Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
3  санын  қосу  және  азайту -

3 санын қосу және азайту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1295 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қосбұлақ негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: Математика
Сыныбы: 2
Пән мұғалімі: Сұлтанбекова Клара

Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға 3 санын қосу және азайтуға байланысты есептерді меңгерту
ә) олардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істей білу, ізденушілігін дамытып, қиялын ұштау
б) болашаққа өз үлесін қоса білетін білімді, мәдениетті, өркениетті патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, плакат, оқулық, ойын « Әр машинаның гаражын тап», бәйге сұрақтары, үлестірме.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданатын стратегиялар: ой шақыру, ой қозғау, топтастыру
Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО
Сабақтың формасы: Топтық , сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану

Сабақтың барысы: 1.Психологиялық дайындық.
Оқушы назарын сабаққа аудару
- Қазір қай сабақ?
- Математика сабағы
- Балалар бүгін математика сабағына қонақтар қатысып отыр.
- Қонақтарға амандасып, сабағымызды бастайық
- Математика сабағымыздың ұраны қандай еді?
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз еңбектену
Үй тапсырмасын тексеру
57 беттегі №5 өрнектеп көрсетеді.

90 мин =1 сағ 30 мин 1сағ 10 мин =70мин
1 таул 1 сағ =25 сағ 1 сағ 9мин =69мин

Қызығушылықты ояту.
а) Ой шақыру. Байге сұрақтары.
1. 1-ден 1-еуі артық саны (2)
2. 9-дың көршісі (8.10)
3.қосу амалына кері амал (-)
4.5-пен 5-тің қосындысы (10)
5.2 мен 4-тің арасындағы сан (3)
6.Бір таңбалы санды ата
7.1 сағатта неше минут бар?
8.Ең үлкен екі таңбалы санды ата ?
9. 24 санын разрядтық қосылғыштарға жікте (20+4)
10. 8 – дің алдындағы тақ сан (7)

Ой қозғау

Мағынаны тану: Кестемен жұмыс

9+3=12
(9+1)+2=12


11-3=8
(11-1)-2=8

№ 1
9+3 (9+1)+2=12 12-3 (12-2)-1=9

№2

8+3=11 11-3=8 11-8=3 3+8=11

№3

(20+15)-5=35-5=30


Жауабы: 30 кг картоп қалды

Сергіту жаттығумен өткізіп, жеке оқушылармен жұмыс жалғасады.
Ойын «Әр машинаның гаражын тап»




Мақсаты: Ойын арқылы сандарды қосу және азайту амалдарына есептерді ауызша тез есептей білуге машықтандыру.

№ 4

(11-2) + 3 =12
Жауабы : 12 кг ұн

№ 5

(9+1) +2 =12 (8+2)+1=11
(12-2)-1=9 (11-1) -2 =8

№ 6 есепті «Кім шапшаң» ойыны ретінде шығарамын.
Мақсаты: ойын арқылы өткен сабақтардағы сандарды қосу, азайту амалына есептерді ауызша шығарылуын еске түсіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Ой толғаныс: сабақты пысықтау мақсатында «Ақсүйек» ойынын ойнатамын.
Шарты: Менің қолымда ақсүйек бар, оны «түн» деп атағанда біреудің алдына қоямын, «күн» дегенде көздеріңді ашасыңдар, сол кезде өткен сабаққа байланысты сұрақтар қоямын, соған жауап бересіңдер
- Бүгін қандай сабақпен таныстық?
- 3 санын қосу кестесін айтып, есепте т.б
Сабақты қорытып, оқушы қабілеттерін бағалау.

Үйге тапсырма: №7 59 бет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.