.
.
Салт-дәстүр – халық педагогикасының бастауы. Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайта оралған салт-дәстүрімізді қайта жалғап, ата-бабамыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу-біздің міндетіміз деп түсінемін. Себебі ұлдың батыл да, батыр, қыздың иманды да, әдепті қалыптасуы бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге – өсиеттерін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады. «Үзілмесін бабалардың батасы».
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 4233 | Размер: | Автор: ТәрбиеБастауыш сыныптар арасында өткен тәрбиелік шараны оқырмандар назарына ұсынғалы отырмын.
Тақырыбы: «Үзілмесін бабалардың батасы»
Мақсаты: Бүгінгі жас-ұрпақты сонау замандарда жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасымын сусындатып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру; оқушы бойына рухани-адамгершілік, имандылық қасиеттерді ұғындырып, дарыту.
Көрнекілік: нақыл сөздер, кітаптар.
І жүргізуші:
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
ІІ жүргізуші:
Қадірменді қонақтар, бүгінігі «Үзілмесін бабалардың батасы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
І жүргізуші:
Бата – халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, талантты жастарға, көптің жүгін көтерген адамдарға, жас сәбиге берілетін ақсақалдардың ақ тілегі әрі өмірлік жолдамасы.
ІІ жүргізуші:
Бата сөзі – адамның адал ниет, ақ жүректен шыққан ықылас-тілегі.
І жүргізуші:
Бата – тіліктің түрлері сан-алуан, жол-жоралығысы, қуанышқа, тойға байланысты әртүрлі және әр батаның өзіндік тәрбиелік мәні зор.
ІІ жүргізуші:
Мектеп табалдырығын тұңғыш аттағалы тұрған інісіне берген ағаның батасы:
4а Қайырлы болсын қадамың,
Білімге қанат басқаның.
Сөмке асынып арқаңа
Мектеп есігін ашқаның
Інішегім, дарын бол
(Санжар жаным, дарын бол)
Сөнбейтұғын жалын бол!
Жақсы оқып, ер жетіп,
Қатардан асқан ғалым бол!
Әумин.
І жүргізуші:
Иә, бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.
Жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан жеткіншектің ел қорғаны болатын батыл, ер жүрек азамат болуын тілеп:
4б Айбаты асқақ ұлан бол,
Ұрпағыңа ұран бол
Қанатты да сұңқар бол,
Тұяқты да тұлпар бол.
Достарың тұрсын дүрілдеп,
Дұшпаның тұрсын дірілдеп
Әумин!
****
4г Әлемнің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді ет.
Келесі оқу жылына
Аман-есен түгел жет!
«4» пен «5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз!
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!-деп тілек тілеген.
ІІ жүргізуші: Шаңырақтың иесіне берілетін бата:
3а Ардақты үй иесі,
Әуелі бердің шай,
Көңілің болсын жай!
Екінші бердің ет,
Таппасы көңілің
Ешбір дерт!
Үшінші бердің сорпа,
Болмасын бағың орта!
Әумин!
***
3б Түндерің тыныш болсын,
Үйлеріңе ырыс толсын!
Келіндерің есті болсын,
Ұлдарың сесті болсын.
Балаларыңк қуаныш әкелсін,
Немерелер жұбаныш әкелсін.
Орындарың төр болсын,
Дастархандарың мол болсын.
Қатарларың көп болсын,
Уайым-қайғыларың жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмеңдер,
Зұлымдардың жаласын көрмеңдер!
Еліңде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин!
***
3г Сұрасаң, бата берейін,
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарқаның мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Жаз келіп көңілің жай болсын,
Көргенің шаттық той болсын!
Абзал досың көп болсын,
Берген батам сол болсын!- деп бата тілеген.
І жүргізуші:Ұлыстың ұлы күні айтылатын бата:
2гҰлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар
***
2а Тышқан жылы тыныштық бер,
Сиыр жылы ырыс-құт бер.
Барыс жылы мал-басымды өсір,
Қоян жылы жайлы қонысқа көшір,
Қой жылы туымызды құлатпа.
Жылан жылы жұрттан жылу сұратпа.
Ұлу жылы ұл-қызымызды жылатпа,
Жылқы жылы жеткізе к өр мұратқа – деп Ұлыс күнгі жасалған ырым–дәстүр адамдардың ақ ниетіне байланысты айтылған.
ІІ жүргізуші:
Ал жаңа келін түсірген үйге ауылдың ақсақал қариялары келіп,жас-жұбайларға бата берген:
2б Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы отбастарыңа
Сәбидің шатты үнін берсін!
Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын,
Шаршап-шалдыққандар
Төрлеріңде дамылдасын!
Көлденең кеселден сақтасын,
Күңкіл өсектен сақтасын,
Дау-жанжалдан сақтасын
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!
Асып-тасқаннан сақтасын
Алшаң басқаннан сақтасын!
Отауларың елге сән болсын,
Өмірлерің бал болсын,
Бибі Фатима анамыздың
Аруағы өздеріңе жар болсын!-деп өнеге-өсиетке құрылған батаның тәрбиелік мәні зор, мазмұны терең.
І жүргізуші: Көші –қонға берілетін батаға тоқталсақ:
1аКөшің оңды болсын!
Түйең қомды болсын!
Жолың сапарлы болсын!
Көшбасшың сенімді болсын!-деп ақсақалдар бата берген.
ІІ жүргізуші: Жас нәресте дүниеге келгенде қуаныш үстінде берілетін бата түрі:
1б А, құдай ұзақ ғұмыр бер,
Күлкісі мөлдір бұлақтай
Ойыны елік лағындай,
Қыдыр дарып басыңа.
Бақ-дәулет келіп қасына,
Алла тағалам қолдасын,-деп тамаша қасиеттерді нәрестенің бойына дарытуды тәңірден сұраған.
Мұғалім:
-Міне, балалар, батаның бірнеше түрлеріне тоқталдыңдар. Негізгі бата- халықтікі, ал лебізді бата – халықтың арман-тілегі, келешекке деген үміт-сенімі.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты,-дей отырып ата-бабаларымыздың бай мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрін бойымызға сіңіріп, қастерлеп жалғастырады деп сенеміз.
І жүргізуші:
Аталар сөзімен өсіп өнген,
ІІ жүргізуші:
Бабалар бұлағынан нәр алған,
І жүргізуші:
Даналар өсиетінен тәрбие алған,
ІІ жүргізуші:
Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен,
І жүргізуші:
Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.
ІІ жүргізуші:
Ниет – ықылас білдіру
Әр адамға аманат
Ата – баба дәстүрі-
Батаны біл жамағат!
І жүргізуші:
Ата-баба салтын үйренеміз және оны қадірлеп,қастерлеп
жалғастыруға тырысамыз
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.