Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құқықтық сауаттылық – заман талабы. -

Құқықтық сауаттылық – заман талабы.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2300 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Құқықтық сауаттылық – заман талабы
Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер

Жүру барысы:
І Психологиялық тренинг
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
ІІІ Сенің құқығым – менің құығым (Оқушы құқығы)
IV «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
V Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
VI Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
VII Қорытынды

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және кеш қонақтары «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

І Психологиялық тренинг
Пікірталасымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатнастарыңызды ізглендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп тренинг дайындаған болатынбыз.
Сіздерге екі ак парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.
2. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек)
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз
Әлеуметтік норма

Құқық Мораль
Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.


Адам құқығы

Табиғи Азаматтық құқық Экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
ІІ. Сенің құқығың – менің құқығым. Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде жөнінде айтып өтеді
1-оқушы: 10 бап
Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы
2-оқушы:
Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
3 оқушы: 9-бап
Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы
Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.
3-оқушы:11 бап
Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
4-оқушы 12 бап
Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
5-оқушы 19 бап
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
6-оқушы 30 бап
Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
7 – оқушы 19 бап
Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.
Өз құқықтарыңзды айтып өттіңіздер,қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек
(оқушылар өз міндеттерін айтады)

ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
Көшедегі көрініс
Алмат: Айболат бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Айболат: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайык, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Алмат: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Айболат: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Алмат: Бекжол, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Бекжол: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Айболат: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Бекжол: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
Алмат: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме.?
Айболат: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

1. Құрметті ата-аналар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?
2. Учаскелік полиция инспекторына
Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке
тартылады?

V Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
Кездесу кешіміздің бүгінгі қонағы Ойыл ауылдық округінің учаскелік полициясы Төлешов Тілеш ағайымыз келіп отыр. Өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.
1. Жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?
2. Қылмыстық кодекс дегеніміз не?
3. Қылмыстың белгілері қандай?
4. Кәмелетке толмағандарды қандай жағдайларда жауапқа тартылады?
5. Ауданымызда және осы ауылымызда жасөспірімдер арасында кездескен құқық бұзушылық жөнінде айта кетсеңіз.
6. Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?
7. Мектеп оқушыларына қандай ақыл-кеңес бере едіңіз?
Мектеп психологы Башимова Ардақ апайға мынадай сұрақтар қойсақ
1. Мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді?
2. Кәмелетке толмаған мектептегі «қиын» балалар туралы не айтар едіңіз?
3. Сыныбымыздағы Жолжанов Айдардың мінез-құлқын қалай бағамдар едіңіз? Оның кейбір іс- әрекеттерінен ауытқушылық байқалмайма?
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шынар апайымызға бірер сауалдар қойсақ. Мектептің ішкі ережесі жөнінде түсінік бере кетсеңіз.
1.Оқушылар мектеп ішкі ережесін қай деңгейде сақтап жүр?
2. Мектеп ішкі ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданады, оны болдырмаудың жолдары қандай?
ІІІ. Ойды аяқта
(мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)
1. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
2. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
3. Ұрлық түбі ... (қорлық)
4. Өтірікшінің құрығы ... (бір-ақ тұтам)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
6. Туғанды биде ... (иман жоқ)
7. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)
8. Тек жүрсең ... (тоқ жүресің)
9. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)

Қорытынды
Бүгінгі пікірталасымызға құқық қорғау қызметкері, мұғалімдер мен оқушылар басқосуда. Бүгінгі келтірілген статистикалық мәліметтерге назар аудара отырып, прблемалық сұраққа жауап іздесек: Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек?
Қысқа да тұжырымды ой-пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.
(оқушылар да өз пікірлерін ортаға салады)
Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орйда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.

Мен жігіт 15-30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аласымда.
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба,
- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі пікірталасымызды аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.