.
.
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені. 4 санын қосу кестесі.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1246 | Размер: | Автор: гость«Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
ІІ санатты, ІІІ (базалық) деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Жанабекова Г.А.
Математика
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу кестесі.
Сабақтың мақсаты: 4 санын қосу және азайту тәсілдері жайлы білімдерін бекіту. 4-ті қосу кестесін құрастыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру. Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдісі: топтық жұмыс, ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: геометриялық пішіндер, карточкалар, суреттер,сәйкестендіру тесті.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу. Геометриялық пішіндер арқылы 3 топқа бөлу.
2. Психологиялық ахуал.
Біз бақытты баламыз,
Биікке қанат қағамыз.
Болашаққа талпынып,
Оттай лаулап жанамыз.
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
Еңбектену арқылы,
5-ке қолды жеткізу.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
-Үйге қандай тапсырма берілді? № 4, 112-бет тексеру.
3. Ширату. Сұрақ-жауап. Әр топқа сұрақтар қойылады, берілген сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беру.
І топ:
1. Геометриялық пішіндерді ата.
2. 7-ден кейінгі санды ата.
3. Қосудың компоненттерін ата.
4. 8-дің 6-дан нешеуі артық?
5. 4 пен 3-тің қосындысы нешеге тең?
ІІ топ:
1. Тік төртбұрыштың қасиетін айт.
2. 5 санының көршілерін ата.
3. Азайтудың компоненттерін ата.
4. 6-ның 9-дан нешеуі кем?
5. 9 бен 4-тің айырмасы нешеге тең.
ІІІ топ:
1. Шаршының қасиетін айт.
2. 7 санының құрамын ата.
3. 3 санының қосу кестесін жатқа айт.
4. 10-ның 1-ден нешеуі артық?
5. 8 бен 2-нің қосындысы нешеге тең?
4. Жаңа сабақ.
Математикалық жұмбақ есептерді шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
І топ:
Табақта 2 алма,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығын,
Болады неше алма?
ІІ топ:
Қазда бар 2 аяқ,
Аққуда бар 2 аяқ.
Екеуін қосып санаса,
Болады сонда қанша аяқ?
ІІІ топ:
6 асықтың екеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?
- Барлық жұмбақтың шешуі нешеге тең болды?
- 4 санына байланысты не білесіңдер?
- Жылдың 4 мезгілі, 4 тұлға: От, су, жел, жер; Төрт түлік мал, 4 құбыла: Шығыс, Оңтүстік, Батыс, Солтүстік; 4 саны жұп сан.
- Ендеше бүгінгі сабағымыз 4 санына байланысты болмақ.
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымызда 4 санының қосу кестесін құрамыз.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз.
Көркем жазу: 4 санын әдемілеп торкөзге толтырып жазып шығу.
Оқулықпен жұмыс:
№ 1 тапсырманы түсіндіре отырып 4 санын қосу кестесін құрып, тақтада орындау. Хормен оқыту. 1-2 баладан жатқа сұрау.
1+4=5 10-4=6
2+4=6 9-4=5
3+4=7 8-4=4
4+4=8 7-4=3
5+4=9 6-4=2
6+4=10 5-4=1
Топтық жұмыс: № 2 Кестені толтыру. Әр топқа кесте сызылған парақшалар таратылады.
* 4 5 6
*+4 8 9 10
Сергіту сәті.
Логикалық есептер шығару. Әр топқа есептер оқылады, шешуін табу.
І топ:
1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
2. Мұз айдында жеті бала.
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала.
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң –жарадың! 9 бала
ІІ топ:
1. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)
2. Екі аяқпен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің....
Нешеу болды кәне, бол,
Санап шығар кім бұрын? 6
ІІІ топ:
1. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам)
2. Тал басында,
Тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да,
Үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның
Жұлынып,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? 4 жапырақ
Оқулықпен жұмыс:№ 4. Есепті шығар. Есепті оқып, талдау, тақтада 1 балаға орындату.
- Есеп кімдер және не жайында?
- Олар не сатып алды?
- Дәптер не үшін керек?
- Сапар неше дәптер сатып алды?
- Ал, Ақан ше?
- Ақанның неше дәптер сатып алғанын білу үшін не істейміз?
Сапар-10 дәптер
Ақан-? 4 дәптер кем
Ш: 10-4=6 (д)
Жауабы: Ақан 6 дәптер сатып алды.
Топтық жұмыс. 3 топқа 3 тапсырма таратылады. Тапсырманы топта ақылдасып орындайды.
І топ: Сандардың құрамын анықтау.
ІІ топ: Суретке қарап есеп құрастыру.
ІІІ топ: Өрнек құрып, мәнін табу.
Сәйкестендіру тесті. Әр оқушының алдына карточкалар таратылады. Тапсырманы орындарында орындайды.
4+4= 10
2+4= 5
6+4= 7
1+4= 6
3+4= 8
Қорытынды.
Үйге тапсырма: 113 бет № 3, жасыл қоршау.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.