Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
3 санын қосу кестесі -

3 санын қосу кестесі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1218 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы
Индер ауданы
Құрылыс ауылы
М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебі
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Гулаим Тулегенова

Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу кестесі
Сабақтың мақсаты:
1. Өткен сабақтарда игерген оқушылардың білімін, икемін, машығын пысықтау, 3 санын қосу кестесін түсіндіру.
2.Ойын арқылы ойлау, танымдық қасиеттерін дамыту.
3. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, ойын сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлік (топқа бөлу)
ІІ. Өткенді қайталау
1) Алдыңғы сабақта не өттік?
Енді «миға шабуыл» стратегиясы арқылы ойымызды жинақтайық.
Мұнда біз «кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Сандардың арасына «+», «-» таңбасын қойып, өрнектерді теңестіру.
І - топ II - топ
3 2=5 5 2=7
4 1=3 4 2=2
2 2=0 2 1=1
2. Сандар құрамымен жұмыс «Үйшікке адамдарды орналастыр» ойыны


2) Сурет бойынша есеп құрастыру

ІІ. Жаңа сабақ
1) 3 санын қосу кестесін құру
«Домино» ойыны арқылы 3 санын қосу кестесі

2) Оқулықпен жұмыс.
1 - Тапсырма «домино» тастарынан өрнек құру, мәнін табу. Қосу мен азайту қандай амалдар?
3). Сергіту жаттығулары
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
ІV. Түсініктерін тексеру.
Кестені толтыру.
2) Өздік жұмыс. №4
9 - 2 8+2 8-5 3-2
8 – 2 5+3 9-3 8-8
10 – 2 6-2 4+2 10-6
3) логикалық тапсырмалар: Кім шапшаң?
1. Екі баланың аяғы нешеу?
2. Үш сиырдың мүйізі нешеу?
3. Төрт қойдың басы нешеу?
IV. Бекіту: ББҮ әдісі.
Бүгін біздер қандай санды қосып, азайттық?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Саған қандай тапсырма ұнады?
V. Бағалау: Енді сабақ барысында жинаған сыйлықтарымызды санаймыз. Кім көп сыйлық жинады екен? Сол бойынша оқушылардың білімдері бағаланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.