Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Туған жер-алтын бесігім! -

Туған жер-алтын бесігім!

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1747 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Туған жер-алтын бесігім!

Мақсаты:1)Балғын жастарға туған өлке тарихын зерделеуге,таным түсінігін кеңейтуге көмектесу.
Асты-мұнайға,үсті-адами рухани құндылыққа толы қасиетті,киелі өлке туралы білген-
дерін ортаға салғызу.
Туған жердің тарихына үңіле білуге,болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген
түсінік қалыптастыру.
Елін,жерін,тілін,әдеп-ғұрпын құрметтейтін,өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру
2)Тілін дамыту,ойын жеткізе білуге үйрету.
3)Оқушыларды саяси саналылыққа ,өз елін,жерін қорғауға,құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.
Түрі:танымдық сайыс.
Әдісі:Сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:Туған жер,ел туралы нақыл сөздер,буклеттер,тапсырмалар,шарлар,жалаушалар.
Жүру барысы: Кіріспе сөз.
Қадірменді қонақтар! «Туған жер-алтын бесігім!»атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Иә,осынау кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары,даласы мен алтын дәнді даласы,
ақ күмістей қаласы,кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ,келешек азаматтары,
сендерге өсиет болып қалады.Ал сол болашақ егелері,сендер қандай болуларың керек?
Бүгінгі танымдық сайысымызда сіздердің туған ел,туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.Өз білгенімізді еркін ортаға салайық.
1.ҚР Әнұранын орындау.
2.Танымдық ойынды бастаймыз.
1топ:Каспий
Ұраны:Толқынындай Каспийдің тербелеміз,
Биіктерге білімменен кенелеміз.
2топ: Аманат
Ұраны:Аманат деп аталатын тобынан біз,
Аманатын бабалардың орындаймыз.
1кезең. «Өткел»
Өткелден өту үшін топ басшыларына 5 сұрақ беріледі.Әр дұрыс сұрақ 5 ұпаймен есептеледі.
«Каспий» тобының басшысына:
1 сұрақ.Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?
Жауабы: ( 1991ж.16 желтоқсан )
2 сұрақ.Туған жер туралы мақал айт.
Жауабы: (Ел іші-алтын бесік )
3 сұрақ.Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы,қай күні қабылданды?
Жауабы: (1995 жылы 30 тамыз)
4 сұрақ.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Жауабы: (қазақ тілі)
5 сұрақ. «Туған өлкем» өлеңінің авторы кім?
Жауабы:Өтебай Тұрманжанов.
«Аманат» тобының басшысына:
1 сұрақ.Қазақстан Республикасының президенті кім?
Жауабы: (Н.Ә.Назарбаев)
2 сұрақ.Қазақстан Республикасы қай жылы Республика болып жарияланды?
Жауабы: (1990 ж.25 қазан)
3 сұрақ. Қытай,Ресей,Қырғыз,Өзбек,Түркіменстан,Әзербайжан республикасымен шектесетін тәуелсіз мемлекет.
Жауабы: (Қазақстан Республикасы)
4 сұрақ. Қазақстан Республикасының бас қаласы.
Жауабы: (Астана)
5 сұрақ.Туған жер туралы мақал айт.
Жауабы: Туған жердей-жер болмас,
Туған елдей-ел болмас.
2 кезең «Белес»
Бұл кезеңде әр топқа қатарынан 2 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептеледі. Қосымша көмек алса, 1 ұпайы кемиді,яғни 4 ұпай болып есептеледі.
Ұпайы көп топ бастайды.
« Каспий» тобына:
1 сұрақ.
-Шіркін, жауынды жерге не жетсін!Жер бетінің үнемі ылғал тартып тұрғаны қандай рақат!-деп, мәз-мейрам болып жатты.
Сұрақ:Бұл қай мәтіннен алынған үзінді,кейіпкерлерін ата.
Қосымша көмек:Дүниеде менің илеуімнен жақсы мекен,жайлы қоныс бар ма екен?
Жауабы:Кімнің мекені жақсы?
Тышқан,құрбақа,құмырсқа.
2 сұрақ.
Халқымыздың қасиетті тілі туралы айтылған шығарманы ата.
Қосымша көмек:Бұл шығарманың авторы М.Мақатаев.
Жауабы:Отан туралы.
«Аманат» тобына:
1 сұрақ. Адам сыйға алған дәнін әрі құрғақ,әрі жылы жерде бір күз, бір қыс сақтайды.Көктем шыққан шақта,ақылының арқасында,үйшігінің жанындағы қара топырақты жерді қопсытып,соған әлгі дәнді түгел себеді.
Сұрақ:Бұл қай шығармадан алынған үзінді,авторы кім?
Қосымша көмек:Адам тіршілігінің арқауы деп нанды қандай қадірлесе, бидай да өзіне қамқор болған адамды сондай кенелтіп келеді.
Жауабы:Ақ бидай. Өтебай Қанахин.
2 сұрақ. Кешкі ауыл көрінісі қай мәтінде суреттелген.
Қосымша көмек:Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр.
Жауабы:Ыстық қой, шіркін, туған жер! 3кезең«Бекет»
Бұл кезеңде берілген сұраққа әр топтың жанашырлары жауап береді.Дұрыс жауап 6 ұпаймен есептеледі.
«Каспий»тобының жанашырларына:
Сұрақ. Маңғыстау өңірінде неше әулие мекендеген деп айтады?
Жауабы:362 әулие мекендеген.
«Аманат» тобының жанашырларына:

