Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жетелі елдің- жеті белгісі. -

Жетелі елдің- жеті белгісі.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2388 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тәрбие сағатының тақырыбы: Жетелі елдің- жеті белгісі.
Мақсаты: Қазақтың шежіре, тарихи таңба- белгілері,еліміздің елбелгілері біздің саяси егемендігіміздің белгісі екенін баяндау. Отбасы- Отанды сүю, адамгершіл, еңбекшіл болу, Өз Отанына , халқына адал болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың түрі: интерактивтік сессия
Сабақтың әдісі: Дамытушылық жаттығулар: «Ассоциация» , «Кластер», «Венн диаграммасы», «Рефлекция»

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе
ІІІ. Негізгі тақырыпты ашу
ІҮ. Дамытушылық жаттығулар
Ү. Қорытынды

Мұғалім сөзі:
Әлемдегі кез- келген жаңадан пайда болған мемлекет - өзінің елбелгілерін әлемге паш етеді.
Бұл елдің саяси егемендігінің белгісі. Елбелгілер халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын , болашаққа үміт, арман- тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Қазақтар тарихи Отанында отыр. ХҮ ғ. ІІ жарт. төл мемлекетінің шаңырағын көтерді. Отарлық қыспақта да, тоталитарлық тозақта да елін, жерін сақтап қалған ел. ХҮІ ғасырдан бері тағдырдың айдауымен өзге ұлт өкілдері көшіп кетуіне байланысты көпұлтты елге айналды. Қазақтар қөпұлтты ортада тату-тәтті өмір сүрудің сан ғасырлық мектебінен өткен этнос. Әлем картасында ұлан байтақ жері бар, жер көлемінен 9 орын алатын жаңа мемлекет пайда болды. Гиосаяси,гиоэкологиялық жағы мен орналасуы біршама қолайлы болды. Еліміз Ресей мен Қытай сияқты екі алып мемлекеттің ортасында орналасқан. Жері үлкен болғанымен халық саны аз, 15 миллиондай ғана. Әлемде 71 орында. Халық саны аз болғанымен, көпұлтты болды. 130 жуық ұлт пен ұлыстың өкілдерінен тұрады.Теңізге шығар жолы жоқ, әлемде теңіз бен мұхитқа қашық 40 елдің бірі болып саналады. Теңізге қашықтығы 3750 шақырым. Жеріміз қазба байлыққа бай ел. Қазір 1214 елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Бүгінде Қазақстанның БҰҰ, ЮНЕСКО,ЕҚЫҰ сияқты68 ұйымда өкілдігі бар. Шетелде 50 шетелдік мекемеміз, соның ішінде 32 елшілік тұрақты өкілдік,2 дипломатиялық миссия,3 бас консулдық, 1 төлқұжат-виза қызметі жұмыс істейді.
1- оқушы
Өткен шақ. Бүгін. Болашақ.
Үңіліп байқап қарасақ:
Ілінер көзге алдымен
Сұр жебе толы қорамсақ.
Содан соң-қақпақ жауырын.
Басында құрыш дулыға
Көбік қып аттың сауырын
Жорықтан қайтты жауынгер,
Жаулады ма жер жүзін,
Семсерін қанға жуды ма?
2- оқушы
Жоқ! Қазақ қызықпас, көз салмас,
Біреудің жеріне,малына
Бұл-елін қорғаған ер сарбаз,
Немесе ақ ару Тамирис
Суарган жауларын қанына.
3- оқушы
Бұл-ер Еділ білекті, бұрымды,
Астамсыған Еуропа, Ұрымды
Дүр сілкінтіп «алтын күнін» батырды
Ол бастаған өңкей «варвар-жырында».
4- оқушы
Бұл-Тоныкөк. Білге қаған. Күлтегін.
Сөйлегенде аузынан от бүркетін.
«Он оқ түрік бұдұнынан» ол кезде
Жаулары да жасқанатын, үркетін.
5- оқушы
Бұл-Жәнібек, Керей деген хан бабам
Бола білген ұлысына мұрындық.
Бұл-Асан қайғы.Жерұйығын таңдаған,
Бұл-қырық батыр, арғы тегі-қырымдық.
6- оқушы
Бұл-Қасым хан және дағы ер Есім,
«Ескі жолмен» еркін басып келесің,
«Жолдан» шығып жаңылыссың,ертеңгі
Ұрпағыңа қандай үлгі бересің.
7- оқушы
Бұл-әз Тәуке, Абылай хан айбарлы,
Ұлтымыздың ұранына айналды.
Дара туған бас қолбасшы Қабанбай,
Малайсары, ер Бөгенбай,Саурықтар
Ұрандатып жауға шыққан аянбай.
8- оқушы
Бұл- Кенесары азуын білеген аспанға
Ұрансыз қазақ айқасқа өмірі басқан ба?
Ұран салса Кене хан бар даусымен:
«Бостандық үшін ұмтыл, қазақ, жасқанба?
Сазайын тарттыр жеріңді алған жауыңның».
Дейді емес пе: «Бір тосу-мың асқанға !»
9- оқушы
Бұл- Есет батыр, Исатай мен Махамбет,
Ойламаған ханға қалай жағам деп.
Ойлаған «қалай азат болар далам» деп,
Ұрандаған «қолдай көр бізді,бабам!»деп.
10- оқушы
Бұл-Ахаң мен Жақаң көзәнектің көзінен
Көрінген қайрат,қажыр мен шыдам,төзім де.
Бұл-Шәкәрім ақ сақалы желбіреп,
ГПУ-дің оғы ойық қалдырған төсінде.
11- оқушы
Бұл-Бауыржан, Талғат, Рақымжан, Мәлік, Төлеген,
Қан майданда жауыңды отқа бөліп ең.
Бұл-Әлия мен Мәншүк-қос жұлдызы Шығыстың,
Жарқырайтын мангі бақи төбеден.
12- оқушы
Бұл-Қайрат,Ербол,Лаззат сынды батыр қыз,
Жүректерде желтоқсаннан жатыр сыз.
Екі аяқтының айуандығына шыдамай.
Қошқыл тартып,қарс айырылып жатыр мұз.
13- оқушы
Бұл күнде құрыш дулыға киген арыстың
Мінгенін көрдім қасиетті қанатты барысты.
Алысқа қарап,аспанға салып назарын,
Қайрайтындай тот басқан біздің намысты.

