.
.
Қанипа Бүркітбаева «ЖҚТБ – ғасыр дерті».
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3378 | Размер: | Автор: ТәрбиеМектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №22 жалпы білім беру орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «ЖҚТБ – ғасыр дерті»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «ЖҚТБ- ның ғасырдың дерті» екенін түсіндіру. Бұл дертке бүкіл әлемнің жастары ұшырап отыр. Сондықтанда ғасыр дерті деп отырған жоқпа? Соны ұғындыру. Бұл орысша айтар болсақ ол «СПИД» деген мағынаны білдіретіндігін айтып өту.
Көрнекіліктер: «ЖҚТБ-ы плакаттары» Слайд шоу, шарлар т.б
Сабақтың барысы: Балалар, міне біз бүгін сіздермен ғасыр дерті ЖҚТБ-ы мен танысқалы отырмыз. Мен бүгін сіздерге осы сынып сағатына байланысты бірнеше сұрақтар қойғалы отырмын. 1. ЖҚТБ-ы дегеніміз не? 2. Адамдар бұл ауруды қалай жұқтырады? 3. Қазақстанда осы ауруды жұқтырған адамдар көп пе? 4. Біз осы ауруға қарсы күрес жүргізу үшін не істеуіміз керек? 5. Егер осы ауруды жұқтырған жағдайда кеңес алу немесе тексерілу үшін қайда бару керек?
ЖҚТБ - дегеніміз Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі деген мағынаны білдіреді. Бүгінгі таңда адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан (АҚТҚ) туындайтын аса қауіпті дерт. АҚТҚ, ең алдымен организмнің әр түрлі ауруға қарсы тұруын қамтамасыз ететін имундық жүйесін зақымдайды. Имундық жүйе клеткаларының өлуі біртіндеп адамды сырқаттану факторларының алдында өорғанышсыз етеді. ЖҚТБ- мен ауыратын науқастардың өлімі әдетте өкпенің, нерв жүйесінің, қатерлі ісіктердің зақымдалуынан туындайды. Инфекцияның көзі ЖҚТБ- мен ауыратын науқас немесе АҚТҚ - ны жұқтырушы адам. Вирус қанда, спермада қынап сұйықтықтарында, омырау сүтінде көп болады. Адамның түкірігінде, терісінде, көз жасында, нәжіс жолдарында және басқада физиологиялық сұйықтықтарында аздап қана кездеседі. АҚТҚ адам организіміне түскен кезінде ауру жұғады. АҚТҚ бұдан бұрын АҚТҚ - ны жұқтырған адам пайдаланған зарасыздырылмаған шприцтерде, инелерде, соның ішінде таңба салуға арналған инелерде тұрып қалған қан қалдықтарымен бірге, сау адамның организіміне түсуі мүмкін. Бұл ауру қанмен ластанған кесетін заттарды, мысалы: ұстараның жүзін, ұстараны, пышақты, қайшыны падаланған кезде организмге енуі мүмкін. Қанның бөлшектері аспаптарда немесе олардың ішкі жағында көзге көрінбей қалып қоюы мүмкін. АҚТҚ қан құю үшін пайдаланатын жұқтырылған қан мен кейбір қан өнімдері арқылы берілуі мүмкін. Алайда біздің елімізде донорлық қанды мұқият тексеру мен өңдеудің арқасында жолмен жұқтыру қаупі жоқтың қасы. Егер инъекциялық есірткіні тұтұнушылардың әрбіреуі жеке шприцпен болсын бір сауыттан алып толтырған болса, оларға АҚТҚ - ны жұқтыру өаупі төнеді. Егер қан есірткіні дайындау процессінде пайдаланылса, АҚТҚ - ны жұқтыру қаупі өте жоғары болады. АҚТҚ бөлінуінің басқа жолы жыныстық қатынас. Егер жыныстық ұатынаста болған адамдардың біреуі ауруды жұқтырған болса, вирус жыныстық қатынас кезінде, берілуі мүмкін. Бұл жүктілік немесе бала