Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жаса, жайна – Талдықорған! -

Жаса, жайна – Талдықорған!

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2739 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Жаса, жайна – Талдықорған!
Мақсаты: а) оқушыларды туған жері, әсем қаласы Талдықорғанның географиялық орнымен, Жетісудың кіндігі атанған қаламыздың тарихымен таныстыру;
ә)оқушыларды шығармашылық зерттеу жұмыстарына баулу, тіл байлықтарын дамыту;
б)оқушыларды туған жерін, елін суюге, табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Талдықорған картасы, елтаңбасы, сурет көрмесі, кітап бұрышы, буклеттер, альбом, шарлар. Жасыл қағазға жазылған қанатты сөздер:
«Қысқа мерзім ішінде Талдықорған гүлденіп, елімізде тағы бір әсем қала бой түзеді» Н.Назарбаев;
«Жер жаннаты – Жетісу»;
«Болашақта Астанадан басқа Талдықорғаннан озатын қала болмайды» С.Жылқайдаров.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: көрсету, әңгімелеу, ой қозғау, топпен жұмыс, ізденіс жұмысы
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, түгендеу;
ә) ізденіс жұмыстарын жүргізу үшін оқушылар өздері үш топқа бөлінген, сол бойынша отырғызу;
б) ҚР гимні.
ІІ. Негізгі бөлім
а) сынып сағатының тақырыбы, мақсаты таныстырылады
ә) сынып сағатының материалын меңгерту
Мұғалімнің сөзі
- Балалар, біздің бүгінгі сынып сағатымыз ерекше өтпек, себебі ол біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жеріміз – Талдықорған туралы болмақ. Ендеше, бірінші, қаламыздың гоеграфиялық орнымен танысып алайық.
1. Талдықорған қаласының географиялық орны
Талдықорған қаласы Жетісу жерінде орналасқан. «Жетісу» сөзі – Балқаш көліне құятын жеті өзенді білдіреді.
Талдықорған қаласы – Алматы облысының орталығы. Ол Жоңғар Алатауының солтүстігінде теңіз деңгейінен 570-630м биіктікте, Қаратал өзенінің жағасында орналасқан. Жер көлемі – 0,1 мың кв.км. Халқының саны – 10
2. Шаһар шежіресі
Қала тарихы туралы ізденіс жұмыстарын жүргізген, І топ оқушыларына сөз беріледі.
1869ж. «Талқорған» қыстағының орнынан Гавриловка деген кішігірім село бой көтерді. Ыңғайлы жерде орналасуы оның экономикалық жағынан тез дамуына ықпал етті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында Гавриловка селосында 586 үй, 4600 тұрғын болған және 1 шіркеу, 1 мұсылмандар намаз оқитын үй, ауылдық басқарма, 6 ұстахана болыпты.
1914ж. қазан айында «Гавриловский листок» газеті шығарылды. Оның небәрі 6 нөмірі ғана шықты да тоқтап қалды. 1915 жылы тамыз айында «Зов Севера Семиречья» деген атпен апталық газет шыға бастады.
1915ж гавриловкалықтар тұңғыш рет кино туындысын тамашалап, электр энергиясының игілігін көрді. 156 орынға лайықталған алғашқы кино көру залы да осында ашылды.
1922 жылы Гавриловка ауылының атауы - Талды-Қорған ауылы болып өзгертілді.
1925ж. Талды-Қорған қала мәртебесін алды.
1944ж. наурыз айында Талды-Қорған облысы құрылып, Талды-Қорған қаласы оның орталығы болды. Жаңа облыс орталығында 2 бастауыш, 2 жеті жылдық, 1 орта мектеп, 1 мәдениет үйі, 1 кинотеатр, 4 шағын сауда дүкені, 1 асхана, 1 аурухана, 50 орындық балабақша болды.
1959ж. Талды-Қорған облысы Алматы облысының құрамына енгізілді.
1967ж Талды-Қорған облысы Алматы облысынан бөлініп, құрамына: Ақсу, Алакөл, Андреевка, Гвардия, Қаратал, Панфилов, Сарқан, Талды-Қорған аудандары кірді.
1971ж. АН-24 ұшағымен Талды-Қорған - Алматы тұрақты әуерейсі басталды. Сол жылы Талды-Қорғанға алғашқы рет ЯК-40 реактивті жолаушы ұшағы қонды. Кейінірек
Талды-Қорған аккумлятор зауыты, тігін фабрикасы секілді ірі өндіріс орындары қосылды.
1993ж. қаламыз Талды-Қорған емес, біріктіріліп Талдықорған деп жазылатын болып өзгертілді.
1997 жылы Талдықорған облысы қайта таратылып, Алматы облысының құрамына кірді.
2001ж. 14 сәуірдегі № 585 ҚР Президентінің Жарлығымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласы болып бекітілді.
3. Қаламыздың елтаңбасы
Қаламыздың елтаңбасы туралы ІІ топ оқушылары ізденіс жұмысын жүргізген, солар сөз алады.
Елтаңбаның жоғарғы жағында қаланың аты жазылған және елтаңбада тағы қала атауының бірінші әрпі Т әрпінің сұлбасы бар. Елтаңбаның негізі болып саналатын жеті бұрыш үш мағынаны білдіреді:
- Жетісудың жеті өзені;
- өндірісті бейнелейтін деталь;
- Жетісу өлкесінің байлығын көрсететін асыл тастың бөлігі.