Хор «Менің қазақстаным »

14- оқушы
Егемендік деген не?
Егемендік-«иесі мен» деген сөз,
Екі тізгі, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көген көз,
Мінбелерден айырланып сөз алған.
Егемендік-ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күйі,
«Егеменді» деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
15- оқушы
Егемен ел еңселі халқым
Болсын деп мәңгі дидарың жарқын
Бірліктің күшін еселеу үшін
«Отан» деп ұл-қыз берді антын.
Егемен елім еңселі халқым
Біздерміз сенің діңгегің алтын
Барыстай алға қарышта, Отан
Ғасырда жаңа артады даңқың!
16- оқушы
Бәрі болған қазақ сынды көне елде.
Елбелгілі де,ерлік, өрлік,өнер де
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді?
«Ту болмады» дегенге?!
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер жүректі байрағынан таныған
Өзі ақыны,өзі әнші халықта
Кім айта алар
«Болмаған деп-әнұран»?!
Бас білгізіп жер тарпыған тарпауға
Жасы тұрмақ шығады екен қары аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды
Түлігіне дейін салса ен-таңба?!
Хор « Көк тудың желбірегені» »
17- оқушы
Шежірен, тарихи таңба-белгілерді білу-рушылықты қоздырады деушілерге айтарымыз-«Жеті атасын білмеген-жетімдіктің белгісі». Шежірені, Елтаңбаны,Әнұранды білу-елді бөлмейді, қайта халықты бауырмалдылыққа, сүйіспеншілікке біріктіреді, бірлікке, ынтымаққа, еңбекке жұмылдырады, намыс-абыройын сақтауға, патриоттық рухын көтеруге шақырады.

Мұғалім сөзі: «Кластер» жаттығуы.
Не құпия сыр барын кім білсін, әйтеуір, қазақ баласы жеті санын қастерлеп, жеті ұғымын киелі санаған екен. Ендеше,балалар, жеті санына байланысты қасиетті ұғымдарды қаншалықты білеміз?
1. Жеті ата –
2. Жеті қазына-
3. Жеті күн-
4. Жеті ғалам-
5. Жеті жетекші-
6. Жеті ғалам-
7. Жеті амал-
8. Жеті жарғы
Енді рәміз белгілерге келер болсақ еліміздің «Жетелі елдің жеті белгісі» аталық

