.
.
Сабақтың тақырыбы: «Қыз еркем, анасымен көркем» «Қыз еркем, анасымен көркем».
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2641 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.
Көрнекілігі: слайд, ақпараттық технология
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші.
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана- барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!
2-жүргізуші. Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жарысқа қатысушы жанұялар және олардың жан-күйерлері, бүгінгі мектебімізде өткелі отырған “ Қыз еркем, анасымен көркем ” атты сайысқа қош келдіңіздер!
1-жүргізушіЖанұямыз-сәніміз,
Отбасымыз-әніміз.
Біз бастадық сайысты,
Қош келіпсіз бәріңіз!
2-жүргізушіАсыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Ізденген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа – демекші, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы сұлу аруларымызбен аяулы аналарымызды шақырамыз.
1-жүргізушіАқ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп,
Әділқазы алқасын сайлап алған жөн болар
Әділқазылар алқасы:
1. Турегалиева Т.Е – мектеп директоры
2. Ахметкалиева Г.С. – оқу ісінің меңгерушісі
3. Садыкова Ж. Ж – тәрбие ісінің меңгерушісі
2-жүргізуші
Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.
1. «Сәлем – сөздің анасы» /таныстыру, презентация арқылы/
2. «Бәйге» /сұрақ – жауап/
3. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» / шығармашылық қолөнер/
4. Тіл өнері /жұмбақ, мақал-мәтел/
5. Сұлулық сыры /шаш үлгісі, киім үлгісі/
6. Ас адамның арқауы /салат жасау/
7. Қорытынды.
1-жүргізуші
Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық.
Сайыскерлер күтіп тұр
Соларменен бір танысып алайық! - деп, сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық.
1-Бөлім Әр отбасы өздерін таныстырады.
Презентация бойынша топтардың атымен таныстыру.
(әр топқа 3 мин)
2 – бөлім. «Бәйге»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
Әр топқа 5 -сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек.
«Бәйге» 1- сынып
1. Барлығы 6 кәмпит бар еді. 2 кәмпит тәрелкенің ішінде, қалғандары сауыттың ішінде жатыр. Сауыттың ішінде неше кәмпит?
2. Жуан дауысты дыбыстарды ата (а, о, ұ, ы)
3. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
4. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
5. Асар дегеніміз не? (қазақ елінің ұжымдық топта жұмыс істеуі)
«Бәйге» ІІ – топ 1 сыныбы
1. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгереме? (жоқ)
2. Сөйлем неден құралады? (сөз)
3. Есту мүшесі (құлақ)
4. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
5. Кеусен дегеніміз не? (Егіншілікке байланысты айтылатын сөз)
«Бәйге» ІІІ – топ 2 сыныбы
1. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
2. Мәтін дегеніміз не? (жазбаша және ауызша ойды жеткізу)
3. Судың қатты күйі (мұз бен қар)
4. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
5. Тулақ шашу дегеніміз не (жүн сабарда, сабап болған соң берілетін шашу табағы)
«Бәйге» 4 – топ 2 сыныбы
1. Көпбұрыш дегеніміз не? (Тұйықталған сынық сызық)
2. Тақырып дегеніміз не? (мәтін атауы)
3. Ауаның пішіні (жоқ)
4. Бағалы металл (алтын)
5. Сыралғы дегеніміз не? (олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан сұралатын кәде)
«Бәйге» 5 – топ 3 сыныбы
1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (бірдене жайында хабарлау мақсатында айтылаған сөйлем)
2. Алма 8 жаста, ал інісі 5 жаста. Алма інісінен неше жас үлкен? (3 жас)
3. Сипап сезу мүшесі (тері)
4. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)
5. Саумалық дегеніміз не? (наурыз туып, жер көктеп, күн жылығанда өлеңмен айтылатын тілек)
«Бәйге» 6 – топ 3 сыныбы
1. Қарында 10 теңге, ал дәптердің қабы одан 2 теңге арзан тұрады. Дәптердің қабы неше теңге тұрады? (8 теңге)
2. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіретін сөздер)
3. Өлі табиғаттарды ата (күн, ауа, су, тас)
4. Табиғи жүнді неден алады? (ешкі, қой)
5. Шарғы салу дегеніміз не? (Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңлісіне басына тартатын орамалын береді)
«Бәйге» 7 – топ 4 сыныбы
1. Мектеп жанындағы лагерьде 50 ер бала, ер балаларға қарағанда 10 қыз кем демалды. Мектеп жанындағы лагерьде неше қыз демалды? (40 қыз)
2. Етістік дегеніміз не? (заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз)
3. Тірі табиғаттарды ата? ( адам, өсімдік, жануарлар)
4. Киізге ою – өрнек басып жасалған кілемше (тұскиіз)
5. Шеге шапан дегеніміз не? (қыз әкесінің жаушыға жауар шапаны)
«Бәйге» 8 – топ 4 сыныбы
1. Әжейде 8 кг ұн болады, ол 2 кг ұнды бауырсақ пісіруге жұмсады. Неше килограмм ұн қалды? (6)
2. Сұраулы сөйлем дегеніміз не? (жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем)
3. Балық немен тыныс алады? (желбезек)
4. Түксіз кілем (алаша)
5. Күйеуаяқ дегеніміз не? (Ата-енесінің күйеу баласына атаған ірі малы)
3 – бөлім.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-
«Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер бұйымдарын жасау,
4-бөлім. «Тіл өнері»
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.
1-топ
1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.
2. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссыз адам – тұссыз ас.
3.Екі семсер айқасқан, Асыл қайшы пішуге сән,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) Күміс қасық – ішуге сән.
4. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.
2 – топ
1. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі – там,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі – нан.
2. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады, Жылқыда өт жоқ,
Ірімшік май құртыңда. (Сүт) Құста сүт жоқ.
3. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.
4. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.
3 – топ
1. Егіз екі қарсы келді,
Арасына көк мұз түсе берді,
Біреуі жанды, біреуі жансыз. (Айна)
2. Киім деуге жатпайды,
Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш)
3. Тап, тап, тап жорға,
Табаны жоқ боз жорға.
(Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе таптырмас. (Ине)
4. Тұмсығы мықты ,
Қыр мен ойды тегістеп шықты. (Үтік) Ісмердің бүлдіргенін үтік жөндейді.
4 – топ
1. Біреуге киін дейді,
Ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
2. Суда туады, суда өледі. (Тұз) Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?
3. Саусаққа киіп ем тобатай, Орақ ұстап әкең қалғанша,
Инені жүгірттім оп-оңай. (Оймақ) Оймақ ұстап шешең қалсын.
4. Сүңгіп батып бұл мықты,
Бүтіндейді жыртықты. (Ине) Болат біз қап түбінде жатпас.
5 - топ
1. Екі басы дөңгелек, екі ұшы сүйір
Қиғанға үиір (Қайшы) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
2. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)
3.Зерленген құмғанды,
Шөмелеге төңкердім (Тақия)
4.Сылдыр сұйық су емес
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады? (сүт) Ақты төкпе, сиырды теппе.
5-бөлім. 1-жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
2-жүргізуші: Келесі бөлім «Сұлулық сыры» деп аталады. Бұл бөлімде шаш үлгісімен киім үлгісін көрсетеді.
6 – бөлім. «Ас адамның арқауы»
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Үй тапсырмасы бойынша жасап әкелген салаттарын таныстырады.
7.Қорытынды.
1-жүргізуші: Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Марапаттау. Сыйлықтар тарату. І, ІІ, ІІІ орын және 5 номинация
2-жүргізуші: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадымен болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау-саламат болыңыздар!
Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.