.
.
Мақсаты:Фариза Оңғарсынованың өмір,шығармашылығын насихаттау, оны жас ұрпаққа кеңінен таныту.Қазақ поэзиясына асыл өлең жазуды мақсат еткен өлеңдерінің идеялық мазмұнын ұғындыру. Ақын қаламынан туған өлең,жырлары арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу,автор көтерген тағылымдар арқылы ақынның азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі-өнеге алуға шақыру. Жыр маржаны - Фариза
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3447 | Размер: | Автор:( Сахна артынан )
Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз!
2014 жыл 23 қаңтар - қазақ халқы үшін қаралы күн болды.Халық жазушысы, қазақ ақыны,Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынова 74 жасында дүниеден озды.Фариза апамызды еске алып, баршаңызды 1 минут үнсіздікке шақырамыз.
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, жыр сүйер қауым! Табиғат – Ананың төсін еміп, кеудесінде жүгіріп ойнаған қаймана қазақ қашан да от ауызды, орақ тілді ақиық ақындарға, жайсаң жазушыларға кенде болған емес!
2-жүргізуші:
Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрайды.
Фариза Оңғарсынова - қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты .
1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
1- жүргізуші: 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен.
1-жүргізуші:
1966-1968 жж. Гурьев облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген. 1968-1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.
1970-1978 жж. республикалық "Қазақстан пионері" газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан "Пионер" журналының бас редакторы болып істеген.1978-1996 жж - республикалық «lino-Hep» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы. ҚР Парламенті Мәжілісі 1-ші және 2-ші шақырылымдарының депутаты
2-жүргізуші:
Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, "Біздің Камшат" повесі, аудармалары "Жазушы", "Жалын", "Молодая гвардия" баспаларынан жарық көрді.
1- жүргізуші:
Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
Есімі алты алашқа белгілі Фариза апайымыз қазақ поэзиясына тән ерекшелікпен халық үшін қызмет атқарып жүрген жан еді. Оның әділ де, батыл өлеңдері халқымыздың құрметіне боленіп жүр.
2-жүргізуші:
Ақынның шығармашылығына тән басты қасиет – шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады.Оның өлендерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді. Қазір барлығымыз экрандағы бейне баянға назар аударып, бір сәт ақын апамызды тыңдасақ.
Бейнеролик
2-жүргізуші:
Әйел – Ана тақырыбы. Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: "Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы",-дейді.
Слайд. Ән:Фариза
1-жүргізуші
Ақын әйелдер жанының құпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, тағдыры мен трагедиясына бірнеше жырлар арнады. Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау – Фариза туындыларының бір қыры.
Жансая
Анама
Кеудеңде мені тербеттің,
жас шыбық енді көктеді.
Мінеки мен де ер жеттім,
еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын,
аяулым сенсің,анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
"Адал бол,- деуші ең, - жұлдызым",
сақталды сөзің жадымда.
"Игі еңбек түбі осы-ау" дер
көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер
мәңгілік Күндей,анашым!
2 жүргізуші:
Ақын апамыздың сөзіне жазылған әндер елімізде кең таралаған. Әкеге арнап жазылған әні «Әке туралы ой».
Орындайтын 11 сынып оқушысы Саясат Дана
Бесікте жаттым уілдеп,
сол бірсұрапыл соғыс күндерде,
қан кешіп біздің әкелер
сонау батыста жырақ жүргенде.
"Жан папа" деген бір ауыз
сөзді айта алмай қалғандар көп қой, бір мен бе?..
Жиырмада,қыздар, жайқалған гүлдей
көз тартып бейне жанасың,
сол жиырма жаста құшақтап мені
қалыпты жалғыз анашым.
Тұңғышым деген мына мен шіркін
кенжесі де боп қалыппын,
жаза алмай жүрек жарасын.
Үмітпен әр кез алданушы едім
Келер деп менің папам да
(балалық жүрек сезбеді оның
кеткенін мәңгі сапарға).
Өсірді мені
сол ана гүлдей мәпелеп,
ержеттім, тұрдым қатарда.
