.
.
Мәртөк ауданы «XXI ғасыр көшбасшысы».
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3227 | Размер: | Автор: ТәрбиеҚұмсай бастауыш мектебі
Дайындаған: Аймухамбетова Л.С.
2012-2013оқу жылы
Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау, танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру.
Дамытушылық: Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, ана тілі, музыка, дене шынықтыру
Тәрбие сағатының жүрісі: «БӘЙГЕ», «КӨКПАР», «ЖОРҒА», «ДОДА»
Жүргізуші: – Сәлеметсіздер ме ұстаздар, ата аналар, оқушылар!
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» –деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 3, 4 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Ендеше оқушыларымызбен танысып өтейік.
1. Балсейтов Мирас 3-сынып оқушысы
2. Жайшылық Исатай 3-сынып оқушысы
3. Зейнуллаев Жантілек 3-сынып оқушысы
4. Сағынтаева Арайлым 3-сынып оқушысы
5. Арықова Зинегүл 4- сынып оқушысы
6. Жайшылық Гүлден 4- сынып оқушысы
7. Зайнуллов Диас 4- сынып оқушысы
8. Зейнуллаева Жанерке 4- сынып оқушысы
9. НартаевТалғат 4- сынып оқушысы
Сайысымызды бастамас бұрын алдымен ұпайларды компьютерге түсіріп отыратын әділқазы алқасы Қамзин Сабыржан Жақсылықұлы болатынын ескертіп өтейін.
Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз 4 турдан тұрады: БӘЙГЕ, КӨКПАР, ЖОРҒА , ДОДА,
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
I – тур «БӘЙГЕ»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық.
Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 13сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты тексеріп тұрасыңдар. Яғни тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді..
1. 1924-жылға дейін Қазақстанның астанасы болған қала? \Қызылорда\
2. Дала жұлдызы атанған адам \Ыбырай Алтынсарин\
3. Әлемдегі ең үлкен мұхит \Тынық мұхиты\
4. Қазақстанның тұрғындары көп қала \Алматы\
5. 1916-жылы ұлт азаттық көтерілісін бастаған батыр \Амангелді батыр\
6. Мұқағали Мақатаевтың “Үш бақытым” өлеңіндегі бірінші бақытын ата “......, Тілім, Отаным” \халқым\
7. Ауданы 100 м² шаршы қабырғасының ұзындығы \10 м\
8. Қазақстан солтүстігінде қай елмен шектеседі? \Ресей\
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы \Ш.Ниязбеков\
10. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? \1992 жылы\
11. Құрлықтағы ең биік сүтқоректі Африкалық жирафтың биіктігі қанша метр? \6м\
12. Бұл витамин баланың қалыпты өсіп дамуына, әсіресе көзге, теріге жағымды әсер етеді, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару жүйелерінің кілегейлі қабығына ықпалын тигізеді \А витамин\
13. Қалалықтардың сөзіне неше жалғау жалғанған? \2\
ІІ тур «КӨКПАР»
Шарты:
Бұл турда алдынғы жинаған ұпайларын сақталады. Турдың ерекшелігі әр сынып өз сыныбының бағдарламасы бойынша пәндерден сұрақтар келеді. Таңдаған киіз үйдің артында төрт сұрақ болады. Әр дұрыс сұраққа 1 ұпайдан беріледі.
Алайда ұпайы аз төрт оқушы сайыстан шығып қалады
4- класс
10
Бұл кім?
(І.Жансүгіров) Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап
беріп, бірдей тұлғада тұратын
сөйлем мүшелерін не дейміз? Қорап тәрізді жәшіктің көлемін
қалай табамыз?
Көкжиектің неше тұсы бар?
20
Бұл кім?
(Б.Майлин) Мектебім сөзіне қандай
жалғау жалғанған?
1 жылда неше күн?
Тянь Шянь атауы
қытай тілінде не деген
мағынаны береді?
30
Бұл кім?
(А.Пушкин) Табыс септігінің
сұрақтарын ата Көбейтудің қасиеттерін ата Ауа қабаты жерді неден сақтайды?
40
Бұл кім?
(С.Сейфуллин) Жүрек жалғау тіркесі нені
білдіреді?
Ұшақ 800 км/сағ жылдамдықпен
ұшса, 4 сағатта қанша км ұшады? Қазақстан дүние жүзі елдері
ішінде жер көлемі жөнінен
нешінші орын алады?
50
Бұл кім?
