Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Жыл басы – Наурыз». -

«Жыл басы – Наурыз».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2067 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қызылорда қаласы № 101 орта мектептің 6 «Д» сынып жетекшісі Ахмедов Нұрлыбек

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Жыл басы – Наурыз»

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету ; оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суретті плакат, нақыл сөздер, ұлттық киімдер,жартылай тігілген киіз үйде ұлттық ыдыс аяқтар, қамшы және т.б.

Барысы.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
1-жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
2-жүргізуші: күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың!
1-жүргізуші: Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

2-жүргізуші: Қош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы халықтың,
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамын!
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік біз сізге!
Ақтолқынның орындауында «Наурыз» әні

1-жүргізуші: Міне Наурызда келді. Осы наурызға байланысты не білер екенбіз? Соны ортаға салайық.
1-оқушы: Шығыс күнтізбелігі бойынша жыл басы болып саналатын Наурыз күн мен түн теңелетін наурыздың 22-сіне, жер бетінде тіршілік біліне бастайтын мезгілімен тұстас келетін мереке.
2-оқушы: Наурыз көже- наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттылыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.
3 –оқушы: Наурыз тілек. Әр адам өзіне, от басына немесе жақын туыстары мен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір бірінің үйіне кіріп дәм татады.
4-оқушы: Наурыз бата. Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі- осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі.
5-оқушы: Наурызнама- шат шадыман ойын –сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.
6-оқушы: Наурызша. Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қар түседі. Оны халық наурызша деп атайды.
7-оқушы: Наурызшешек. Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қаушақты әсем өсімдік. Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі.
Ән орындалады.
2-жүргізуші: Бізге ақ батасын, ақ тілегін беремін деп Қыдыр ата ортамызға келіп тұр. (Қыдыр ата кейпінде оқушы келеді)
Қыдыр ата: Армысыңдар, жәмиғат! (қолың жайып)
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин!
(бетін сипап бата береді.)
Балаларым ата-салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарын өте жақсы екен. Үлкен рахмет. Ал кәне, енді қандай қызықтарын бар?
1-жүргізуші: Жез таңдай, күміс көмей ақындарсыз қазақтың қай тойы өтіп еді! Ақындарымыздың өнерін тамашалаңыз.

1-айтыскер: Мінгені сылқымдары берен екен,
Өнері талаптының өлең екен.
Сұрайын қайыруын айтып берші,
Бірінші жылға кірген немене екен?

2-айтыскер: Дүние ойлап тұрсам дұшпан екен,
Өмірде күнәліні қысқан екен.
Айтайын сұрағыңа анық жауап,
Бірінші жылға кірген тышқан екен.

1-айтыскер: Бәйгеден келсе жүйрік жарар еді.
Сүзілтіп жал құйрығын тарар еді.
Жыл атын өткен жылғы айтып берсең,
Көкейге қонып өшпей қалар еді.

2-айтыскер: Қонғаны ауылымның ой болады,
Мереке жылда осындай той болады.
Түйіп ал көкейіңе ұмытпастай,
Жыл аты өткен жылғы сиыр болар.

1-айтыскер: Ауылым қыстап отыр ойқораны,
Мереке күнде осындай той болады.
Биылғы жылдың атын айтып берші,
Білгеннен соң тағыда ой толады.

2-айтыскер: адамға құдай берер несібені,
Мына дос қалай-қалай көсіледі.
Біліп ал, мен айтайын мұның жайын,
Биылғы кірген жылың барыс болар.

Екеуі бірге: Өлең жыр көп шырқалды қосыменен ,
Айтысты ақталық осыменен.
Сау болып тұрыңыздар, апайларым,
Сәби де жетіледі досыменен.

Ән орындалады.
Оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.

Қыдыр ата: Ой, рахмет, айналайындар! Өркендерін өссіп, талаптарыңа нұр жаусын!

2-жүргізуші: Өлең өрлеп, жыр самғай,
Үйлесті әсем сәніміз.
Болады екен жыл сондай-
Қандай болса Наурыз!
Жан қалмасың жай тұрған,
Мәз болсын жас кәріміз.
Күй шертілсің, ән айтып,
Би билейік бәріміз.

Ақтолқын мен Ақгүлдің биін тамашалайық

1-жүргізуші: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз.
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жастарымыз.
Би биледік бәріміз.
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан,
Бас иеміз саған, Наурыз!

2- жүргізуші: Наурыз құтты болсын,
Дендеріңіз сау мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін,
Барлық халық бақытқа кенелсін!
Еліміздің несібесі көп болсын,
Қош, сау болыңыздар, халайық,
Көріскенше күн жарық болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.