Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
10 санының құрамы -

10 санының құрамы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1379 | Размер: | Автор: гость
. Утемалиева Ақмарал Жолдасбекқызы,
№23 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Тақырыбы: 10 санының құрамы

Мақсаты: 10 санының құрамымен таныстыру, тапсырмаларды өз бетінше орындау қабілетін жетілдіру
Міндеті:
1.Білімділігі: 10-ға дейінгі сандардың құрамы мен қатары туралы білімдерін пысықтау
2. Дамытушылығы: топта жұмыс жасау арқылы ойларын анық жеткізу қабілетін арттыру, ауызша және жылдам есептеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту .
3.Тәрбиелігі: өзгенің ойын тыңдай білуге, достық қарым-қатынасқа, қиындықты жеңіп, нәтижеге жете білуге, қызығушылық, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, мағына ашу, шығармашылық жұмыс, жеке, топтық оқыту.
Күтілетін нәтиже: қосу және азайту амалдарына берілген есептерді шығарады, тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

Кезең, Уақыты Оқытудың формалары Оқыту әдістері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар, көрнекіліктер
І.Ұйымдастыру
3 минут ұжымдық Сәлемдесу тренингі
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару
Топқа бөлуге нұсқаулық жасау
Біздің ұранымыз.
Психологиялық тренинг
Математика – қызық пән,
Бәріміз оны білеміз,
Қызықты есеп шығарып,
Тез жауап береміз.
Оқушыларға геометриялық фигуралар таратылады, сосын үш топқа бөлініп отырады.
Тапқышбекпен бірге «Сандар әлеміне» саяхат жасаймыз
Оқушылар сәлемдесу тренингін орындайды.

Шырылдайды қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз,
Партамызға отырып,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз.

8-9 оқушыдан 3 топқа бөлінеді,
фигуралар арқылы

Геометр.
фигуралар
І-топ.
Дөңгелек
ІІ-топ.
Үшбұрыш
ІІІ-топ
Шаршы

ІІ.Үй тапсырмасы
2 минут жекелей, ұжымдық 1-саны. үй тапсырмасын пысықтау
Бақылау, тексеру
4 – мысал 85 бет.Теңсіздіктер құрастыр
5>3, 4>3
5-мысал 85 бет. Бірдей суретті тап.
2 – 4 сурет Орында отырып есептерді тексереді, дұрыс не бұрыс екенін көрсетеді. дәптер,
оқулық
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру
10 минут

ІV.Жаттығу жұмысы
5 минут

V.Жас ерекшеліктері-
не сай тапсырмалар
8 минут

VІ.Сергіту сәті
2 минут

VІІ.Оқулық пен жұмыс
8 минут

VІІІ.Санамақ
2 минут

ІХ.Сабақты қорыту
3 минут

Х.Үй тапсырмасы
2 минут

Бағалау

жеке жұмыс,
топтық

жеке жұмыс

топтық
жұмыс

ұжымдық

топтық

ұжымдық

топтық

ұжымдық Сұрақ-жауап

Ой қозғау

шынжыр әдісі

сыни тұрғысынан ойлау

ізденіс,
логикалық
ойлау қабілеттерін
арттыру

түсіндіру 2-саны. ауызша таяқшаларды әртүрлі тәсілмен 10 таяқша шығатындай етіп бөлеміз.
Оқулықпен жұмыс 1- мысал
10=*+* 10=*+* 10=*+* 10=*+* 10=*+*
10=*+* 10=*+* 10=*+* 10=*+*
Осы жерде ережені қайталайды.

3-саны. Кел, ойнайық! Тізбекті жалғастыр ойыны.
8+2-6+3-6+2= *
9-6+4-3+5-9= *
5+1-2+3-4+2= *

4-саны. Жүйрік болсаң, озып көр!
І- топ « 10 айырмашылығын тап»
ІІ- топ « Суретшінің қатесін тап»
ІІІ-топ «Қанша үшбұрыш бар?»

5-саны. Балалар, енді үзіліс жасап сергіп алайық!

6-саны Кім шапшаң!
10-3= * 9-2=* 9-3=*
7+2=* 5+1=* 7-7=*
8+2=* 8-8=* 5+5=*
8+1=* 6+0=* 6-3=*

7-саны. Санамақты ауызша хормен айтады.1-10 ға дейін

8-саны. «Қызықты есептер»
І-топ
Сыныпта 10 бала. Оның 6-уы ер бала, қыз бала нешеу?
ІІ- топ
Бұтақта 10 торғай отыр еді.
6 торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?
ІІІ-топ
Кеседе 8 өрік бар. Айдос 2 өрікті жеді.Қанша өрік қалды?

9-саны. 4- мысал 87 бет. Жазбаша орындайды, 5-мысал ауызша.

10- саны . ауызша мақтап-марапаттау Әр топтан бір оқушы шығып, тақтада орындайды. Қалған оқушылар дәптерлеріне жазып отырады

Берілген жаттығу жұмысын тез, шапшаң орындайды

Оқушылар бірлесіп, өз ойларын ортаға салып тапсырманы орындайды

Оқушылар хормен айтады, іс- қимыл арқылы жасайды

Әр топтан бір-бір оқушы тақтаға шығып қосу және азайту амалдарына берілген мысалды орындайды

Барлық оқушылар 1-10 дейін санамақты айтады

Оқушылар ақылдасып, бір-бірлерінің пікірлерін тындап, дұрыс жауап беруге тырысады

күнделіктеріне жазып алады
смайликтерін санайды

оқулық,
тақта,
таяқшалар,
сандар жинағы
слайд
плакат,
тізбекті
жалғастыр
слайд

А-3
парағындағы
суреттер
слайд

оқулық,
тақта,
дәптер

санамақ
слайд

А-4
парағына жазылған
есеп
слайд
күнделік
смайлик
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.