(Ш.Құдайбердиев) Қандай? Қай? сұрағына жауап
беретін сөз табы Көпбұрыш қабырғаларының
қосындысы? Мынау қандай
пайдалы қазбаның
шартты белгісі?
3 класс
10
Бұл кім?
(М.Жұмабаев) Дауыссыз дыбыс түрлерін ата Тік төртбұрыштың
ауданын қалай табады? Жер қыртысын толтырып
жатқан денелер
20
Бұл кім?
(Ш.Қалдаяқов) Тұрлаулы мүшелерді ата
Қай санға бөлуге
болмайды? 12 жұп қаңқа атауы
30
Бұл кім?
(Д.Нұрпейісова) Түбір сөзге жұрнақ қосылу
арқылы жасалған сөзді
қалай атайды? Санды өзіне-өзін бөлсе,
неше шығады?
Мынау қандай
пайдалы қазбаның
шартты белгісі
40
Бұл кім?
(Қ.Сәтпаев) Заттың қимылын білдіретін
сөз табы 1 тоннада неше центнер?
Балқашқа құятын өзен
Ұпайы аз 4 оқушы сайстан шығады. Қалған 5 оқушы сайысты одан әрі жалғастырады.
III – тур «ЖОРҒА»
«Білгенін бір тоғыз, білмегенін тоқсан тоғыз» Осы турда сайыскерлеріміздің білімінін, таным қабілетінің жан жақтылығын сынайтын кез жетті.
Шарты:
1. Экраннан бес ұяшық. көрсетіледі.
2. Әр ұяшықта бес сұрақтан болады. Ол сұрақтар әр түрлі тақырыптан алынған.
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы (он) 10 ұпайды иеленеді.
4. Алдынғы турда жинаған ұпайларын жойылады. Бұл турда ұпайды жаңадан жинайсыңдар.
Жүргізуші: Міне біздің үшінші турымызда өз мәресіне жетті. Өкінішке орай бұл турда ұпайлары аз екі оқушы ойынын тоқтатады. Көңілдеріне қаяу түспесін Сіздерге болашақта сәттілік тілеймін!
1 ұяшық
“Ақсақ киік” өлеңінінің авторы
Илья Ильин ауыр атлетикадан неше
дүркін әлем чемпионы? «Ана туралы жыр» әнінің авторы?
Қай айда 28 күн бар?
Әннің
авторын
табыңыз
2 ұяшық
“Абай жолы” романын жазған кім?
Олимпиада чемпиондарын
марапаттайтын
медаль металдарын атаңыз? Күй атасы кім?
Суды елекпен қалай
тасуға болады?
Жылқы атасы
3 ұяшық
“Күз”,”Қыс”,”
Жаз”,”Жазғытұры”
өлеңін жазған ақын
Бокстан Лондондағы ХХХ жазғы
Олимпиада ойындарының
чемпионы
Париж халқын өз өнерімен
тамсандырған қазақ кім?
Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ,
Алматыда екеу Астанада көп? Ол не? Жер күн жүйесінде нешінші планета?
4 ұяшық
“Адамдық борышың” шығармасының
авторы
Ми жұмысына арналған қазақтың
ұлттық спорт түрін атаңыз
Қорқыт атаның аспабы
Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты,
одан кейін үш аяқты ол не? Монументтің
атауы
5 ұяшық
“Адам болам десеңіз” өлеңнің авторы
Шахмат ойынында қанша
түрлі фигура болады? «Адай» күйінің авторы кім?
Жердің ортасында не бар?
“Бәйтеректің”
биіктігі
қанша метр?
IV. тур «ДОДА»
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.
Шарты: Бұл шешуші тур, яғни көшбасшыны анықтайтын тур. Алдарында төрт тақырып: «Салт-дәстүр», «Еркін тақырып», «Ең, ең....», «Логика» . Әр тақырып бес сұрақтан тұрады. Таңдаған ұяшық саны ұпай санын білдіреді. Сан үлкейген сайын сұрақ күрделене түседі. Сайыскерлерге сәттілік тілеймін.
Сұрақтар слайдта берілген
Жүргізуші: Сайыскерлеріміздің ұпай сандары дайын болса, сөз кезеңін әділ-қазы алқасына береміз.
«XXI ғасыр көшбасшысы» атанған ....................................................осы дипломмен марапатталады. Ақшалай сыйлық ұсыну
Жүргізуші: Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуға деген құштарлығын оятатын зияткерлік сайысымыз көбейе берсін. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.