Бақытты балғын сәбилер бүгін
жетелеп жүрсеәкесін,
қызыға қарап,
күрсіне қарап,жанынан үнсіз өтесің.
Еркелік көрмей,мейірім нұрын
аңсаған көңіл мың толқып,
елжіреп кетеді екенсің...
Сержан
Бауырластарыма
Армысыңдар, бауырлар, бармысыңдар!
Ағаларым-асқар тау, қарлы шыңдар.
Жеңгелерім- жанымның жайлауы еді
Інілерім – шым болат шалғысыңдар.
Сіңлі,келін- періште тілеулесім,
Барлығың да әйтеуір бармысыңдар?!
Абдулхамит
Бар болыңдар,
Сендер болсаң, туардай іркіт күнім,
Қашар менің жанымнан сылтып мұңым.
Мен сендердің шөлдегі бір түп гүлің,
Сендер барда самғайды бүркіт-жырым.
Мирас
Сендер барда сезбеймін, сездірмеймін
Иығымның, жанымның жыртықтығын.
Тағдырыма жазылмай кемел несіп,
Жалғыздықтың бейнетін келем кешіп.
Шыбын жаным шырқырап ертеңгі күн,
Не болар деп ел деген ерен бесік.
Асылхан
Менде арман жоқ – алдымда тілек тілеп,
Сендер жүрсең, қаумалап, елеңдесіп.
Сендер барда жырым бар, қаным да бар,
Желбірейтін туым бар, тағым да бар.
Жүдеп жүрсем, жігер бер, жалынға мал!
Арқа тірер жалғанда сендер барда
Өзім кетсем, мұңдылау әнім қалар.
1 жүрғізуші: «Атыңнан айналайын туған өлкем!» деп, сағыныштан алып-ұшқан, табиғат-ананың саф-ауа әнін құшқан ақын-жүрек, атаның құнын кешетін, ағаның қолын шешетін,кешегі ездікті айтатындар санатынан емес,ертеңгі елдікті айтатын - ел үшін туған батыл-жүрек.
әні: Қалдыбек Құрманәлі сөзі: Фариза Оңгарсынова Ән: «Жайықтың толқындары»
Орындайтын: Ғалымжан Айда, Бисенкулова Ақжарқын
Жарқын жылдарымның.
Балғын жырларымның.
Куәсі өзің едім,
Бесігі құндағымның.
Сағынғаным-ай.
Жағаңда ержеткен,
жанымды тербеткен.
Жайыктынң толықындары.
Жастық-ай шіркін деп,
жүрегім үлпілдеп,
аңсайды сол күнді әлі
Жайықтың толықындары.
Сүйген, ғашық болған.
..... тасып толған.
Көңілі көктемдердей.
Ғұрпыны көкпен жердей.
Сағынғыным-ай.
Достар жаны құрбан.
Аппақ ары нұрдан.
Ауадай тілектерің.
Сендерді сағынудан,
Арылмадым-ай
1-жүргізуші:
Ақын туралы сөз айту, мақала жазу өте қиын.Өйткені ақын-поэзия.Ал поэзия- құпия тылсымдарына мың батырып, мың шығаратын дауыл күні теңіздей құдіретті әлем.Ол әлемнің сұлулық болмысы да ерекше, ылғи шыныдай жарқырап, бір көрме жылтырақ әрімен баурайтын арзан әдемілік поэзия әлемінің табиғатына жат. «поэзия-гүл,поэзия-көктем,поэзия-жазғы кештегі сырлы бақ» деген-жыр табиғатына бойлай алмай,әшейін сырттай қызықтаушылықтан туындайтын сипаттаулар.
Гүлсезім
"Сүйген - сұлу"
Сенің көзің көк те емес, қара да емес -
қой көзді деп атайды мұндайларды.
Ол көздердің оты да ғажап емес,
бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Сенің көркің ерекше емес, тегі,
(дәрі боп па қыздарға сарылығың!)
Бірақ маған "керім" боп елестедің,
саған ғана табынды бар ұғымым.
Мен үшін сен - бәрісің тіршіліктің,
жаным ұйып тек саған сыр ағыттым.
