Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Жол тәртібін жадыңда ұста!». -

«Жол тәртібін жадыңда ұста!».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2426 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов атындағы
жалпы білім беретін орта мектеп



«Жол тәртібін жадыңда ұста!»



6 «а» сынып
Сынып жетекшісі: Қалиева Гүлназ
Ақжігіт-2014 жыл
Сынып сағатының тақырыбы: "Жол тәртібін жадыңда ұста!»
Сабақтың мақсаты:
1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;
2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру;
3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.

Білімділік: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс – жүзінде асыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық, ұжымдық.

Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістер, ойнау әдісі, талдау-жинақтау, сахналау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер.

Сабақтың барысы:

Түрі: сайыс сабағы

Сабақ жоспары:

Құрметті оқушылар! «Жол тәртібін жаныңда ұста» атты сынып сағатымызды Шөмішбай Сариев ағамыздың мына өлең жолдарымен бастағым келеді.

Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.

Біздің еліміздің барлық қала,ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін жете білмейді. Ал кейбіреулері біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып,кейбіреулер жарақат алады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқытылатын жолда жүру ережесін мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруы керек. Үлгілі,тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру ережесін,заңын бұзбайды.

Қай көше,қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жолда жүру ережесі-заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.

Енді сөз кезегін оқушыларға берейік

I топ. "Бағдаршам"
Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.

II топ. "Жол белгілері"
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!

I топ. "Бағдаршам"
(Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды.)

Мұғалім: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік.

Гүлжаһан: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

Жұлдыз: Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

Ұлжан: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью - Йорк, т. б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл.
1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады. Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

Ғалымжан: Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.

Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді
Қарап қалма маңайға дейді.

Думан:
Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!

Қанағат:
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба!

Сауле:
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы Америкада электр бағдаршамы пайда болды.

Райхан:
Ал, бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанды бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін небары 127 км ғана жол болатын.Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.

ІІ топ. "Жол белгілері"

Әділхан:
Үйрен таппай тыным бір.
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең.
Тартар жолың бұлыңғыр.
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

Нұрдана:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.

Айдана:
Жолдар қиылысында
Қалтарысып қысылма.
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртіктеп тоспа оны.
Бос болмаса алайда
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып
Ол өткенше тос тұрып.

Нұрсұлтан:
Сақтандыру белгісі:
Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам,
Қауіптен сақ бол деп
Сәт-сапар жолдаған.

Гауһар:
Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған шеңберім аумақты
Тыйымшыл белгімін,қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар,бағдарла көз салып жан-жақты.

Дидар:
Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс,әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол,шартыңды міндетті орында!

Жаңылсын:
Нұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын,тұрағын,
Үн-түнсіз жол сілтеп,жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де,түнде де от болып жанады.
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Мұғалім: Олай болса оқушылар бағдаршам ойынын ойнап көрейік. Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.

Ойын шарты:
1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.

2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

Мұғалім:
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!

Сергіту сәті: Оқушылар Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Жол полиция комитетінің тапсырысы бойынша жасалған «Жолдос көмекке асығады» мультфилимін тамашалаймыз.

Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса, қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.

1 - жұмбақ:
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)

2 - жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3 - жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

Викториналық сұрақтар.
1 - сұрақ. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Жауап: Кез - келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

2 - сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.

3 - сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.

4 - сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмауы мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама - қарсы бағытта жүрген жөн.

Қорытынды:
Мұғалім: Қымбатты оқушылар! Оқушылар жолда жүру ережесімен таныстыңдар. Олай болса, оқушылар жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.
- Балалар, жол ережесін сақтаңдар! Аман жүріңдер! Қазір барлығымыз ән айтайық!

«Әрқашан жолың болсын!» әні.

Көңіліміз күндей күліп,
Жүректерде гүлдейді үміт.
Өмір сүру мүмкін емес
Жол тәртібін білмей тұрып.
Әрқашан жолың болсын!
Жаныңа шаттық толсын!
Қасыңда болсын анаң,
Болайық біз де аман.
Балғын жаспыз, жас ұланбыз,
Гүл боп жаңа ашылғанбыз.
Жол тәртібін есте сақтап,
Болашаққа асығамыз!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.