.


Оқушы: Жақсылықов Арманбек
Диагнозы: ОЖЖ органикалық зақымдылығы. БЦП. Сол жақ гемипарезі. ЖДА. ЖТК
3 деңг. Дислалия.
Сабақтың тақырыбы: «Тіл әлеміне саяхат. «Р» дыбысы мен әрпін қайталау».
Сабақтың мақсаты: Оқушыға адамның ойлағанын қоршаған ортаға жеткізетін және
өзара қарым – қатынасқа түсетін ең маңызды құралы «тіл»
екендігін үйрету. Есту, көру арқылы қабылдауын дамыту.
Сонымен қатар әдемі де анық сөйлеуін дамыту.
Түзеу мақсаты: «Р» дыбысының дұрыс айтылуы, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Сандықша, сылдырмақ, дыбыстар жазылған үнтаспа,
суреттер, «Р» дыбысының профилі, сандары бар карточкалар,
таудың суреті бар плакат, буын карточкалары, жеке сөздер
жазылған карточкалар, шарлар, тіл патшалығының ережесі
жазылған плакат.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсіңбе, Арманбек!
- Бізде бүгін ерекше сабақ, біздер бүгін «Тіл әлеміне» саяхатқа аттанамыз.Тіл бізді өзінің патшалығына көп затты үйрену үшін, әрі бізбен ойнау үшін шақырады. Сондықтан мұқият, зейін қойып тыңдап отырыңыздар. Бізге бұл патшалықта сиқырлы сылдырмақ көмектесетін болады. Бұл жай сылдырмақ емес, ол көңілді, әрі ақылды. Ол Тіл патшалығының барлық ережелерін біледі, оны барлық келген қонаққа жариялап жүреді.
2. Ойын «Дыбысты тап»
- Міне, күтпеген сыйлық! Мынау бізде сиқырлы сандық. Қане, сен ашып қарашы, ішінде не бар екен. Бұл үнтаспа екен. Бұл үнтаспа жай емес, сиқырлы үнтаспа, өйткені онда көптеген дыбыстар тығылып жатыр. Оларды тауып, атауымыз қажет. (Оқушы үнтаспадағы табиғат дыбыстарын тыңдап, табулары қажет. Мыс: Аюдың ақырғаны, құстың шиқылдағаны, иттің үргені, судың аққаны, т.б.)
- Арманбек, сен тапсырманы жақсы орындадың, тапсырма арқылы біз өзімізді қоршаған ортаны одан да жақсы білетін боламыз. Енді қазір сиқырлы сылдырмақ бізге тіл әлемінің бірінші ережесін айтады. Ол мынау: «Кім дыбыстар әлемін білсе, сол қоршаған ортаны түсінеді».
- Енді біздің тілімізге барлығын дұрыс қайталау үшін тапсырма беретін уақыт болды.
3. Ойын «Суретті жандандыр»
- Арманбек мен саған суретті көрсетемін, ал сен сол суретте не жасырынғанын табуың керек. (Оқушыға суреттер көрсетіледі. Мыс: Шөптің артында тұрған сиыр, т.б оқушы табады, сосын табылған жәндіктің, не жануардың дыбысын айтып, артикуляциялық гимнастика орындайды. Мыс: қарға-«қаррр-қаррр», жылан-«сссссссс», шегіртке- «ш ш ш ш ш ш », т.б.
- Өте жақсы Арманбек! Енді сиқырлы сылдырмақ бізге Тіл әлемінің 2-ші ережесін айтады: «Дыбыстарды дұрыс айту үшін, тілімізді жаттықтыруымыз қажет».
-Арманбек, біз жаңа ғана дыбыстар айттық, сол дыбыстардың қайсысы саған таныс, яғни қайсысын біз өткен сабақта айтып едік.(«Р» дыбысы).
- Дұрыс – ақ, «Р» дыбысы екен.
- Олай болса, қазір «Р» дыбысының профилін қайталайық. (профильмен жұмыс).
- Өте жақсы, «Р» дыбысының айтылуын ұмытпаған екенсің. Олай болса, қазір сиқырлы сылдырмақтың берген тапсырмаларын орындайық.
1) Қанша сан көрсең, сонша «Р» дыбысын қайтала.
2) «Тауға шығайық» тапсырмасы.
3) «Мен бастаймын, сен аяқта» тапсырмасы.
4) Буындардан сөз құра.
5) Берілген суреттердің ішінен құрамында «Р» дыбысы бар сөздерді тап, «Р» дыбысының орнын анықта.
6) Қиынды сөздерден сөйлем құра.
4. Қорытынды.
- Өте жақсы, Арманбек! Сен сылдырмақ берген барлық тапсырмаларды өте жақсы орындадың. Олай болса саған бүгінгі сабағымыз, яғни саяхатымыз ұнады ма?
- Жақсы, сен бүгінгі сабаққа белсене қатысып, тапсырмаларды жақсы орындағаның үшін Тіл патшалығы саған сыйлыққа мынадай әдемі шар тарту етеді.
- Саған көп рахмет, сабақ аяқталды, сау бол!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.