.
.
Күні: 29.12.2011ж «Жасыл шырша. Жасыл түс»
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2122 | Размер: | Автор: ТәрбиеОқушы:Шиниязов Арсен
Сабақтың тақырыбы: «Жасыл шырша. Жасыл түс»
Сабақтың мақсаты: Оқушыға мейрам туралы түсінік беру.
Жасыл шырша арқылы жасыл түсті
білуге, ажыратуға үйрету.
Дидактикалық ойын арқылы жасыл
түсті меңгерту.Сөздік қорын
молайту.
Түзеу мақсаты: Ой-өрісін дамыту, ойын іскерлігін
қалыптастыру.Ұсақ моторикасын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Жасыл шырша, суреттер.
I Ұйымдастыру бөлімі
а) Амандасу
б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Жаңа сабақ.
I Тапсырма
Оқушыға суреттерді көрсету арқылы жаңа жыл мейрамын түсіндіру.
-Мынау не?
- Жасыл шырша.
-Шыршаның түсі қандай?
-Жасыл.
- Мейрам күні бізге кім келеді?
- Аяз ата мен ақшақар келеді.
- Сен мейрамға қандай киім киіп барасың?
- Сайқымазақ.
II Тапсырма
Жасыл шыршаны безендіру.
Әр түрлі ойыншықтардың ішінен жасыл түсті ойыншықтарды тандап алып, шыршаға ілу.
III Сергіту сәті:(Әуенмен)
Тербеледі шыршалар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай шыршалар,
Ұп-үлкен боп өседі.
IV Қима жасыл шыршаның суретін құрастыру.
Оқушыға берілген қима жасыл шыршаның суретін дұрыстап құрастыру.
V Компьютермен жұмыс.
Мышка арқылы жасыл түсті таңдап шыршыны бояу.
VI Саусақ жаттығу
1. «Шарик»
2. «Терек»
VI Жапсымма жасау.
Түрлі-түсті қағаздарды, кардонды пайдаланып шырша жасау.
VII Қорытынды
- Мынау не?
- Шырша.
- Қандай түсті шырша.
- Жасыл түсті.
VIII Үйге тапсырма
Суретті жасыл түспен бояу.
Бөкей Ордасы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Жасыл шырша.
Жасыл түс.»
Өткізген: түзеу мұғалім
Джакубалиева А.А.
Оқушы: Шиниязов Арсен.
Сайқын – 2011 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.