.
.
Садыкова Ж.Ж. Құқықтық мәдениет қалыптастыруда отбасының рөлі.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3042 | Размер: | Автор: ТәрбиеМектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Бержанова Т.М.
Әлеуметтік педагог.
Батыс Қазақстан облысы.
Сырым ауданы.
ЖББ Абай орта мектеп – балабақшасы.
Тақырыбы: Құқықтық мәдениет қалыптастыруда отбасының рөлі.
Түрі: Дөңгелек үстел
Әдісі: Ой қозғау, сұрақ – жауап, пікірталас.
Мақсаты: Мектеппен ата – ана арасындағы байланысты нығайту, ата –
аналармен дөңгелек үстелде әңгіме жүргізе отырып олардың бала
құқығы туралы білімдерімен бөлісу.
Жоспары:
І. Кіріспе. Тренинг.
ІІ. Негізгі бөлім.
Топқа тапсырмалар:
а) Бала құқығы туралы не білесіз?
ә) Сөз шебері.
б) Сен білесің бе?
в) Жалғасын тап.
г) Тосын жағдай.
д) Тілек жазу.
ІІІ. Қорытыныды бөлім
Ата ананың бала алдындағы міндеті
Өту барысы.
Ата – аналар балаларының оқитын сыныбына қарай үш топқа бөлінеді.
I топ. Бастауыш сыныптар МАДС – 4 кл
II топ. Орта буын 5 – 8 кл
III топ. Жоғарғы сыныптар 9 – 11 кл
Осы үш топқа топтық тренингтер ұйымдастырылды.
I топ допты кезектесіп лақтыру арқылы өздерін таныстырды.
II топ «Мен …..» өздерін таныстырды.
III топ екеуден жұптасып бірін бірі таныстырады.
2) Тренингтен соң үш топ өз орындарына отырып, топтық тапсырмалар орындауды бастайды.
Бірінші тапсырма:
«Баланың қандай құқықтары бар?»
. Күтілетін жауаптар:
- еңбек етуге;
– өз пікірін білдіруге;
– баланың өз атын, әкесінің атын алуға;
– ата – анасымен тұруға;
– білім алуға;
– өзінің сүйікті ісімен айналысуға;
– мүлікке ие болу;
– қорғалуға;
– отбасында өмір сүруге;
– тәрбиеленуге;
– ұлтын таңдауға;
– дем алуға;
– денсаулық сақтауға құқылы;
Екінші тапсырма:
«Сөз шебері»
Әр топ тақырып суырып, сол бойынша әңгіме құрайды.
1) Ішімдік ішу – ұлт болашағына зиян.
2) Қазақ халқының салт дәстүрлі құқығы.
3) Жаза және тәрбие.
Үшінші тапсырма:
«Сен білесің бе?» сайысында сұрақтар оқылады, топ «иә» деген жауапқа «жасыл» қағаз, «жоқ» деген жауапқа «қызыл» қағаз көрсетеді.
Тапсырмалар төмендегідей:
«Сен білесің бе?»
Сұрақтар «Бала құқығы туралы» конвенциядан алынды.
1. «Бала құқығы туралы» конвенцияны 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ – ның Бас Ассамблеясы қабылдады.
Ж.Дұрыс
2. 18 жасқа толған жеткіншек бала деп саналады.
Ж.Дұрыс
3. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға, оның құқығын қорғауға тиісті шараларды қолдануға міндетті.
Ж.Дұрыс
4.Әрбір бала өмір сүру құқығына ие
Ж.Дұрыс
5.Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқығы жоқ
Ж. Бұрыс
6.Бала қандай шекара болсын өз ойын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, ақпарат таратуға құқысыз
Ж. Бұрыс
7.Конвенцияның 18 – бабында ата – ана жауапкершілігі туралы айтылған
Ж.Дұрыс
8.Заң бұзған бала өзінің ар – намысын, тұлғалығын оятатын, дамытатын лайықты ілтипат алуға құқысыз
Ж.Дұрыс
Төртінші тапсырма:
«Жалғасын тап»
1. Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ
2. Дау мұраты біту
3. Жігіттің құны жүз жылқы,
Ары – мың жылқы
4. Қылмыскер кісіден қорықпайды, ісінен қорқады
5. Заңның құрығы бәрінен ұзын
6. Әділ істің арты игі
7. Сөз шынына тоқтайды.
Пышақ қынына тоқтайды.
8. Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Бесінші тапсырма :
«Тосын жағдай»
І топ
Екі ата –ана жолдастарымен дастархан басында ішіп отыр. Туған күнін тойлауда .
Баласы:- Папа,мама!, мен ойнап келейін,-деді
Мамасы: -Ойна,ойна.
Папасы: - Бүгін менің туған күнім, балам мә, ұрыттап қой, - деді.
Сен де болашақ еркексің ғой!
Баласы: - Жоқ, папа, арақ балаға да, үлкенге де зиян деді апайымыз. Одан ми су болады, жүрегі ауырады, асқазан тозады. Тіпті адам айуан болады. Солай,бізге апай айтты, -деп жүгіріп кетіп қалады.
Осының үстіне келген үлкен баласы: -Е-е , апайың айта береді, қазір ішімдікті барлық жерде сатады, - деді.
Сұрақ:
-Сіз сол ата-аналары, ағасы орныңда болсаңыз не айтар едіңіз?
-Және кішкене балаға не айтасыз?
ІІ топ
«Көше лидерлері» кәмелетке толмаған жастарға тікелей және топтап жұмыс тапсырды. Осы тапсырған жұмыстары барысында балаңыздың сыныптас жолдасы зардап шегіп, ұсталып жауапқа тартылды.
Сұрақ:
Сіздер не істейсіздер?
ІІІ топ
Сыныптастарының туған күнің атап өткен 10 сыныпта оқитын мектеп оқушылары түн ортасында тұрғын үйлерінің ауласында би кешін ұйымдастырды. Музыканың үнімен шулаған оқушылардың айқай шуын естіген үлкен әже немересін алып кетуге келіп тұр. Көршілер шуды тоқтатуды өтінген. Тұрғындардың өтінішіне құлақ аспаған олар биді көше кезекшілері келгенше жалғастыра берді.
Сұрақ:
-Мектеп оқушылары қандай құқық бұзушылыққа барды?-Оларды жауапкершілікке тартуға негіз бар ма?
-Әкімшілік жазаны қалай қолдануға болады?
ІІІ. Қорытынды.: Бұл бөлімде мультимедиа тақтасын пайдаланып ата–аналарға пайдалы кеңес берілді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.