1) Ту. Көрген жерден-ақ шымқай түс, жылы ырғақ, көл көңіл,кең пейіл кеңістігіне кенелетін, ерке сезімдерді көкжиексіз көкте Күді құшқан қыранмен қатар қалықтап, көтерілген сайын көкірек кернеген керемет екпін дарытып, жігеріңді жебеп тұратын, тұтастықпен бірліктің , ынтымақ пен адалдықтың ізгі ниетімен ұштасып, біз деген бірдей ұғым көгілдір көзін көнеден тартқан құдіретті белгі. Тек сенің төбеңде ған жел ескізіп, тек сенің егемендігіндігінді дүниеге паш етіп тұрар байрақ.
2) Елтаңба. Тағдырдың тар жол,тайғақ кешуіне дес бермей, етер қажыр-қайраты, қаһармандығы, бірлік берекесі біте қайнасқан, ұлы ұлағатын ұрпаққа ұластырушы.
3) Әнұран. Халықтың мұңы мен мұратын, қайғысы мен қуанышын, құштарлығы мен құлшынысын, қаһарман қажыр-қайратын, шайлықпас текті айбатын, шабыттана жан дүниемен беріле шырқайтын сұлу саз әлгі қасиетті сөздермен қосылып айтылатын халықтың жан даусы, құдіретті әуені.
4) Төлқұжат. Бұл өз жүрек лүпілі мен ырғағын сезініп тұратын тұстан орын беретін азаматтығына кепілдік болып, мемлекетке қажетті, еліне тәуелді екендігіңді сездіретін анықтама айнасы, ұлыс пен адам ара байланысы.
5) Ата Заң. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Коституциясы қабылданды. Егеменді Қазақстанның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы,әлемдік демократиялық құндылықтарыкөрініс тапқан.Республиканың одан әрі даму кезеңіне арналған тарихи құжат.
6) Елтеңге. Тәуелсіздігі қолына тиген егемен елдің ең бір айрықша белгісі-ақша. Ақша-асыл қазына, халық байлығы,ел еңбегі.Өз ақшамыз- егемен елдің нышандарының біріне жататын тәуелсіздікті танытанын, ел еңсесін көтеретін асыл қазынамыз. Сондықтанда біз ұлттық валютамызды «Елтеңге» деп атап, ел рәміздерінің біріне жатқыздық.
7) Ұлтжазу. Ана тіліміз-қазақ тілі, оның мәртебесі-адам,халық мәртебесі, мерейі, тұптұқияннан, жетпіс жеті атадан, пұстыдан келе жатқан қасиетті мұра. Сондықтан да ол-тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ана тіліміз, ұлтжазуымыз-елдігіміздің ең асыл, ең мәртебелі көрінісі. Ана тілі арқылы халықтарды ажыратуға болады. Еліміздің көгінен, әрбір ұйдің төрінен, әр азаматтың жүрегінен құрметті орын иеленіп, төтенше қастерлеп тәңірі тұтып, тәжім етіп, бас иер, елдің тек өзіне тән, өзгеге ұқсамайтын, өзін бүкіл дүниеге паш етіп тұратын қазақ рәміздері үшеу емес, жетеу болған. Оларды біз «Жетелі елдің жеті белгісі» деп атадық. Олар:
1. Ту.
2. Елтаңба.
3. Әнұран(гимн).
4. Төлқұжат.
5. Елұран.
6. Елтеңге.
7. Ұлтжазу. Осы жетелік ел көгінде жұлдыздай еркін жарқырап жанады.

