Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өзін - өзі тану пәні бойынша оқушылар шығармашылығы -

Өзін - өзі тану пәні бойынша оқушылар шығармашылығы

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 496 | Просмотров: 3848 | Размер: 14.8 Kb | Автор:
. Өзін-өзі тану пәні бойынша оқушылар шығармашылығы
Сарқан ауданы, Сарқан қаласы,
Ақын сара атындағы орта мектеп
психологы - А.Мұратбекқызы

Өзін өзі тану пәні адамдарды рухани адамгершілікке үйретеді! Рухани-адамгершілік қасиеттерді меңгерген кез-келген адам баласы ешуақытта жамандық жасауға бармайды, әрі «толық адам» болып қалыптасады.Өзін-өзі бағалауға үйретуде өзін-өзі тану сабақтарының маңызы зор.Түрлі тақырыптары бойынша өткізілетін сабақтар арқылы оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін арттырып, өзіне деген сүйіспеншілікке шығармашылыққа тәрбиелейміз. Өзін-өзі сыйлайтын және дұрыс бағалайтын балалар бақытты және өмірге тез бейімделіп кетіп, өмірдегі келеңсіз жағдайларға мойымай, өзінің жақсы болашағы болатынына сенімді болады.

«Менің отбасым»
Мен отбасымды қатты жақсы көремін. Менің отбасымда бәрі түгел және біз бәріміз бақыттымыз. Ал отбасында бәрі түгел болмаса оның сен үшін ауыр болатынын ешкім де біле бермейді. Сен ата – анаңды жек көре алмайсың, себебі олар сенің ата – анаң. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз - міндеті өлшеусіз. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол келеді. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады. Ата-ана да адам, сондықтан олардың қателесетін, жаңылысатын, ағаттық жіберетін кездері болады. Ал біз соның бәрін түсіне білуіміз керек. Мен өз отбасыммен бақыттымын.
Әбдікаһар Мерей
Сарқан қаласы, Ақын Сара атындағы орта мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы
менің отбасым
Мен отбасы деген сөзді тату – тәтті өмір сүру және бақытты ғұмыр кешу деп түсінемін. Менің отбасымда бес адам тұрады. Әкем, анам, мен, сіңілім және бауырым. Мен отбасымды өте қатты жақсы көремін. Олар өте мейірімді жандар.
Менің отбасым ол үзілмес, берілмес құс сияқты. Анам бізді әрқашан демеп, қолдап жүреді. Менде өз отбасымды демеп, қолпаштап жүремін. Мен өзімді жақсы көретін анам мен әкемнің болғанына қатты қуанамын. Ал сіңілім мен бауырым, олар өте сүйкімді және екеуі үнемін маған көмектесіп жүреді. Мен осы өмірге өте ризамын.
Әке
Асыл әкем ардақтым
Бала үмітін ақтаған
Анашыммен бақытты,
Өмір сүрші әрқашан.
Төребек Назгүл . Сарқан қаласы, Ақын Сара атындағы орта мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы

Алғашқы махаббат! Балауса сезім!
Махаббат – ол ұлы сезім. Ол кейде күлдіртеді, кейде күлдіртіп тұрып жылатады. Дегенімен шынай махаббатты басынан кешірген адам ғана оның мәнін түсіне алады. Жасөспірімдер арасындағы достық кейде үлкен сезімге ұласады. Ұл бала мен қыз баланың арасындағы осындай ізгілікті достық және жеке ықыласты қарым – қатынасынан балауса махаббат сезімі өрістейді. Адам біреуді сүйер болса, оны кәусар суындай таза, гауhар тас сәулесіндей мөлдір ләззатпен сүйюге тиісті. Оған мысал: Қыз Жібек пен Төлегеннің, Еңлік пен Кебектің, Қозы мен Баянның, қалқаман мен Мамырды алуға болады. олардың арасындағы махаббат сезімі шынайы сезім деп ойлаймын. Бұрынғы кездегі махаббат пен қазіргі кездегі махаббатты салыстыруға мүлдем болмайды. Қазіргі жастардың махаббаттары алуан түрлі.
Жүректер сүйем дейді,
Ғашықтар бір – біріне
Жалыққан сәттерінде
Бұл сөзді елемейді,
Сүюге лайықтадым,
Сүйгенім сүйіп өтем
Жасайық нақты қадам
Ертеңге өкінбестей.
Тұрарова Гүлнұр, 10 «А» сынып оқушысы.
Сарқан қаласы, Ақын Сара атындағы орта мектеп
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.