Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Аманжолова Забида Салыбайқызы

Түркістан көмекші мектеп-интернатының
бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: 16 саны.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 16 санымен таныстыру.
16 санын 10-ға 6-ны, 15-ке 1-ді қосу арқылы шығарып алуды.
- 16 санын тануды, белгілеуді, жазуды, оқуды.
- 1-16 саны көлемінде санауды, ретімен, өсу, кему ретімен санауды.
- 16 сананың орнын табуды үйрету.
- 1 таңбалы 2 таңбалы сандар туралы түсініктерін
кеңейту.
Коррекциялық мақсаты:
Әр түрлі тапсырмалар, ойындар арқылы оқу, жазу, санау, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Оқушылардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды әдептілікке, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Санауға арналған дидактикалық материалдар: таяқша, шырша бүршігі, құлпынай, кәмпит, разряд кестесі, есепшот, 1-16 көлеміндегі сандар қатары, қонжық аю, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындық.
- Қазір қандай сабақ? Математика.
- Математика сабағында қандай құралдар керек?
есепшот, таяқша, разряд кестесі, сандар қатары.
- Сабаққа дайынбыз ба?
- Біз қандай сандармен, таңбалармен таныстық?
- 1-15-ке дейін санау, тура, кері санау.
- «Қандай сан?» Ойыны (Бір санды көрсету, талдау)
- 15 қандай сан? 15-екі таңбалы сан. 15-ті жазу үшін 1,5 цифрларын
жазамыз.
-15 санында 1 ондық, 5 бірлік бар.
-15 саны 14 санымен көрші.
«Цифрлар кестесі» «гүл жинақтарын» тарату.

1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12
13 14 15
- Мен бір санды айтамын. Айтылған санды және гүлдердің орнын табасыңдар «9». «9» цифрын табу. 9-шы тұрған гүлді табу.
(11, 5, 12, 14 т.б цифрларды табу)
- Осы аталған сандардың көршісін табу.

- Разряд кестесіндегі қандай сан? Разряд кестесі оқушыларға таратылып

кестедеп сандарды оқыту.
- сандардың ондық, бірлігін табу.
13-1 ондық 3 бірлік, 13 санында 1 ондық 3 бірлік бар,
1 ондық 5 бірлік - 15.1 ондық 5 бірліктен құралған қандай сан - 15
жеке-жеке оқыту.
Есепшотқа салу.
15, 13, 7, 12, 10.
Сандардың ондық бірлігін табу.
III Өткенді қайталау.
- Қандай амалдарға есептер шығардық? + -.
Санды өрнектерді оқыту талдау.
7+2=9 8-5=3
- Есеп қандай амалдарға берілген? + -.
- Қосу азайту амалдарының құрамдас бөліктерін еске түсірейік.
7+2=9
қосылғыш қосылғыш қосынды
8 – 5 = 3
Азайғыш азайтқыш айырма
- Есімізге түсірдік енді үй тапсырмасын тексереміз.
Үй тапсырмасы: - Балалар мынау не? Қонжық,
Біздің қонжығымыз қандай? кішкентай, жалқау,әрі ұялшақ. Сендер үй тапсырмасын орындадыңдар ма? Ал қонжық орындай алмай сендерден көмек сұрайды. Қонжыққа көмектесеміз бе? Есептерді оқыта отырып тексеру, қонжыққа көмектесу. 158-есеп.
15-1=14 14-10=
11-10=1 13-1=
4+10=14 1+11=
12-10= 3+10=
- Біз қандай амалдарға есептер шығардық?
IV Сергіту сәті.
V Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Балалар! Біз бүгін жаңа санмен танысамыз.
Жаңа санды шығарып алу үшін қолымызға таяқшалар аламыз.
І-тәсіл. 1 бума таяқша. – 1 ондық. Шашылған таяқшалар бірліктер деп аталады. 1 бума таяқшада неше бірлік бар? 10 бірлік. Қолымызға 1 бума таяқша алып оған шашылған таяқшаларды қосамыз. Шашылған таяқша-6. 10-нан кейін бір-бірлеп қосу.
11, 12, 13, 14, 15, 16.
- 10-ға қанша таяқша қостық? 6
- 10-ға 6-ны қоссақ неше болады? 16
10+6=16 өрнекті оқыту.
ІІ-тәсіл. Қолымызға 15 таяқша аламыз.
15 таяқшаға 1 таяқша қосамыз. Қостық.
Таяқшаларды санау. Неше таяқша болды? 16
- Таяқшамыз көбейді ме, азайды ма? Көбейді.
- Қаншаға көбейді? 1-ге
- Қандай сан шықты? 16
-16 саны қалай шықты?
15-ке 1-ді қоссақ 16 шығады екен. 15+1=16
16 цифрын көрсету.
16 саны 2 таңбалы сан. 16 санын жазу ушін 1,6 цифрларын жазамыз. 16 санында 1 ондық 6 бірлік бар. 16 саны 15 санына көрші 15 санынан кейін тұрады. Орнын көрсету.
- Есепшотқа салып көрсету.
- Зат топтарын санау.
- Балалар біз «Қонжыққа» қалай санауды үйретейік. Ол үшін біз шырша бүршігін, құлпынайды және кәмпиттерді санаймыз.
- Заттарды санап Қонжықтың қапшығына салайық. Хормен санау. Шырша бүршігі -16, құлпынай- 16, кәмпит - 16.
- Балалар шырша бүршігі, құлпынай, кәмпит қанша екен? 16
-16 цифрын жазып көрсету.
-16 саны қандай цифрлардан құралады екен? 1 және 6
-16 санын дәптерге екі торға жазылады.
16 16 16 16 16
- Ауаға жаздыру.
16 санын теріп жазу, цифрлардан құрастыру.
- Тақтаға жаздыру.
VI Жаңа тақырыпты бекіту.
- Біз қандай санмен таныстық? 16
-16 цифрын дәптерге жазамыз.
2 қатар етіп жаздыру. 16 16 16
- Сандарды ретімен жаздыру.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16.
- Геометриялық пішіндер сыздыру.

Пішіндерді санау.
- Бірінші қатарда неше төртбұрыш бар? 10
- Екінші қатарда ше? 6
- 10 төртбұрышқа 6 төртбұрыш қоссақ неше болады екен?
10 + 6 = 16
- Қызыл төртбұрыш нешеу? 15
- Көк төртбұрыш нешеу? 1
- Барлық төртбұрыш нешеу?
- 15 қызыл төртбұрышқа 1 көк төртбұрышты қоссақ 16 төртбұрыш болады.
15+1=16
Есептерді жазу: 10+6=16 15+1=16
оқыту
VII Сабақты қорыту:
- Біз қандай санмен таныстық?
- Суретте нені көріп тұрмыз? Қонжық.
- Қонжыққа тағы бір еске түсіріп, қайталап қандай санмен танысқанымызды еске түсірейік.
1 ондық 6 бірлік 13, 14, 15

10+6 15+1
- 1 ондық 6 бірліктен құралған қандай сан? 16
- 13, 14,15-тен кейін қандай сан тұрады? 16
- 10-ға 6-ны қоссақ қандай сан шығады? 16
- 15-ке 1-ді қоссақ қандай сан шығады? 16
- Біз қандай санмен танысқан екенбіз? 16

VIII. Үйге тапсырма: 16 саны.
IX. Оқушылардың білімін бағалау.
- мақтап, мадақтау.
- сабақты аяқтау.

Оңтүстік Қазақстан облысы
Түркістан қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.