.
.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жаңа жыл – жаңа жыр. Жаңа жыл – жаңа жыр.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3640 | Размер: | Автор: Тәрбие1 – жүргізуші: Қош келдің, Жаңа жылым,
Көп болар жаңалығың
Саған жыл бақ сый еттім.
Жаңа нұр күттім, досым,
Жаңа жыл құтты болсын!
- Жаңа жыл – Қой жылы әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Ән «Шырша жыры»
1 – жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмеген де арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
Балалар, мынау ортадағы әдемі шыршамыз көңілсіз тұр ғой, бәріміз бірге әдемі шыршаның шамын жағайық. Кәнекей, барлығымыз шеңбер құрып, шыршамызды айналып, шаршамызды жағайық.
Бір, екі, үш
Шырша шамы жан.
Шыршамызды айналып «Шырша» әнін айтамыз
1 – жүргізуші: Байқаймысыздар, бұл кеште біздің Аяз-ата мен Ақшақарымыз көрінбейді ғой.
(Осы кезде қарақшылар кіріп келеді де, шыршаны айналып, қызығады.)
Сәлем, балалар, біз Аяз ата мен Ақшақарды тұтқынға алдық. Оларды босату үшін біздің тапсырмаларымызды орындайсыздар.
Аяз-ата мен Ақшақар үшін біз нені орындауымыз керек. Біз барлық тапсырмаларды орындауға дайынбыз. Солай ма, балалар?
– Сіздер барлық тапсырмаларымызды орындауларың керек. Осы қағазда барлығы жазылған. Егерде барлығын орындайтын болсаңдар, онда Аяз-ата мен Ақшақарды босатамыз.
(Жүргізуші барлық тапсырмаларды оқып шығады. Тапсырмалар орындалған кейін оны дауыстап айтып тұрып сызып тастау керек.)
1-тапсырма
1 Ән айтып беру
2-тапсырма
1 Ойын ойнату
Ойынға екі топ қатысады. 1- топ ата-аналар және 2-топ оқушылар. Қай топ шарларды жылдам үрлейді.
Ойынға екі топ қатысады. 1-топ оқушылар және 2-топ қарақшылар, Қай топ бірінші шарларды жарады. Шарды отырып қана жаруға болады.
3-тапсырма
Барлықтарыңыз би орындап беру керексіздер.
Жүргізуші:
Ал біз барлық тапсырмаларды орындадық. Енді сіздер де өз уәделеріңізде тұрыңдар.
Жақсы біз оларды босатайық. Бірақ тағы да бір тапсырмамыз бар. Оларды дауыстап шақырсаңдар ғана жібереміз.
(Аяз ата мен Ақшақарды шақыру.)
Аяз Ата мен Ақшақар сөйлейді.
Ал, Аяз ата мен Ақшақарға дайындаған шағын концертімізді көрсетейік.
Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі
Ән
Жүргізуші:
Төрле, төрле – Жаңа жыл!
Айтамыз тебірене жаңа жыр.
Төрле, төрле – Құтты жыл!
Халыққа жүрші әркез төгіп нұр.
2.Ойын
Ойынға екі топ қатысады. 1-топ ата-аналар және 2-топ оқушылар. Залдың бір жағына қатысушылар тұрады, екінші жағына орындық. Орындыққа тәттілер қойылады. Қай топ бірінші жеп қояды, сол топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
Дала аппақ, ақ ұлпа, түрге енді,
Балалар қызыққа тоймайды енді.
Әр сыныптың өнерін қызықтап,
Тамашалауға жұртшылық келген еді.
Би
Жүргізуші:
Төрле, төрле – Құтты жыл!
Қуаныштан айтылады әсем жыр.
Балалардың бақытында шек болмай,
Жүректері қуаныштан толқып тұр.
4. Ән
Жүргізуші:
Қуаныш пен шатыққа кенелейік,
Жадырап, ән шырқап, тербелейік.
Төрле, төрле, халқымның құтты жылы,
Бәріміз дөңгелене кел билейік.
5. Ойын 6 оқушы қатысады. Музыка ойнағанда оқушылар шыршаны айналып билейді. Музыка тоқтағанда, оқушылар ойыншықтарды алып орындықтарға отыруға үлгеру керек. Орындықсыз қалған оқушы ойыннан шығады.
Жүргізуші:
Келіңіздер, шығыңыздар ортаға,
Айтыңыздар жақсы жырды Атаға.
Кел балақай ән шырқайық тағы да,
Риза болсын жадырап Ақшақар да
6. Ән
Жүргізуші:
ҚОЙ жылын Атамыз алып келді.
Тамсана аралайды елді енді.
Сүйкімді Ақша қарын ілестіріп,
Сыйлықтарын тұр енді үлестіріп.
7. Оқушылардың өлеңдері1,2,3,4 сыныптар
Ал, осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Барлықтарыңызды жаңа жылмен құттықтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.