.
.
Бегалы орта мектебі "Жыр - менің жалғыз тарланым"
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1686 | Размер: | Автор: ТәрбиеТәрбие сағаты
Тақырыбы: "Жыр - менің жалғыз тарланым"
Класы:11
Өткізген: Нұрғожина А.О.
Тақырыбы: Жыр менің жалғыз тарланым.
Мақсаты: Ақынның жыр жинақтарымен, өлеңдерімен таныстыру. "Мен саған ғашық емес ем" жыр жинағы туралы мәлімет беру, шығарманың ішкі жан дүниесін сезіну.
Көрнекілігі: АКТ қолдану, жыр жинақтары, қабырға газеті.
Жоспары:
Ұйымдастыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
"Мен саған ғашық емес ем" жыр жинағы туралы.
Ақынның өлең, поэмаларын оқу.
Ақ тілектер, теңеулер.
"Шашы ағарған қыз" эссе шщығармалар.
Теледидардан Фариза ақынның өлеңдерін тыңдау.
Қорытынды.
Барысы:
Мұғалім:
"Таң қаламын мен ақын мен анаға
Сірә, олардың ұйқылары қана ма?
Ана түнде әлдилесе бөбегін,
Ақын түнде әлдилейді өлеңін."
Адам өлеңді не үшін оқиды? Қай сәттерде оқиды? Бір сәт ойланып көрдіңіз бе? Меіңше, адам күнделікті тірішілік түйіткілдерінен қажығанда, жігері мұқалғанда, жанын тазартып, рухын көтеру үшін, өзін жоғалтып алмау үшін немесе өз бойындағы жұтаң тартқан сезімдерді байыту үшін өлеңге жүгінгендей.
Өлең "Сағыныш" Ата-ана Мұхтарова Рая.
"Қайынды" сынып жетекшісі.
"Альбом" Ата-ана Ғалымова Санияз.
Қазақтың біртуар ақын қызы Ф.Оңғарсынованың 1999жылы жарық көрген "Мен саған ғашық емес ем" жыр жинағын қолға алып, өлеңдерін оқи отырып, ақынның ғаламат ішкі әлемін, өлеңін, буырқанған табиғатын тағы бір қырынан жақын тани түсерміз деген ойдамын.
Ақын апа өзі жазып отырғандай: "Жыр менің жалғыз тарланым,
Аялап өтер ардағым" - демекші өзінің өнерін асыл мұратына бағалағаны, поэзияға өзін тұтастай арнағаны кім-кімді де толғандырып, ой салары анық.
Гүлсім:
Шығарған шындық арды естен
Зұлымдықтарды,қан кешкен
Махамбеттен қалған наркескен
Айбалта - жырмен шапсам деп,
Шаңын бір сөйтіп қақсам деп,
Әділеттің шамын ғаламға
Қарамай құрсау қаламға
Лаулатып солай жақсам деп,
тасқыны тылсым тереңмен
Серігім -жырым - жебеммен.
Жүрегім - желкен, жел кернеп,
Қарсы ағыстарға, сеңге өрлеп,
Қағылез құттай денеммен
Дауылдарды құшып келем мен - деген өршіл жолдары оның ақындық болмысын айқын танытып, әрі бүкіл ғұмырының мазмұнындай елестейді.
Айжамал:
Менде бір толғаныс бар
(Кейде өзімде түсінбеймін)
Дауыл күнгі дарияның күшіндей бір
Сонау біздің қырдағы ттұяқ ілген
Бәйге алаңы секілді дүрсілдеймін...
немесе
Менде бір тебіреніс бар
(кейде өзімде түсінбеймін)
Дәл сендегі құштарлық күшіндей бір
Сондықтан ба - қыз ғұмыр бұл өмірді
Қуаныш - қайғысымен ішіп жеймін
Осы сезім алаулап бойда тұрса
Асылы кешірмеймін - деп, жырлағандай асқақ та таза шынайы үн өз оқырманын бей-жай қалдырмайды. Ақынның табиғатын (яғни жаратылысын) мінезін танытады.
Перизат:
Мына бір жолдарға назар салайықшы:
Қаласам жасаймын да жайдан құрық
Дүниені тас талқан майдан қылып,
Өршеленіп, бұрқанған өзендердей,
Ағынымен жататын сайларға ұрып.
