.
.
Сабақ үлгісі: Өз есіміңе сай бол!
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2113 | Размер: | Автор: ТәрбиеТақырыбы: Өз есіміңе сай бол!
Мақсаты: Әрбір оқушыға өз есімінің қойылу себебін,
білгізіп, сол арқылы өз есімдеріне сай болуға
тырысуға баулу, адамгершілікке. Өз есімдерін жоғары бағалап, қадыр тұтып
жүруге баулу.
Өз-өзіне қарым-қатынас жасауға үйрету.
Әдісі: СТО жобасы
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Барысы:
Балалар,бүгінгі «Өз есіміңді қорғай біл»атты тәрбие сағатымыздың мақсаты сендерге қойылған аттарыңның себебін анықтап, сол атымызға сай болу керек екендігін білу және өз-өзімізге қарым-қатынас жасауды үйрету. Ендеше, сабағымызды жұптасып қарым-қатынас жасау жаттығуынан бастағалы тұрмын.
Жұптасып қарым-қатынас жасау жаттығуы:
«Арқамен арқа» жаттығуы.
Серігіңіз екеуіңіз түрегеп тұрған қалпыңызда бір-біріңізге арқаңызды тірестіресіз.Осы қалыпта сөйлесіп көріңіздер.Жазғы уақыт деп елестетіңіздер.Таңертеңгілік әжелерің немесе мамаларың сендерді ұйқыдан оятып жатыр. Қалай оятар еді?(аттарың өздеріңе жағымды болып естіле ме? )
Ия,балалар,қай ата-ана болмасын,дүниеге «шыр»етіп келгеннен нәрестесінеижақсы есім беруге тырысады.Нәрестеге кез-келген атты қоя салуға болмайды екен.Балаға ат қойғанда оған ерекше мән беруі керек.Ендеше,өз есімдеріміз не үшін қойылған екенін анықтап көрейік.(Әр оқушы өз атын не себептен қойылғанын айтады,мұғалім өзінен бастайды.)
«Ассоциация»стратегиясы
Оқушылар,енді мына сұраққа жауап беріп көрейікші. «Әңгімелесу»деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Әңгімелесудің қандай түрлерін білесіңдер? Кімдермен жиі әңгімелесесің?Олай болса, «Қазақ есімдері»тақырыбына әңгімелесіп көрейік.Кейбір қазақ есімдеріне көңіл бөліп көрейік.
Оқушы:Ат қою да дәстүр бойынша қойылады.Ұлы жоқ үйлерде қыз туылатын болса,онда оған «Ұлтуған,Ұлбала,Ұлболсын»деп ат қойылады.Егер бала мерзімінен бұрын туылса, «аман-есен болсын»деген ниетпен Шалабай,Шалабек деп,не ерекше көзге түсетін белгілеріне қарай,Қалдыбай,Қалдыгүл,меңі болса Меңтай,Меңдігүл деп қояды. «Өмірі ұзақ болсын»деген ниетпен Ұзақ,Жанұзақ,Өмірұзақ деп те ат қойған.Баласы шетіней беретін ата-аналар Тоқтар,Тұрсын,Жүрсін т,б,аттар қоятын ырым бар.Ал,Кенжегүл,Кенжетай секілді есімдер көбінесе соңғы балаға қойылады.
Дана,Зүлпия-араб сөзі.Бауырымды,зерделі деген мағынаны білдіреді.
Бақыт-араб сөзі.Бақ,дәулет,ырыс,шат,қуаныш.
Баян-араб сөзі.
1,Анық,айқын.
2.Әңгімелеу,баяндау.
«Миға шабуыл» стратегиясы
Мұғалім: Сіздер бір-бірлеріңнің сөздеріңді бөліп,мақұлдап, мақұлдап бастарыңды шұлғып отырдыңдар ма? Әңгімелесу барысында сұхбаттасушылар бір-біріне қалай қарады? Қасыңыздағы адамдармен әңгімелескен қызықты болды ма ? Әңгімелесушілердің ішінде кім көп сөйледі?
Қандай түйін шығаруға болады? Жақсы
Қарым-қатынас жасау үшін әңгімелесе білу керек. Әр адамның өзіне қойылған атымен атап, дұрыс сөйлесе білу керек.
Психолог Дейл Карнегидің айтуы бойынша:
Таласта ең жақсы нәтижеге жетудің жалғыз тәсілі- айтыс-тартыстан жалтару.
Алдымен өзіңіздің достықниетіңізді білдіріңіз.
Сұхбаттасыңызға сөзін аяқтауға мүмкіндік беріңіз.
Нәрсеге басқаның көзқарасы тұрғысынан қарауға тырысыңыз.
Басқалардың ойлары мен тілектерін мақұлдап отырыңыз.
Ізгі ниетке шақырыңыз.
Бүгінгі тәрбие сағаттан не түйдіңдер?
Білемін. Білдім. Білгім келеді.
Кестені толтырып, қорытындылайды.
Жақсы болу - өзіңнен А.Асылбеков
Жаман болу- өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла!-дей келе өздеріңді алдымен жақсы көріп, өз есімдеріңді бағалап, қадір тұтып жүріңіздер.
Ата-аналарыңның қойған аттарына сай
үлкен азамат пен азаматша болып өсіңіздер!
Есендосова Алтын Берікқызы
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі
Қаратөбе ауданы
Батыс Қазақстан облысы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.