Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қыз қылығымен көрікті». -

«Қыз қылығымен көрікті».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 11171 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы:«Қыз қылығымен көрікті»
Мақсаты : Қызбалалартәрбиесін, қызбаланыңәдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтыңжаршысыекенінсөзету. Ұл бала мен қызбаланыңбірін – бірішынайықұрметтеп, қастерлейбілуге баулу, өзарасыйластықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі: нақылсөздер, суреттер, бейнекөрініс, слайд т.б.
Өтубарысы:
І Кіріспе.
Бүгін «Қыз қылығымен» аттытәрбиесағатымыз 8 наурызаналар, қыздармерекесінеарналады. Қыздарымызды ортаға шақырайық.
«Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан – жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз. Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Дегендей бұл қыздардың әдепті, көрікті болғанын аңғартады. «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді.

Ән: «16 қыз»
ІІ бөлім. Қыздар туралы мақал – мәтелдер , нақыл сөздер айту
Мұғалім: Қыз бала және оның тәрбиесі жөніндегі мақал – мәтелдер біздің өмірімізде елеулі орны бар. Енді сол мақал – мәтелдерге құлақ түрейік. «Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі»
« Қыз - өмірдің қызғалдағы»
« Қызды асырай алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді.»
« Қыз қуыршақ, ұл – құлыншақ»
« Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.»
« Қыз балаға қырық үйден тыйым»
« Қызым - үйде , қылығы – түзде»
« Қыз қылығымен әдемі»
« Қыздың жиған жүгіндей»
«Қарындасын сыйламағанның қары сынсын.»
III бөлім .Сұлулық сыры.
Мұғалім: Қазақ қызы десе , беті ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді.Құлағымызға шолпының сыңғыры келеді. (шолпы таққан қыз жайлап жүріп өтеді.)
Қазіргі қыздарға тән ұзын шаш жойылып кеткен жоқ, қайта көбейіп келеді. Бұрымды бүгін жырласақ оның әсемдікке қатысы болғаны да.
Бұрым меніңше әсемдік, әдемілік қатарына кіреді. Қыз бойындағы алғашқы көзге ұрар әсемдік осы. Ендеше жақсы сөзді аямайық.
IV бөлім. «Сезім – адамдық қасиет.
Қыздарға арналған ұлдардың назы бар соған құлақ түрейік. (Ұлдар Ә. Нұршайықовтың « Автопортрет» еңбегіндегі «Қыздарға кеңес» ақыл –нақыл сөздерін айтып шығады.
Қыздар !
- Әдемі болыңдар, әсем болыңдар, сонымен бірге ақылды болыңдар !
- Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар, сонымен бірге саналы болыңдар !
- Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, сонымен бірге ұйымшыл болыңдар !
- Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар ұрысқақ болмаңдар !
(Деп ұлдар қыздарға гүлдерін табыс етеді, ал қыздар кестелі орамал береді.)
Ән айту мен би билеу де әсемдікке жатады , ендеше кезекті биге береміз.
Вальс: Қыздар, қыздар сұлу қыздар.

V бөлім. Қорытынды.
Бабаларым қыздарды қадірлеген,
Қыз баладан басталар өмір терең
Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып,
Күн болмаған сазды күй төгілмеген - деп бүгінгі тәрбие сағатымызда қыздар тәрбиесін қыз балалардың өздері сөз еткеннен гөрі, ұлдарымыздың сөз етуін мақсат еткенмін. Өйткені, қыз бала тәрбиесі баршаның ісі. Қыз бала мен ұл баланың бірін – бірі жақсы түсінуіне, бірін – бірі сыйлауына, бір –біріне қамқор бола білуіне, қыздарымызды –қылықты, ұлдарымызды – ұлағатты етіп тәрбиелеуге септігі мол болары сөзсіз. Қыздарға айтарым « қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиеліқырдыңқызғалдағындайжайнапөсеберіңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.