Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
2-сыныпта өткенді қайталау -

2-сыныпта өткенді қайталау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1563 | Размер: | Автор: гость
. Күні:12.09.2015ж Пәні: Қазақ тілі Калдыбаева Мереке Сыдыковна Класы 3 «Ә»
Сабақтың тақырыбы 2-сыныпта өткенді қайталау
Мақсаты 2-сыныпта дыбыс пен әріп туралы берілген ұғымды еске түсіру
Күтілетін нәтиже Өткенді пысықтап, дыбысты дұрыс айтып және дұрыс жазу дағдыларын жетілдіру
Әдіс-тәсілдер СТО, О/ү О/б Жас ерекшеліктерін ескеру, көшбасшылық
Сабақтың кезеңдері Сабақтың мазмұны Бағалау Ресурстар
І
Қызығушылықты ояту Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ - жауап арқылы қайталау.
Тақтаға мынадай сөздер жазылады: дала, білім халық, қымыз.
Осы сөздерді құрап тұрған тек дауысты дыбыстар тізбегін жазу:
аа, іі, аы, ыы.
Мынадай сұрақ қойылады:
- Осы тізбектен қандай сөздер екенін білуге бола ма?
Енді сөздердің тек дауыссыз дыбыстарын көшіріп жазады:
Д... Л..., б... Л... М, Х... Л... Қ, қ... м... з.
- Бұл әріптер тізбегінен сөз құрастыруға бола ма?
Осы тапсырманы орындап болғаннан кейін, топ мүшелері өзара пікірлесе отырып, өз қорытындыларын айтады.
Мысалы, дауысты дыбыстар буын құрай алса, сөйлеу кезінде дауысты дыбыстармен қатар дауыссыз дыбыстардың да маңызы зор. Дауысты, дауыссыз дыбыстар бір - бірінсіз сөз құрай алмайды.
Сабақ басындағы қайталауға берілген тапсырма оқулық бойынша орындалады. Оқушылар көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою арқылы сөйлемдерді ауызша толықтырады. Үш шапалақ


Оқулық, кестелер, сызбалар, жұмыс дәптері
ІІ
Мағынаны тану 10 - жаттығуды орындап болғаннан кейін, жуан, жіңішке дауысты дыбыстар еске түсіріледі. Сөздегі дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болуына байланысты сөздердің де жуан, жіңішке айтылатынын естеріне түсіреді.
11 – жаттығу жұмбақтың шешуін тап. Жұмбақтың шешуіндегі сөзді буынға бөл
12-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз.
13- жаттығуды орындау арқылы сөздерге дыбыстық талдау жасап, дыбыс пен әріптің айырмашылығын еске түсіреді. Басбармақ

ІІІ
Ой толғаныс Жаттығулар орындалғаннан кейін топтарға тапсырмалар беріледі. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды еске түсіріп, дауысты, дауыссыз дыбыстардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау.
Сызбаны әр топ өздерінің қалауынша, әртүрлі формада сызуына болады.
Мысалы, үшбұрыштар, ашылған кітап, үй тәріздес, т. б.
Дауысты дыбыс
А, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, y, u,...
1. Созылып айтылады, кедергіге ұшырамайды.
2. Жуан, жіңішке.
3. Буын құрайды.
4. Екі дауысты дыбыс қатар келмейді.

Дауыссыз дыбыс
к, қ, м, н, ң, р, й,...
1. Созылмайды, кедергіге ұшырайды.
2. Қатаң, ұяң, үнді
З. Буын құрамайды.
4. Екі дауыссыз қатар келеді.

1. Дыбыс
2. Әріптік таңбасы бар
3. Сөз құрайды
4. Қазақ әліпбиін құрайды
5. Дыбыстың өзгеруі сөз мағынасын өзгертеді

Бастапқы шеңбердің ішіне дауысты, дауыссыз дыбыстардың айырмашылықтары, үшінші шеңберге ұқсастықтары жазылады.
«Егер дыбыстар мен әріптер болмаса...» деген тақырыпта эссе жазу. Бағалау парағы
Үй тапсырмасы 16, 18 –жаттығу.
Не сәтті өтті?
Не сәтсіз өтті?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.