Осы екен ғой, мен жаңа бір сыр ұқтым,
"Сүйген - сұлу" дейтіні бұ халықтың.
2-жүргізуші: Ақын өз заманының ар-ожданы ол болашақ үшін өмір сүреді жеке-дара- ақын жөнінде айту сол халық мәдениетінің бір қыры, ұлттар әдебиетінің гүлденуі мен өзара жақындасу диалектикасынан туындаған болмыс шындығын тану деген сөз.ал ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА қызу қанды,өзіндік ұтқырлығымен,ізденіс-талпыныстарымен барша жұртты,өлеңқұмар көпшілікті ризалық сезімге бөледі.
Жастарды адалдыққа баулуда сын-мақалаларымен де поэзия сырын дұрыс танып, ұғынуға тәрбиелеп те келеді десем, артық айтпаған болармыз.
Ақынның қоғамдық қызметтегі белсенді өмірлік поэзиясынын келесі қырларының бірі- осы болса керек.
Әйгерім
Мынау жердің үстінде,
Әділеттен жаралған жандар барда,
Үміт барда талпынтқан таңдарға, алға,
Досыңның түсін жылытып,
Жауыңның мысын құрытып.
Төгіледі арай жырлар,
Шуағында толқиды ақ айдындар.
Альфия
Сен қайда жүрсің?
Сен қайда жүрсің,
мені осыншама сағындырып,
жүрегімді лаулатып жалын қылып?
Мен сені іздеп жүрмін
шығар-ау деп жарқ етіп түзден бір күн,
мазасыздық жайлаған жанымды ұғып.
Жинап жүрмін жүрекке
ашу, ыза - кеудемде қамалған үн,
шаттығым мен пәк күлкім, ән-арманым,
басқаларға айта алмас сырымды мен
ішімде бүгіп жүрем -
ақтаруға тек қана саған бәрін.
Жанымды жайып салам,
көмілмей жасқа, мұңға!
Орап сені сағыныш - ақ сағымға
(қымсынбаймын бар әлем қарап қалса),
сені ұйықтатып алдымда таң атқанша,
отырамын көз ілмей бас жағыңда.
1-жүргізуші: Фариза ақын өлеңдерінің ажары- ағынан жарылған азамат жанның сүйгеніне деген ақ махаббаты, ыстық жүрегІ «Адам деген күрделі жаратылыс қой. Оның ішінде әйел халқының жан дүниесі- өз алдына бір әлем. Мен өз жырларымда сол әйел жанының сан күйін, мүмкіндігін жеткенше, жеткізгім келеді.Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерлерім- әйелдер,Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы- өлеңдерімнің арқауы» деп айтқан Фариза апай. Фариза поэзиясының ең шүйгіні, қалың белесі, жастықтың жасыл құрағы, мәңгіліктің тұрағы- махаббат жайындағы жырларына қоса қазақ қоғамының мұңы мен мұзың тамшылатқан табанды қалам қарымы дәлел.Ол әр адамның ақын жырымен жеке сырласып, өзара іштей мұң шағатын шағында ғана қаңық бояуда, келісті келбетпен бой көрсететін тылсым дүние.
Бірақ өзің айныдың
Ұмыттың да жастың жұмақ күнін
Сен мысқылдап,менболсамжылаптұрдым.
Өмірдегенбұрқанғандарияға
Бұрымымнанұстапақлақтырдың,
Сонда ғанаесейіпбұлжалғанда
Бәріалдамшыекенінбір-ақбілдім.
2-жүргізуші
Ән: Сағыныш
Орындайтын: 5 сынып оқушылары
Сағыныш
Қиялым сен жақтарда,
Жүрегім алып-ұшып.
Отырам ел жатқанда,
Сені аңсап, жаным ысып.
Қайырмасы:
Үмітпен келер деген,
Жолыңа қарайладым.
Тек маған сенер деп ем,
Қайдасың, арай бағым?
Өткіздік тағы қысты,
Көктем жоқ бұл көңілде.
Мөлдірін сағыныштың,
Сезінбей жүргенің бе?
