Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
1,2,3 цифры туралы  өткенді пысықтау. «Биік-аласа» -

1,2,3 цифры туралы өткенді пысықтау. «Биік-аласа»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3184 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы
Қарағанды қаласы
«Алтын сақа» балабақшасының тәрбиешісі
Құрманалиева Гауһар Айталиевна


Тақырыбы: 1,2,3 цифры туралы өткенді пысықтау. «Биік-аласа»
Мақсаты: 3 цифры мен саны туралы өткенді пысықтау,цифрды заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру,өзіне таныс заттарды биіктігіне қарай салыстыру.
Білімділік міндеті:Цифрды заттың санымен сәйкестендіре білуге үйрету,1,2,3 цифрларын заттың санымен салыстыруды әрі қарай жалғастыру, «Биік», «Аласа» ұғымдарын мағына жағына айыра білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: Есте сақтау, ойлау, қабілеттерін, зейінін дамыту.
Тәрбиелік міндеті:Әдептілікке тәрбиелеу.
Қостілдік компонент: Один,два,три, высокий, низкий.
Сөздік жұмыс: Биік ағаш,аласа шырша, биік үй, аласа үй.
Көрнекіліктер: заттық суреттер,ертегі кейіпкерлері,сюжетті суреттер,карточкалар.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті.
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбер.
Қайырлы таң!
Балаларға үш рет қайталап айту ұсынылады.
-Күн бізге не береді?
Қолымызды созып сол жылуды қабылдап, қонақтарға жіберейік.
Балаларға орындарына отыруды ұсыну.
Өткен сабақты пысықтау.
Бөлмеге қатармен кіреді
3 рет қайталап айтады.

-жылу береді.
Қонақтарға алақандарымен
жылу жібереді

Орындарына отырады.
Өткен сабақты естеріне түсіреді
Ұйымдастыру - іздестіру
-Балалар менің алдымда сандар жатыр,сол сандардың ішінен біз өткен
сандарды табуларың керек.
-Қандай сандармен таныстық?
Бір-бірден балаларды шақырып, өткен сандарды тауып алуын ұсыну.
-сенің қолыңдағы қандай сан?
Сол сандарға арналған тақпақтарын айтуды ұсыну.
Тіл ұстарту жаттығулары:
-Ақ-ақ-ақ –әдемі бауырсақ
Ян-ян-ян- Қалқан құлақ қоян
-кі-кі-кі- қу түлкі
-қыр-қыр-қыр- көкжал қасқыр

«Биік –аласа» бейнесюжет көрсету.

«Үш қыз» әңгімесі
-Айша,Алия, Әнел деген үш қыз өмір сүріпті.Қыздардың бойлары да әртүрлі екен.
-Айша ең ұзыны
-Алияның бойы қысқа
-Әнелдің бойы одан да қысқа болыпты.
Үш қыздың жеке үйлері бар екен.
-Биік үй, аласа үй,ең аласа үй.
Тапсырма:
Әр қыздың қай үйде тұратынын тауып,
олардың үйіне қарындашпен жол салайық.
-Балалар,бір дауыс естіледі.
Музыкамен топқа бауырсақ келеді.
Топты айналып жүріп әндетеді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар,
Мен атамнан да қаштым,
Апамнан да қаштым,
Менімен ойнамасаңдар сендерден де
қашып кетемін.

Тәрбиеші балаларға Бауырсақпен ойын ойнауды ұсынады.
Тапсырма:
Суреттерді цифрмен сәйкестендіріп,
сызықпен қосу.

-.цифр мен саны жағынан сәйкес келетін суреттерді сызық арқылы қосайық.
1 цифрын қай карточкамен қостыңдар?
2 цифрын ше?
3 цифрын ше?
Сергіту сәті «Санамақ»
Бас бармағым-атам,
Балаң үйрек –әжем.
Ортан терек-әкем,
Шылдыр шүмек-анам.
Кішкене бөбек –мен.

Тапсырма орындалып болғаннан кейін,

Қоян келеді.амандасады.
топқа қоян бауырсақты іздеп жүргенін айтып келеді.бауырсақты көріп,
-егер менімен ойнамасаңдар бауырсақты жеп қоямын -дейді.
Тәрбиеші балаларға енді қоянның айтқан ойынын ойнауға ұсыныс жасайды.
Тапсырма:
3 цифрын және 3 моншақты бояу керек,
Сергіту сәті: «Ор қоян»
-Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді
Қасқыр келеді: амандасады.
-бауырсақ сен мұнда екенсің ғой деп жемекші болады.
Қоян- касеке бауырсақты жемеңізші біздің балалар сіз не айтсаңызда орындайды.
Қасқыр :-онда менің мына тапсырмамды орындаңдар.
Тапсырма:
Барлық 3 цифрын тауып қоршап сыз.

Музыканың ырғағымен түлкі келеді. Амандасады.
-Балалар айтыңдаршы бауырсақты көрдіңдер ме?!
-Түлкіжан егер біз бауырсақтың қайда екенін айтпасақ не істейсің?
-Онда мен сендерді де жеп қоямын!.
-Түлкіжан бір келісімге келейік.
-Онда менімен ойын ойнайсыңдар!
-біз сенімен ойнасақ,онда бауырсаққа тиіспеймін деп уәде бер.
Түлкі уәдесін береді.
Тапсырма:
-Биік үйдің жанына аласа ағашты,
Аласа үйдің жанына биік ағашты орналастыр.
«Биік» ағаш қарағай,
«Аласа» ағаш шырша.
-Биік ағаш қарағайды қандай үйдің жанына орналастырдыңдар?
-Аласа ағаш шыршаны қандай үйдің жанына орналастырдыңдар.
Бауырсақ: балалар сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар,
Менің сендерге сыйлығым бар.
Аңдар патшасы Арыстанның дабылы естіледі.
Ертегілер елінен келген кейіпкерлер
қайтатын уақыттарының болғанын айтып, балалармен қоштасады.
-бір,екі,үш саны
Сандардың ішінен бір, екі,үш санын тауып алады
Әр санға жеке-жеке тақпақтар айтады.
Балалар тәрбиші мен бірге қайталайды.
Бейнесюжетті қызығып қарайды
Әңгімені мұқият тыңдайды
Тапсырманы орындайды
Бауырсақтың тапсырмасын орындайды
Санамақты бауырсақпен бірге жасайды
Бауырсақты құтқару үшін қоянмен ойнауға келіседі.
Тапсырманы орындайды
Қоянмен бірге өлеңнің мазмұнына сәйкесқимылдар жасайды.
Балаларда бауырсақты жемеуін өтінеді
-жоқ көрген жоқпыз
Түлкінің тапсырмасын орындайды.
-аласа үйдің жанына

-биік үйдің жанына
Рефлексивті - түзетушілік -Балалар,кейіпкерлер қандай ертегіден
келді?
-кейіпкерлермен ойнаған ойындар ұнады ма?
Сендерге мен де алғысымды білдіргім келіп тұр.Сендер бауырсақты қоянға, түлкіге жегізбей аман алып қалдыңдар,
Сол үшін бауырсақ сендерге сыйлық беріп жіберіпті.
Келген қонақтармен қоштасу. -Бауырсақ ертегісінен келді.
-ұнады

Сыйлыққа қуанады
Қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі1,2,3-цифрын, «Биік-аласа» ұғымдарының мағынасын біледі.
Қандай түсініктерді игереді:заттарды салыстыру,теңестіру,санмен сәйкестендіру түсініктерін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Биік пен аласаны ажырату,заттарды дұрыс санау дағдыларын меңгерді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.