(білмейсің ғой жанымның түпкірінде
Атылғалы жатқанын қайнар бұғып)...
...Шеңберлермен шектеліп жалтаңдаған
Жасқаншақтық барлығын қайран қылып -
Алам сенің басыңды айналдырып, - деп ішкі әлемі үнемі ой ағыстарының арпалысында жүретін ақынның өзіне деген сенімі жатыр. Ақындық ішкі алапат сезімін байқатқандай өрлік пен асқақтық арғымаққа тән асау мінез, тағдырға бас имейтін тәкаппарлық ақын жырларында ой мен сезімге астасып, қайталанбас сұлулыққа ие болған.
Асылай: "Фариза апаның бұл жинағында кім-кімнің де көңіліне ой салар, сезімін байытар жыр шумақтары мол болатын кей уақытта ғажап сыршылдығымен, шыншылдығымен қымбат.
Ақерке:
Кей сәтте өлеңдегі тағдыр сіздің ішкі "мінезіңізбен" үндестік табады. Өз көңіліңіздегі ешкімге шашау шығармай бүркемелеп келген мұңыңызбен астасып та кеткендей.
Қайсы бір өлеңдері жігеріңізді жандырып, рухыңызды асқақтатады. Кейбір сәтте сіз айтуға тиіс сөзді айтып тұрғандай арқаландырады. Шағын ғана жинақты оқи отырып, алуан күйге түсетініміз анық. Ақынның жүрек қуатын сезініп, оның өлеңіндегі тағдырымен сырласып, айрықша әсерге бөленеміз.
Қонған екен тағдырдың құсы маған,
Енді қалай төбемнен ұшыра алам?
Бақытым ба, болмаса азабым ба?
Біле алмадым ал бірақ сұсы жаман.
Тағдырымның жыр атты сыйына мен
Кезіктімде жол тарттым қиырға кең
Маңдайыма сол үшін жазылыпты
Ғажап та қиын әлем,- дегеніне қалтықсыз сенесіз.
Ғажап әлем екені де рас.Дүниенің мұңын жүрегінен өткізіп, оның өлеңінің құдыреті тіліменен сіздің жүрегіңізге жетерліктей, сезіміңізді терберліктей, өрнектей білу қашан жеңіл болып еді.
Жұпар:
Жинақта "Жүректі қайрау" атты бір өлең бар. Сол өлеңі сізді де жасыған кездеріңізде қолтықтан демеп, жаныңызды жебер жалқы қуат тек өз жүрегіңізде екеніне иландырады.
Мұғалім:
Жалғыздықтан қажыған адамды өз бойынан күш табуға жетелейді. Ақынның жыр әлемі осылай сізді әр алуан күйге бөлейді. Бір ысытып, бір суытады. Көңіл күйін шарықтатып, ең бастысы өзіңізге деген сеніміңізді ұлғайтып, жан дүниеңізді тазартып, жүрегіңізге қайрат, ойыңызға қуат қосқандай.Болмысы бөлек ақынның кәусәр жырлары өршілдігімен, жігерлі қуатымен, самғай береріне сенеміз. Жыр тарланымыз шабысынан танбасын. Өмірде де, өлеңінде де қанаты талмай самғай берсін!
Ақынның өлең, поэмаларын оқу.
Сынып жетекшісі:"Өлең".
Асылай:"Ұстаз".
Жұпар: "Көктем"
Ата-ана Мұхтарова Рая "Ақын болғым келеді" эссе.
Теледидардан Фариза ақынның өлеңдерін тыңдау.
Мұғалім :
Бүгінгі тәрбие сағатын Шерхан Мұртаза ағамыздың сөзіменен аяқтағалы отырмын:
Ақын Фариза
Қазақта ақын көп, Фариза жалғыз.
Жаңа туған айдың жанында жалғыз жұлдыз ерекше жарқырап тұрады. Періште жұлдыз сияқты.
Ақындығы да жаратылысы да ерекше, ешкімге ұқсамайды.
Ақын жалғыз. Перзенттері сансыз. Олар мллиондардың жүрегін жылытады, жандарын жадыратады. Перзенттері сонысымен құдіретті.
Сенсіз дүние бір кем дүние ждұлдыздарың сөнбесін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.