Қайырмасы.
2-жүргізуші:Өлең қалайтуады?Әрине, бұғанбірерауызсөзбеннақтылыжауап беру мүмкінемес. Жалпыөздүниеңтуралы, жүрегіндіжарыпшаққанқандайдабіршығармажайлыайту мен үшінқиын. Еңалдымен, меніңсүйенетінімөзжүрегімнің, өзәлемімніңдірілі, түйсігі.Алөлеңдерімтуралыайтқанда, қиындейтінімадамөзініңішкіжансезімін, толғаныстарынөзгеніңалдына оп-оңайжайыпсалмайдығой.өйткеніоңайайтылып,жеңілжазылғаннәрсежұрттың да жүрегінежетпейді,жеткенкүнде де әсерсізқалады. Ешқашан да жеңіл, қарадүрсін,жалаңақылайтуүшінжазғымкелмейді. Оқушылардыңбасынауыртуүшінемес,олардыңтереңіненсезінуі, табиғитүйсінуіүшін, ойланып-толғанажүруіүшінжазамындегенФаризаОңғарсынова.
1-жүргізуші:Жарық дүниешапағатыменжаңағанатабысқаннәрестебесіктежатып-ақөзінқанаттыжырыментербеп,аялапәлдилегенанамейіріменсезеді .Жұмсақ ,жылылебіз, тамылжығанәсерліәнбөбекжүрегінежайлыбірырғақ, төгілгенкүйнәшін, күйәуезінжеткізеді. «Әлди-әлди, ақбөпем, ақбесікке жат бөпем». Толғанып, тебіреніпанамахаббатынбаласының ар-намысы таза, адамгершілігібиік, өнерпаз, адалазаматбопөсуінтілейтінқамқоршыжанныңарманүмітіастарласосынаужолдардыңсырын жете ұқпаса да, титімдейсәбиәлдисазын, әнәуенінаңғарады.
Ақжарқын
Қос жүректің
Бір соққан лүпілінен,
Махаббаттың армандай жыр тілінен,
Ләзаттың таңдардай нұр түнінен,
Жаратылған жемісі гүл-жанымның,
Сезімімнің, шашылмас сырларымның,
Қалампырдай иісінен құндағыңның
Жаным жасыл бүр атып жасарамын, Сен келдің де, басқаны тасаладың.
Ғұмырлымын, мен енді мәңгілікпін –
Мәңгілікке жасалған
Жас Анамын.
1-жүргізуші:
Ақын Мұқағали ағамыз жырларын жабырқаған жандардың жұбанышына, өмірге деген махаббаттарын, ішкі сырларын өзі де «жігітінен қазақтың дос таба алмай, қыз да болсаң мен саған мұң шағамын» деп Фаризамен мұңдасты.
Фариза деген ат қандай!
Нотадан теріп жатқандай,
Әр буыны әндетер,
Аймақты бүкіл сәні етер,
Әлем көркін ашқандай.
Би: «Дала сазы»
Орындайтын: «Айбибі» би тобы
І жүргізуші:
Қазақтың өр мінезді, асқақ рухты ақын қызы Фариза Оңғарсынованың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.
Дүлдүлдердің шабысына шабыт сыйлап, бұлбұлдарға үн қосқан Қазақ елінің әр таңы әнмен рауанын ашады. Өмір тынысын кеңейтіп ертеңге құлаш сермейді.
2 жүргізуші: Фариза ақын – даламен үндесіп, бабамен тілдесіп, жаңамен үйлесіп, санамен күн кешіп өз биігіне жеткен ақын. Халқына арқа сүйеп, қайсар болған, еліне еркелеп жауһар болған, оқырманына сүйеніп гауһар болған ақын.Қазақтың өр мінезді, асқақ рухты ақын қызы Фариза Оңғарсынованың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады,сондықтан да Фариза апамыздың өлең-жырларын өздеріңізге тарту етеміз құрметті көрермен.
1-жүргізуші:
Осымен «Жыр маржаны – Фариза» атты тәрбиелік шарамыз аяқталды, көп рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.