Жеті бұрыш өзен толқындарымен көмкерілген. Жеті бұрыштың ортасында қалада тұратын халықтар достығының белгісі ретінде шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтан тау суретіне қарай күн сәулесі тарап тұр. «Қазақстан Республикасы» деген жазу және гүлденген өлкені бейнелейтін сарғалдақ гүлі салынған. Қала елтаңбасының авторы – Абай Нұрғазыұлы Бейсембетов.
4. Қаламыздың картасы.
Бүгінгі Талдықорған. Болашақ Талдықорған.
Қаламыздың көрікті жерлері, мәдени орындары, мұражайлары, демалыс орындары, ұлы тұлғаларға орнатылған ескерткіштер, ашылған сарайлар, оқу мекемелері, жаңарған «Қаратал» шағын ауданы және болашақта ашылатын мәдени орындар, салынатын сарайлар, т.б. туралы ІІІ топ оқушылары ізденіс жұмыстарын жүргізген, олар өз жұмыстарымен бөліседі.
5. Мен ... атындағы көшеде тұрамын.
Тапсырма. Оқушыларға өздері тұратын көше кімнің атында екенін, сол тұлға жайлы мәлімет жинап, дайындалып келу болған.
6. Жыр шашу
Әр топ оқушылары «Жаса, жайна – Талдықорған» тақырыбына өлең шығарады. Болмаса белгілі ақындардың Талдықорған туралы өлеңдерін оқиды.
«Армысың, Талдықорғаным!» Е.Жақыпбеков
Армысың, Талдықорғаным,
Бармысың, барлық жамағат.
Жетісудың ел-жұрты,
Көгеріп өскен елсіңдер,
Қаратал, Көксу жағалап.
Осындай думан-жиында,
Өлеңменен сөз бастау,
Сүйінбай, Жамбыл сияқты
Пірлерден қалған аманат.
7. Сен еліңнің тарихын білесің бе?
Әр топқа 5 сұрақтан
• Аты да, мінезі де бұзық өзен қайда? (Алматы облысы, Тентек өзені.)
• Жетісудың жеті өзенін атаңдар (Іле, Қаратал, Бүйен, Ақсу, Лепсі, Басқан, Сарқан.)
• Жүз жасаған жыр алыбы (Жамбыл Жабаев)
• Біздің елімізде өсіп тұрғанына 700 жыл болған ағашты қай жерден кездестіруге болады?(Бұл тораңғы ағашы. Алтынемел ұлттық паркінен кездестіреміз, тораңғының жуандығы соншалық, бір- бірінің қолынан ұстап, жеті адам құшақтарына сыйғыза алады.)
• Қазақстандағы батыс бөлігі тұщы, ал шығыс бөлігі тұзды көл қалай аталады? (Балқаш)
• Қабан жырау атанған тұлға (Қабылиса Асанұлы)
• Жоңғар-қалмақ басқыншылығына қарсы күресте халық Қаракерей Қабанбай атаған батыр (Ерасыл Қожақұлы)
• «Менің пірім, ... , сөз сөйлемен сыйынбай» деп, Жамбыл жырға қосқан ұстазы (Сүйінбай Аронұлы)
• Жетісудың қос биі (Ескелі би, Балпық би)
• Белгілі жазушыларымыз Ғ.Орманов, С.Мұратбеков шыққан ауыл (Алматы облысы, Қоңыр ауылы)
• Қазақтың қас батырлары (Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай, Түкенұлы Райымбек.)
• Түсінде Қабан жырау ақ сәлделі әулие кейпінде: «Балам өлең аласың ба, көген аласың ба?» -дейді. Сол түсінде өлеңді таңдаған айтыскер ақын (Бақтыбай Жолбарысұлы)
• Қазақ халқының бірлігін қалыптастырып, нығайтуға зор үлес қосқан әйгілі үш би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.)
• Жетісудың қазіргі заман айтыскер ақындары (Қаныша, Айтақын, Балғабек, Жандарбек, т.б.)
• Қазақтың музыка өнерінің жарық жұлдызы, «Біржан-Сара» операсын жазған сазгер (Мұқан Төлебаев)
• «Ағынды менің, Ақсуым» деп жырлаған ақын (Ілияс Жансүгіров)
ІҮ. Сурет көрмесі
Тапсырма. «Кешегі және бүгінгі Талдықорған» тақырыбына суреттерден үш топ оқушыларына коллаж жасау, оны қорғау болған.
Ү. Сынып сағатына жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
Әр топқа «Білгір топ», «Шежіреші топ», «Өнерлі топ» атақтарын беру, топ басшыларына төсбелгілерін тағу.
ҮІ. Қорытындылау
Табиғат пен адам, егіз әлем ретінде, бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір-біріне сый, құрмет жасауға тиіс болса, сол құрметтің және басқа түрлері – адамның табиғатқа деген пейілі, оны қорғау үшін атқарған шаралары.
Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,
Ренжітсең, күрсініп, жылап та алар.
Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар.
(Мәрзия Аяғанова)
Табиғатқа, отбасына, дос-жаранға, қоршаған әлем, жан-жануарға деген ыстық ықыластан басталған махаббат сезімі Отанына, туған жеріне деген сыйластықпен ұласса, ол – адамның рухани деңгейінің биіктігі. Бауыржан Момышұлы: «Опасызда Отан жоқ»,- десе, Қазыбек би: «Алтын ұяң – Отан қымбат, туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат»,- депті. Ендеше, осы кір жуып, кіндік кескен жерді адамзат баласы әрдайым құрметтеп өтейік.
ҮІІ. Ән «Талдықорған»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.