.
.
Мырзаева Куртча Таджибаевна 168-169 жаттығулар
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1570 | Размер: | Автор: гость№3 "Қазақстан" мектебінің бастауыш мұғалімі
ОҚО, Шардара ауданы
Сабақтың тақырыбы: 168-169 жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Мәтін туралы алған білімдерін еске түсіріп, кеңейту. Мәтіндегі азат жолдың рөлін байқату. Мәтінде неше сөйлем барын анықтату.Мазмұнын айтқыза білдіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теорияның ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға, ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққа, шығармашылыққа, еңбекқорлыққа баулу. Сауатты, көркем таза жазуға баулу.
Өтілу әдісі: Түсіндіру, көрнекілікпен талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу және топпен
жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазак тілі, ана тілі.
Көрнеқіліктері: Мазмұнды суреттер, жұмбақтар, табиғат суреттері.
Сабақтың өтілу барысы:
Бағдарлау- мативациялық кезең. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Мұғалім: Балалар (хормен)
Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.
1) Өткен сабақ бойынша атқарылатын жұмыс. Оқушылар, біз сөйлем туралы оқып білдік. Мен сұрақтар арқылы сендердің осы тақырыпты қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейін.
2) Сұрақ - жауап. (топпен жұмыс)
3) І-топ:
а) Сейлем неден құралады?
3) Сейлемдегі сәздер қалай жазылады?
Н-топ:
а) Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілер қойылады?
Ш-топ:
а) Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз?
Қорытындылау (топтастыру стратегиясы)
Сөздерден құралады
Нүкте, сұрақ, леп
белгісі қойылады Сөйлем бөлек жазылады
Бір - бірімен байланыста болады
4) Операциялық - орындаушылық кезең. (суретпен жұмыс)
Қазір қай мезгіл? Көктем мезгілі.
Сурет бойынша әңгімелеу. Ағаштар бүршік атты. Айнала жасыл шалғын шөп. Гүлдер өсті. Құстар
ұшып келеді. Көбелектер гүлге қонды. Не құрастырдық? (мәтін)
Мәтін екенін қайдан білдік?
І-топ: Мәтін дегеніміз - мағына жағынан байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.
ІІ-топ. Мәтінге ат қоюға болады. Сурет бойынша құрастырған мәтінге қандай тақырып қоямыз?
(Көктем)
Оқулықпен жұмыс.
168-жаттығу. Мәтінді оқыту. Мәтінде неше сөйлем барын анықтау.
Дәптермен жұмыс. (көркем жазумен жазу)
ЖИДЕ. Жиде - жемістің бір түрі. Жиде ағаштары бақта өсіріледі. Біз мектеп ауласына жиде ағашын
отырғыздық. Оны суарып күтеміз. Жиде піскенде, оның жемісін жейміз.
Сергіту сәті.
Жүмбақ жасыру. (бүғы туралы)
Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып,
Емге шипа бұл дағы.
Олай болса, келесі тапсырма "Бұғы" туралы мәтінді түсініп оқимыз. Мәтінде мағынасы түсініксіз
сөздер бар ма? Қане, табайықшы. (Аша) тұяқты айыр. (тармақтанып) - мүк, қына - шөптің
аттары.Сонымен, балалар бұғы туралы мәтінді түсіндік пе? Бұғы сөзіне ассоцияция құру. Бұғы қандай
жануар?
Аша түяқты
қарда жүре алады Б Ұ Ғ Ы суыққа төзімді
көлік
5) Рефлексиялық бағалау кезеңі.
6) Шығармашылық тапсырма: І-топ. "Жиде" туралы шығарма жазу. ІІ-топ. "Жиде" суретін салу.
Біз бүгінгі сабағымызда мәтін туралы білген білімдерімізді одан ары кеңейте түстік. Бұл сабақта шығармашылық жұмыс істетіңдер. Келесі сабақта тағы да мәтін туралы оқып жалғастырамыз. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мақтау, мадақтау. Үйге тапсырма: "Бұғы" мәтінін оқып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.