Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тілге құрмет-Тәуелсіздікке құрмет. -

Тілге құрмет-Тәуелсіздікке құрмет.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1735 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Бекітемін:
Күні,айы,жылы:
Класс:2 «А»,мұғалімі:Жуминова Ж.Ж.
Тақырыбы:Тілге құрмет-Тәуелсіздікке құрмет.
Мақсаты:
1.Оқушыларға тәуелсіз Егемен елдің белгілерінің бірі-тіл екенін,яғни тілге құрметпен қарау тәуелсіздігімізді айқындай түсетінін ұғындыру, «тіл ұлттың-негізі,ұлт тіуелсіздіктің -негізі»дегенді ұғындыру.
2.Тілдің қасиетін сезінуге,ұлттық тілдің өркендеуіне, ана тілін сүюге, тілдің мәртебесән көтеруге танымдық қабілетін дамыту.
3.Отанына,еліне жеріне ұлтына, мектебіне деген патриоттық сезіміне тәрбиелеу.Ата-бабамыздың әдет-ғұрпын қастерлеуге тәрбиелеу.
Түрі:сынып сағаты.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау,зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық. «Кім дейміз?»
Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
-Әдепті екенбұл дейміз.
Кітап ,дәптер,қаламы
Кір шалмағанбаланы,
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз?
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
-Үлгілі екен бұл дейміз.
Бүгінгі сынып сағатымыз байланысты тіл мерекесінеарналады. ҚР –ның ата заңы –Конституциясында «Қазақ тілі-мемлекеттік тіл» деп жазылған. 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні.1998 жылдан бастап аталады. Тіл халықпен өмір сүріп дамиды,әр ұлттың тілі-оның бақыты,тірегі.
Ой толғау.
Мемлекттік рәміздерді ата.
Тіл туралы мақал –мәтелдер білесің бе?
ҚР мемлекеттік тілі қандай тіл?
Диқан Әбіловтің «Туған тілім»өлеңін мінерлеп оқып беру.
Туған тілім-анам тілі –өз тілім.
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі –өз тілім.
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Сызбаны толтыруға көмектес.
Адам тілі Бабам тілі

Қазақ тілі Анам тілі

Өз тілім Данам тілі
Ана тілім-елдігім,
Ана тілі-ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім
Ана тілі-асыл күні бабамның
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен баламын.
Тілімбарда қазағым бар,халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау,ашық мінезім бар аңқылдар.
Хор:Қуан халқым!
Тіл заңының күшіне енген күн бүгін
Қуанатын күн бүгін!
Алуан,алуан ғасырлардың,
Шежіресі болған тіл.
Небір ұлы асылдардың,
Шын көңілі толған тіл.
Сабақты қорытындылау.
Мақалды жалғастыр:
1.Жақсы байқап сөйлер, 4.Біреудің сөзі әдемі,
(Жаман шайқап сөйлер). (Біреудің көзі әдемі).
2.Жүзден біреу шешен 5.Қызыл тілдің қадірін,
(Мыңнан біреу көсем). (Тоқтағанда білерсің).
3.Үлгілі сөз білмеген 6.Таяқ еттен өтеді,
(Надандықтың белгісі). (Тіл сүйектен өтеді).
Сабақ аяқталды.

№6 Хромтау гимназиясы

Тілге құрмет-Тәуелсіздікке құрмет

Класс жетекшісі:Жуминова Ж.Ж.

2012-2013 оқу жылы

Бекітемін:
Күні, айы, жылы:
Класс: 2 «А», мұғалімі:Жуминова Ж.Ж.
Тақырыбы: Әкем мен шешемнен,үлгі алып өсем мен.
Мақсаты:
1.Оқушыларға тәрбие сағатының мақсатын таныстыра отырып,отбасындағы сыйластық туралы ұғымды түсіндіру.
2.баланы жан-жақты,өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата-анасын, жора-жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ата-ана мен баланың арасындағы сыйластықты күшейту;
3.Отанына,еліне жеріне ұлтына, ата-ананы құрметтей білуге баулу.,ата-бабамыздың әдет-ғұрпын қастерлеуге тәрбиелеу.
Түрі:тәрбие сағаты.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау,зейіндерін сабаққа аудару.
Ата-асқар тау,
Ана-бауырындағы бұлақ.
Бала-жағасындағы құрақ.
1-стратегия:
Сыныпты топқа бөлу.
1-топ: «Ұландар»
2-топ: «Ардақтылар»
1.Ұландар тобына:
Балам менің бал бөбегім,
Өмірімнің жалғасы.
Ол үшін мен ой толғанам,
Шегініп сен қалмашы.
2.Ардақтылар тобына:
Ей, ардақты ата-аналар
Келші бүгін жарысайық.
Біздерменен бақ сынасып,
Әперші ұпай өз балаңа.
3.Әділқазылар алқасы:
Әділқазы болды менің,
Достарым мен ата-анасы,
Сендік саған жан –жолдасым,
Әділдікпен бағалашы.
2-стратегия:
Тірек сызбамен жұмыс.
Аяулы менің анашым... (осы сызбаны толтырады).
3-стратегия:
Топтастыру.дана халқымызда «Қызды қырық үйден тыю». «Ұл-он үш жасында отау иесі»бала тәрбиесі туралы ата-аналармен ой бөлісу.
Тәрбие... (сызбаны ата-аналар толтырады)
4-стратегия:
1.Мақал-мәтел орталығы.
2.Жұмбақ орталығы.
3.Ой толғау орталығы.
4.Өнер орталығы.
Сабақты қорытындылау.
Бала тәрбиесіне өте жақсы көңіл бөліп ұстаз жұмысын бағалай білетін ата-анаға алғыс хат жарияланады.
Алғыс хаттар номинациясы:
1. «Рахмет сізге, мың алғыс»
2. «Ризамыз біз сізге»
3. «Қызметіңізге рахмет»
4. «Ой бөліскеніңіз үшін рахмет»
Қалған ата-аналарға уақыттырын бөліп келгені үшін ,сабаққа қатысқаны үшін ауызша алғыс айтылады.

№6 Хромтау гимназиясы

Әкем мен шешемнен,үлгі алып өсем мен.

Класс жетекшісі:Жуминова Ж.Ж.

2012-2013 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.