Ту-бейбіт өмірде тыныштықтың,күш-қуаттың,ал соғыс жағдайында ерліктің, батылдықтың, қайғы-қасіреттің белгілірі.
Күн бейнесі-өмірдің, береке-байлықтың белгісі, шеңбер өміршендік нышаны.Күн- көшпенділер өмірінің кеңістік пен уақытты білдіретін, бағдар ұғымы да болып саналады.
Қыран бүркіт-күш-қуаттың, қырағылықтың,биіктің, көрегендіктің көрінісі.Казақстан туында күн-бейбіт өмірді, бақыт пен берекеге ұмтылған ел мұратын,халық арманын бақатады.
Ұлттық өрнек(қошқар мүйіз)- жолақ қазақ халқының қолданбалы өнерінің жарқын бейнесі, ұлттық ерекшеліктің айқын бейнесі. Мемлекеттік туда алтынмен айшықталған ою-өрнектер зеңгір көк түспен үйлесімділік тапқан.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасындағы шеңбер-өмір, тіршілік, мәңгілік ұтымын білдіреді. Еліміздің елтаңбасының маңызды нышандарының бірі-шаңырақ.
Шаңырақ қазақ халқы үшін ерекше қасиетті ұғым. Ата-бабаларымыз шаңырақты айрықша қастерлеп, кие тұтқан. Шаңырақ-отбасындағы амандық, береке-бірлік, татулық өмір қоршаған орта, әлімдік сәулет өнерінің тамаша үлгісі,ортақ отанымыздағы тыныштық, тұрақтылық,беріктілік ұғымдарымен байланысты.
Киіз үй-ата бабамыздың басты баспанасы. Киіз үй баспана ғана емес, сәулет құрылыс, қол өнер жетістіктерінің тамаша үлесінің туындысы да болып табылады. Баспана киіз үйдің үлгілері күнбез бейнесінде Президент әкімшілігі,Парламенттік қос палатасының біріккен мәжіліс залында, Президенттік мәдени орталығында және тағы басқа құрлыстарда көрініс тапқан.
Шаңырақ бейнесі-қазақ халқы жәнереспубликасының басқа халықтарының ортақ Отанының көрінісі. Шаңырақтың беріктігі, мықтылығы осы қоршаған уақыттарға, ал ортақ отанымыздағы татулық пен береке-бірлік еліміздің әр азаматының іс қимылына, әрі гүлденуі үшін адал қызмет жасауына байланысты.
Қос пырақ-Мемлекеттік Елтаңбадағы ақ мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-жылқы бейнесі батылдықтың, күш-жігердің, көркемдіктің, адалдықтың нышаны болып табылады. Қазақ ұғымында жылқы қасиетті жануар.Адамның өмірлік серігі, азығы,сұлулықтың, тектіліктің,еркіндіктің, жылдамдықтың, күш-қуаттың нышаны. Қанатты тұлпардың алтын қанаттары алтынның алтын масақтарын бейнелейді, олай болса, ол молшылықтың, тіршіліктің нышаны деуге де болады. Қос пырақтың қанатты-асқар биікке ұмтылған тәуелсіз мемлекеттің асыл мұратының, келешегінің нышаны.
Мүйіз-айбындылықтың, күштіліктің,беделділіктің белгісі. Қазақстан ұғымында «Мүйіз» күш-қуат,ерлік, батырлық,айбаттылықтыда білдіреді. Елтаңбамыздағы жеті тармақты мүйізді тұлпарлар ата-бабаларымыздың түп-тамырын білудің қажеттілігінен туындаған. «Жеті» саны әлемдегі көптеген халықтар үшін киелі саналады,аспан әлемінің жеті қабаты және т.б. мәліметтер береді.
Бес бұрышты жұлдыз-мемлекетіміздің бес құрлыққа да ашықтығын, еркін еліміздің ертеңі еңселі, ел өркениетін бұдан да биік нысанаға көтеруге шақырады. Адамзат үшін жұлдыз-биіктіктің,биіктің өмірдің бағыт-бағдарын айқындаушы, ақиқат пен әділдіктің белгісі болып табылады. Бес санын-ақиқат пен әділдіктің өлшемі деп санауға байланысты білімді бес балл мен бағалау дәстүрі шыққан. Қазақстанда мысалы, Күлтегін ескерткішінде бес бүрышты жұлдыз суреті бейнеленгені мәлім.
Мемлекеттік Елтаңбамыздағы «Қазақстан» ел аты ретінде этно-мәдени рәміз болып саналады.
Әр елдің әнұраны белгілі бір халық жайы, оның арманы, болашағы туралы сипаттама береді. Әнұран(гимн-грек сөзі) арнайы өлеңдерге жазылған салтанатты ән.
Қазақстан Республикасының Әнұраны-мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігін паш ететін қайрат пен салтанаттық сипаттағы әуен мен сөзден құрылған музыкалық шығарма.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматыныңқасиетті борышы.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу-елді, халықты, тарихты, әдеп-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қорытынды.

Венн диаграммасы «Менің Қазақстаным»

Отаным Отбасым

Рефлекция: «Аяқталмаған сөйлем»
- «Бүгінгі сабақта мен ... білдім»
- «Бүгінгі сабақта маған ұнады...»
Қорытынды.

Хор «Сәлем саған туған ел»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.