.
.
«Қызға нәзіктік, ұлға батылдық» «Қызға нәзіктік, ұлға батылдық».
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2751 | Размер: | Автор: ТәрбиеТақырыбы: «Қызға нәзіктік, ұлға батылдық»
Білімділік мақсаты: Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу.
Тәрбиелік мақсаты: Алған білімдерін пайдаға асырып өздігінен әрекет ете алатын, алған білімдерін өмірлік жағдайға қолдана білетін жалпы азаматтық, ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген өзіндік көзқарасы бар, отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд «Қызға нәзіктік, ұлға батылдық», бейнематериалдар, плакаттар және т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Шаттық шеңбері. (Музыка ойнап тұрады)
- Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Балалар, «адамгершілік амандасудан басталады»- дегендей ең алдымен күлімдеп, бір-бірімізбен амандасып алайық. Рахмет. Енді әсем әуен сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық.
-Қайырлы күн!
-Сабағыңды жақсы оқы!
-Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін!
-Адал бол!
-Қайрымды бол!
-Жүрегің жақсылыққа толы болсын!
-Алланың нұры жаусын!
(Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында өлең шумақтары оқылады)
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады- деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Қызға нәзіктік, ұлға батылдық» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін мына түстерді таңдауларыңызды сұраймын. ( Оқушылар түстерді таңдап, орындарына отырады)
ІІІ. Тренинг. Берілген қағазға топтастыру стратегиясын пайдалана отырып, адамның жақсы және жаман қасиеттерін жазыңыз
Топтастыру стратегиясы
І топ. ІІ топ
Балалар, қазақта мынадай тілек бар екен. Қыздарың ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгаршілігі мол болсын, қайырымды болсын! Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Енді осы жаман қасиеттерден мүлде аулақ болу үшін жаман қасиеттер жазылған парақтарды жыртып тастайық.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда тек жақсы қасиеттерді сөз етіп, ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық , нәзіктік, батылдық қағидаларына тоқталамыз.Ал, енді өз пікірлерімізді ортаға салайық. (Балалар пікірі тыңдалады)
ІҮ. Жаңа ақпарат
Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяндық , ер балаларға – батылдық пен ұстамдылық тән.Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады.
Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады.
Ү. Ойланайық пікірлесейік.
Ұлдарға сұрақ:
1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине
сыртқы келбеті)
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап,
бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай
кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие
қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)
3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені,
өтірік айтқаны)
4. Қыздарға арнап мақал айт.
( Қыз өссе елдің көркі; Таудың көркі тас, Қыздың көркі шаш; Қызға қырық жерден тыю; Анаға қарап қыз өсер)
5. Сендерге қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса,
сыпайы, биязы болса )
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлық, қорқақтық)
2. Ұлдарға арнап мақал айт
(Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді )
3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл,
адамгершілігі мол),
4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?
( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет
етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп
ойлаймын)
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?
(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)
Хор ( бәріміз бірге ән шырқайық)
Қазақ қызы. Сөзі- И. Сапрбаевтікі
Әні- Р. Таймановтікі.
ҮІ. Ситуациялық жағдаяттар.
1- топ
1 сұрақ. Сіз автобуста отырсыз. Келесі аялдамадан қарт адам кірді. Бос
орын жоқ. Не істер едің?
2 сұрақ. Көшеде қарт әже құлап қалды. Сен не істер едің?
3 сұрақ. Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз? Қандай әрекет
жасар едіңіз.
ІІ топ
1 сұрақ. Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сізден кейін егде тартқан қарт
адам келіп тұрды. Қайтер едіңіз?
2 сұрақ. Сыныптас екі құрбың театрда отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп,
басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не
айтар едің?
3 сұрақ. Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдармен кездескенде не істеу
керек?
ҮІІ. «Жалғастыр» ойыны
Енді, балалар, біраз сергіп алайық.
Не істеуге болмайды? Не істеу керек? Не істер едім?
Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды Үлкендерді сыйлап, амандасып жүру керек. Адамдарға қамқор болар едім.
Сабақтан кешігуге болмайды Кішілерге қамқор болу керек Туған жерімді көркейтер едім.
Сыныпта жүгіруге, кішілерге тиісуге болмайды Сабақты жақсы оқу керек Өз Отанымның мақтанышы, қорғаны болар едім.
Үлкен кісілердің сөзін бөлуге болмайды Тәртіпті болу керек Иманды ұл.
Тәртіпсіз болуға болмайды Әдептілік қағидаларын сақтау керек Инабатты қыз болар едім.
ҮІІІ. Қорытынды
Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздан не түйдік?
Бүгін біз нәзіктік, батылдық , адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, батыл, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.
Сонымен, иманды ұл мен инабатты қыздың бойында қандай қасиеттер болу керек?
Топтастыру
Иманды ұл Инабатты қыз
Тәртіпті ибалы
қайырымды сыпайы
әдепті биязы
адамгершілігі мол кішіпейіл
Аң жортар аяғымен, жер еркесі,
Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.
Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.