Сұрақ.Бейнеу ауданының әкімі кім?
Жауабы:Басшы Әзірханов.
Ән:Туған жер орындайтын Адаева Айзада.
4кезең. «Асу»
Екі сөзге 5 ұпай беріледі.
«Қазақстан» деген сөзден заттың атын білдіретін сөз жасау.
Жауабы:Қаз,ана,ат,тас,нан,сақа,ата,тана,Асан,қас.
5кезең. «Бәйге»
9 терезеге сұрақтар жасырылған,әр топ өз кезегімен қалаған терезелерін таңдайды.Егер дұрыс жауап берсе сол терезедегі ұпайды алады.
1 сұрақ.Маңғыстау облысы қашан құрылды? (1973 жыл 20 наурыз )
2 сұрақ.Маңғыстау облысының орталығын ата. (Ақтау)
3 сұрақ.Маңғыстау –Қазақстанның қай бөлігінен орын алған (Оңтүстік қиыр батысында)
4 сұрақ.Батыс Қазақстан облыстарын ата.(Атырау,Маңғыстау,Ақтөбе,Батыс Қазақстан)
5 сұрақ.Маңғыстау облысының әкімі кім?(Қырымбек Көшербаев )
6 сұрақ.Маңғыстау облысының ең биік нүктесі қалай аталады? (Бесшоқы тауы)
7 сұрақ.Маңғыстау өңірі неге бай?
8 сұрақ.Маңғыстау Каспий арқылы қай елдермен іргелес?(Түрікменстан,Иран,Ресей,Әзербайжан)
9 сұрақ.Маңғыстау облысына биыл неше жыл? (35 жыл)
6кезең. «Жерұйық»
Жерұйыққа ұпайы көп топ барады.
Бұл кезеңде ойнауға келіскен топ сұраққа жауап береді.
Сұрақ.
Жарысып ойнап желменен,
Биікке талмай өрлеген,
Бағыттан тайып көрмеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.
Көңілін қиял кернеген,
Өмірін шаттық тербеген,
Ертеңге қанат сермеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.
Сұрақ.Бұл қай өлеңнен алынған?
Өлеңдегі ойды кімнің атынан беріп отыр?
Жауабы:Ұланымыз ұлы елдің.
Балалардың атынан.
Соңы:Хор Атамекен әні.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.