туу процесінде және баланы емізген кезде болуы мүмкін. Өкінішке орай, көбі 2003 жылдың басында біздің елімізде АҚТҚ мен өмір сүруші біздің елімізде АҚТҚ мен өмір сүруші 3000-астамы ресми түрде тіркелді. Тіркелген АҚТҚ - ны тасымалдаушылардың шамамен алғанда 80% ын есірткіні инъекциялық жолмен пайдаланушы адамдар құрайды. Қалған 20%дың көбісі АҚТҚ - ны гемосексуалдық немесе гетеросексуалдық байланыстардың нәтижесінде жұқтырды. Бұндай жағдайда адамдар негізінде зертханалық тексерулерден өтіп тұрулары керек. ЖҚТБ отарлықтарында, сол сияқты емханалардағы жасырын тексеру кабинеттерінде деректі құпия немесе жасырын түрде тексеруден өтуге болады. Алайда зертханалық тексеру кезінде вирустың өзі емес, оларда антиденелер анықталады. АҚТҚ - ға антиденелер вирус организмге енгеннен кейін үш және одан астам ай бойы анықталмауы мүмкін. Сондықтан АҚТҚ - ны тасымалдаушы болып табылатын адамда АҚТҚ- ға қан тапсыру анализінің нәтижесі теріс болуы мүмкін. Соған байланысты егер сіз қатерлі мінез құлық өткерген болсаңыз немесе күнделіктенсеңіз АҚТҚ - ға қайта тексерілгеніңіз жөн. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз және АҚТҚ- ға тексеріліңіз. АҚТҚ- ны жұқтыру мүмкін болмайтындай өзін өзі ұстау керек. Соның ішінде инъекциялық есірткіден бас тартқан біреумен бірге ортақ шприцті, инені, ұстараның жүзін, ұстараны пайдаланбаған, кездейсоқ жыныстық қатынасқа түспеген жөн. Мұндай инъекциялар көп және әрбір ауру өзіне тән белгілермен ілеседі. Алайда егер сіз тұрақты түрде жыныстық қатынасқа түсіп отырсаңыз, мына бір белгілерден сақтанғаныңыз жөн. Жыныстық шүменің терісі мен шырышты қабықшаларының, тік ішек шаңынан қызаруы, олардағы ойық жаралар, күлбіреген жерлер, ауыз қуысының, жұтқыншақтың, еріннің, тілдің шырышты қабықшаларындағы ойық жаралар. Зәр шығару жолдары мен тік ішектен ағатын шығарылымдар оңай емес. АҚТҚ- ны жұқтыру мен ЖҚТБ -ның дамуы арасында бірнеше жылдар өтуі мүмкін. ЖҚТБ - ны жеңдік деп айтуға әлі де болса ерте болғанымен, медицина бұл жолда көптеген жетістіктерге жетті. Дәрігерлер АҚТҚ -ның ортанизмде дамуын тоқтатуды және соған байланысты АҚТҚ -ны жұқтырғандардың немесе ЖҚТБ мен ауыратындардың өмірін ұзартуды біледі. Жақын арада медицинаның осы бағыттағы табыстары оданда асып түседі деген үміт бар. Әрине, АҚТҚ инфекциясы мен ЖҚТБ туралы білім алыңызда оны өз денсаулығыңыз үшін пайдаланыңыз. Өздеріңіздің достарыңызға, туысқандарыңызға ЖҚТБ туралы көбірек білуге көмектесіңіз. Өз құрбы құрдастарыңызға да ЖҚТБ туралы көбірек білуге көмектесіңіз. Өз құрбы құрдастарыңыздың арасында ЖҚТБ- ның алдын алу туралы ақпаратты таратыңыз. Есте сақтаңыз! Достық қарым - қатынас арқылы АҚТҚ- ны жұқтыруға болмайды. Егер сіз ЖҚТБ туралы көбірек біліп, АҚТҚ- ға тексерілгіңіз келсе немесе біреуге жан тәніңізбен көмектескіңіз келсе, мына мекен жайға ЖҚТБ- ның алдын алу немесе оған қарсы күрес жөніндегі орталықтарға баруыңызға болады. Ақтау қаласы: 3-ші шағын аудан 170 - үй факс: (87292) 51-73-62
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.