Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жігіттің сұлтаны кім? саралаңыз -

Жігіттің сұлтаны кім? саралаңыз

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1725 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Жезқазған қаласындағы
№21 білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ахметова Баршагул Тажибаевна



Тәрбие сағатының тақырыбы:
Жігіттің сұлтаны кім?" саралаңыз
Мақсаты:
Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді үйрету, Отанды сүюге, Ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Байқау шарты:
 «Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді біледі». (Өзін таныстыру.)
 «Жігітке жеті өнерде аз». (Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс және т.б.)
 Үй жұмысы. (Өзінің қолынан істеген бұйымын әкеліп, жасалу технологиясын түсіндіру.)
 «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер». (Бата беру.)
Қойылатын талаптар:
 Ұлттық киім.
 Сахна мәдениеті.
 Сөйлеу мәдениеті, өз ойын ұтымды жеткізе білу.
1-бастаушы: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші: Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той-думан
Қырандардың қосында.

1-жүргізуші: Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, кәнекей, қырандар!
Босқа қарап тұрмаңдар!
Бастап жігіт өнерін,
алыстарға самғаңдар
2-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді
2-жүргізуші: Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата-баба үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Сұрақтар: Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.
№1 асық. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1. Түйе – Ойсылқара
2. Жылқы – Қамбар ата
3. Қой – Шопан ата
4. Ешкі – Шек-Шек ата
5. Сиыр – Зеңгі баба

№2 асық. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
1. Қаңтар 7. Шілде
2. Ақпан 8. Тамыз
3. Наурыз 9. Қыркүйек
4. Сәуір 10. Қазан
5. Мамыр 11. Қараша
6. Маусым 12. Желтоқсан

№3 асық. Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
1. Жылқы - құлын
2. Сиыр - бұзау
3. Қой – қозы
4. Ешкі – лақ
№4 асық. Жыртқыш құстардың атын ата.
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.
№5 асық. Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын
атап шық, біреуін түсіндір.
Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.
№6 асық. Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.
1-жүргізуші: Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.
(Ән орындалады)

2-жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,
Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-
демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.
(Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді)
1-жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.
1. Салмақ тасын көтеру.
2. Мойын арқан тартпақ.
3. Білек күшін сынау.
2-жүргізуші: Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе,
Досыңды бірге жүрген басып өтпе,
Басыңа әлдеқандай іс түскенде.
Келесі кезекті тағы да әнге берейік.
(Ән орындалады)
1-жүргізуші: Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгіні мен өткені.
(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауапберу)

Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді.
№1 асық. Үш ұғым туралы сұрақтар
1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші
2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал
№2 асық. Жеті атаны талдап беру.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
№3 асық. Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.
Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу т.б.
Жүргізуші: “Жеті атасын білмеген жетесіз” – деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата берсін!
(Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласады)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.