.
.
Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы 7-ге көбейту және бөлу
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1084 | Размер: | Автор: гостьМакаренко атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Сугралиева Сәуле
Пәні: математика
Сыныбы: 3
Ашық сабақ
Тақырыбы: 7-ге көбейту және бөлу
Мақсаты: 7-ге көбейту және бөлу кестесін жүйелеу, жетілдіру,
тереңдету және тиянақтылау, бекіту.
Дамытушылығы: балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін,
шығармашылық белсенділігін дамыту. Ауызша көбейту, бөлу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: оқытудың өмір мен байланысын нығайту, шыдам-дылыққа, сауаттылыққа ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төсел-діру.
Түрі: ертегі ойын сабақ.
Әдісі: түсіндірмелі әдіс, сұрақ-жауап, машықтық жұмыс,
көрнекілік, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: дидактикалық материалдар.
Пән аралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық даярлық.
Бір-біріне тілек айту.
І топ
Кел балалар, ойнайық!
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай есеп болса да
Шешпей оны қоймайық.
ІІ топ
Ал, канекей, балалар,
Қазір сабақ оқимыз
Жақсы оқып сабақты
Санамызға тоқимыз!
ІІІ топ
Қолға қалам алайық
Әдемі етіп жазайық
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық.
ІІ. «Ой шақыру». Мақсат қою.
Бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып, көп санайды» деген сөз бар. Сондықтан білімімізді, тәртібімізді жақсы жағынан көрсетейік. Бүгінгі сабақ ерекше. Ертегі кейіпкерлерімен бірлесіп сабақ өтеміз.
- Қандай көне ертегілер білесіңдер?
- Алдар көсе, Шалқан, жеті лақ т.б.
Бұл сабақта «Жеті лақ» ертегісінің кейіпкерлерімен кездесеміз. Кім ертегіні есіне түсіріп айтып береді? (бір оқушы айтып береді). Бұл ертегі халық ауыз әдебиетінен келе жатыр. соны біз өгертсек болады ма? Қандай жануарлар кездеседі? Қасқыр, лақ.
ІІІ. Венн диаграммасы. Қасқыр мен лақты салыстырамыз.
Бүгін сабақтағы қасқыр өзгеше, ол жақсы болғысы келеді. Сондықтан бізге шарт қойып отыр. Мен берген тапсырмаларды орындасаңдар лақтарды қайтарамын.
ІV Үй тапсырмасы. «Ой шақыру»
«Үндемес ойыны» (жауабы фишка арқылы тексеріледі). 1 лақты апасына қайтардық.
V. Жаңа сабақ. Қазақта 3,7,9 сандары киелі дейді. Сол 7 саны біздің бүгінгі сабағымызда кездесіп отыр. 7 санына байланысты не білесіңдер?
Жеті жұт: 1. Құрғақшылық. 2. Ашаршылық. 3. Өрт. 4. Оба. 5. Cоғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала.
Жеті қат көк: 1. Ай. 2. Меркурий (шоқ жұлдыз). 3. Шолпан. 4. Күн. 5. Марс (Өмірзая). 6. Муштари (Юпитер). 7. Сатурн.
Жеті жетім:
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған боз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу, қазсыз көл жетім
Жерінен айырылған ел жетім
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол жетім.
Жеті қазына: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Қыран бүркіт. 4. Берен мылтық. 5. Жүйрік ат. 6. Құмай тазы. 7. Ақыл білім.
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті саны:
Жеті ата: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
Жеті шелпек қай күндері таратылады?
Көжені неше түрлі дәмнен жасайды?
Ал енді 21-ші лақты қайтарайық...
Ал достарым келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп
Есеп шығарып көріңдер! №1, 88 бет.
LG-48 Шешуі: (48+24):9=8
Samsung-24 тең бөледі 9д. Жауабы: Әр дүкенде 8 тел.
Әр дүкенде неше?
Жаңа-32 ор Шешуі: 32-(7*4)=4
Алды-4т*7ор Жауабы: 4 орындық қалды.
Қалды-?
3 лақты: «Көңілді қадам» ойыны.
Кәне тәртіп сақтайық.
Тез есептен аттайық
Алға қадам басқанда
Батыл аттайық!
№2 88 бет (ауызша)
7л*7=49л 490л:7=70л 9л*7=63л 630л:7=90л
8л*7=56л 560л:7=80л 10л*7=70л 70л:7=10л
№3 (қалдықпен бөлуді орында)
20:7=2(қ 6) 26:7=3(қ 5) 32:7=4(қ 4) 42:7=6 52:7=7(қ 3)
58:7=8(қ 2) 64:7=9(қ 1)
4 лақ. №4 (ауызша)
Біз есепке салдық күш «Есе көп» десе көбейтеміз
«Артық» десе қосамыз, «Есе аз» десе бөлеміз
«Кем» десе аламыз Соны есіңе сақтап қой.
5 лақ. Шығармашылық жұмыс.
«Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік» кезекті танымдық тапсырмаға берелік. Арамызда тапқыш достар көп екен, солардың енді жұмыстарын көрелік.
№5
4*3+□=20 4*□=36 □:6+6=15
□*5-5=40 5*□=45 □:7+7=15
6 лақ.
Көп білетін оқушы
Тақта алдына келеді
Теңдеулердің шешімін
Дұрыс тауып береді.
№6
х*7=63 х+7=63
х=63:7 х=63-7
х=9 х=56
9*7=63 56+7=63
63=63 63=63
7 лақ. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» демекші. Соңғы лақты құтқару үшін
«Тест» тапсырмасы.
1. 7 ондық 5 бірлігі бар санда тап?
А) 705 Б) 57 Ә) 75 С) 507
2. 529 санының ІІІ разрядта неше бірлігі бар?
А) 9 Б) 2 Ә) 5 С) 0
3. Екі түйе 14 л су ішті. Екеуі тепе-тең ішкен болса, әр түйе неше литр су ішкен?
А) 6 л Б) 7 л Ә) 5 л С) 10 л
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Мамематикаға орын берсең басынан
Барлық ғылым саған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан дей отырып сабағымызды қорытып жіберейік.
Үйге тапсырма: №7, 89 бет.
Қорытындылау: Біз нені үйрендік?
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.