.
.
Тақырыбы: 11-ден 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту. 11-ден 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 6174 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfМақсаты:
Білімділік: Балаларға 11 мен 20 саны көлемінде сандарды тура, кері санауды, қосу және азайту амалдарын орындау арқылы есеп, мысалдар шығаруға жаттықтыру. Сандарды, геометриялық пішіндерді, көлемдерді ажырата білу. Аз, көп, тең деген ұғымдарды бекіту.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту, зейінін жинақтау, математикалық ой-өрісін кеңейту, дұрыс, шапшаң есептеуге дағдыландыру. Ойындар арқылы балалардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Түзетушілік: Сабақ барысында дыбыстарын дұрыс айтуын, дауыс екпінін, ырғағын дұрыс сақтауын қадағалау, түзету.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Тілдік көрсеткіштер; есепке, мысалдарға, ойынға, тапсырмаларға арналған суреттік көрнекіліктер; үлес қағаздар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:- Тұрыңдар.
- Балалар, бүгін ерекше күн, себебі бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Оқушылар: - Біз әдепті баламыз
Алдыменен қонақпен
Амандасып аламыз
Саламатсыздар ма?!
Мұғалім:- Балалар, орындарыңа отырыңдар.
ІІ. Тіл жаттығу
Мұғалім: - Біз дұрыс сөйлейміз.
Оқушылар: Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Математика сабағын бастаймыз.
Мұғалім: - Біз не істедік?
Оқушылар: - Біз сөйледік.
ІІІ. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Мұғалім: - Балалар, кім айтады, бір жылда неше мезгіл бар?
Оқушы: - Жылдың 4 мезгілі бар. Олар: күз, қыс, көктем, жаз.
Мұғалім: - Бір аптада неше күн бар?
Оқушыл: - Бір аптада 7 күн бар.
Мұғалім: - Бүгін айдың нешесі?
Оқушылар: - Бүгін .... ақпан
Мұғалім: - Аптаның қай күні?
Оқушылар: - Аптаның .....
Мұғалім: - Сыныпта неше оқушы бар?
Оқушы: - Сыныпта .... оқушы бар.
Мұғалім: - Қазір қандай сабақ?
Оқушы: - Қазір математика.
Мұғалім: - Сабақтың тақырыбын оқы
Оқушы: - 1-ден 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту.
Мұғалім: Бүгін біз:
- санаймыз
- есеп шығарамыз
- мысалдар шығарамыз
- заттарды салыстырамыз
- ойнаймыз
- тапсырманы орындаймыз
V. Біз санаймыз.
Мұғалім: - 1-ден 10-ға дейін тура санаймыз.
-10-нан 1-ге дейін кері санаймыз.
- 11-ден 20-ға дейін ретімен санаймыз.
- 20 - дан 11-ге дейін кері санаймыз
- Біз не істедік?
Оқушы: - Біз санадық.
VI. Есеп шығарамыз.
Мұғалім: - Біз есеп шығарамыз. Дәптерлеріңді ашыңдар. Дәптерге бүгінгі күнді, апта күнін, есеп деген сөзді жазыңдар. Бәріміз бірге есепті оқимыз.
Оқушылар: - Аквариумда 5 балық болды. Самат 2 балық алып келді. Аквариумда барлығы неше балық болды?
Шарты: Аквариумда - 5 балық болды.
Әкелді – 2 балық.
Сұрағы: Неше балық болды?
Шешуі: 5+2=7
Жауабы: Аквариумда 7 балық болды.
Мұғалім: - Есепті дәптерге жазыңдар.
Мұғалім: - Біз не істедік?
Оқушы: - Біз есеп шығардық.
Сергіту жаттығуы.
Оқушылар музыкалық әуенмен сергіту жаттығуын орындайды.
VII. Ойын «Дұрыс көрсет».
Заттарды атап, қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынын сызып көрсет.
VIII. Мысалдар шығарамыз.
Мұғалім: - Біз мысалдар шығарамыз.
Көбелектер адасып жүр.
Оларға гүлге қонуға көмектесейік. Мысалдарды шығарсақ, көбелектерді
гүлге қондырамыз.
11+3, 12+4, 15-3, 18+2, 20-13
Балалар мысалдарды шығарады.
Мұғалім: - Біз не істедік?
Оқушылар: - Біз мысалдар шығардық.
IX. Заттарды санап салыстырамыз.
Қайсы көп, қайсы аз?
Мұғалім: - Біз қазір заттарды салыстырамыз.
-Суретте не көріп тұрсыңдар?
Оқушы: - Алма, банан.
Мұғалім: - Неше алма, неше банан?
Оқушы: - 8 алма, 6 банан
Мұғалім: - Қайсы көп?
Оқушы: - Алма көп. 8 > 6
Мұғалім: - Неше балмұздақ, неше кәмпит?
Оқушы: - 6 балмұздақ, 8 кәмпит
Мұғалім: - Қайсы аз?
Оқушы: - Балмұздақ аз. 6 < 8
Мұғалім: - Неше құс, неше қоян?
Оқушы: - 7 құс, 7 қоян.
Мұғалім: - Қайсы көп? Қайсы аз?
Оқушы: - Құс пен қоян тең. 7=7
Мұғалім: - Біз не істедік?
Оқушылар: - Біз салыстырдық.
Х. Тапсырманы орындаймыз.
Мұғалім: - Біз қазір тапсырма орындаймыз.
-Үлес қағаздарыңды ашыңдар.
- Суретке қарап, көлемдерді ажыратып, дұрыс жауабын белгілеңдер.
Мұғалім: - Біз не істедік?
Оқушылар: - Біз тапсырманы орындадық.
ХІ. Сабақты қорытындылау.
Мұғалім: - Біз бүгін сабақта не істедік?
Оқушылар: - Біз сөйледік, санадық, есеп шығардық, ойнадық, мысалдар шығардық, заттарды салыстырдық, тапсырманы орындадық.
Мұғалім: - Дұрыс, балалар. Бүгін сабақта сендер жақсы жауап бердіңдер, тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Жарайсыңдар! Тұрыңдар! Қоштасыңдар!
Оқушылар: - Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.