Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
7 санын қосу және азайту -

7 санын қосу және азайту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1362 | Размер: | Автор: гость
. Кашкинбаева Индира Сабитовна

Ақтөбе қаласы,
№23 орта мектеп-лицейінің
бастауыш класс мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға 7 санының құрамын еске түсіре отырып, 7 санын қосу, азайту тәсілдерін түсіндіру, ұшқыр ойлап, тез жауап беруге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттер:
1.Оқушылардың білім-білік дағдысын арттыру.
2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
3.Оқушыларды шапшаң,сауатты есептеуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі геометриялық фигуралар,суреттер
Сабақтың түрі :аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, қызығушылығын ояту.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, еңбек, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Балалар түзу отырамыз, зейінімізді сабаққа аударып, қажетті құрал-жабдықтарымызды түгендейміз. Сабаққа бейімдеу (көңілді фигуралардығ атын атайды)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
№4 тапсырма оқушылардың дәптерінен тексеріледі.
2+3+1= 6 1+2+3= 6
3+1+2= 6 3+2+1= 6
Қызығушылығын ояту.
Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп бесеуін
Тағы да алдым екеуін
Алдым сонда нешеуін (7)
Табақта бар 5 алма, қолымда бар 2 алма.
Қосып едім барлығы,болып шықты неше алма? (7 алма)
ІІІ. Жаңа сабақты хабарлау
Балалар, біз осыған дейін 1,2,3,4,5,6 сандарын қосу және азайтуды өттік. Бүгінгі тақырыбымыз 7 санын қосу және азайту. Қане ойланайықшы 7 қандай сандардың қосындысы?
1+6 2+5 3+4 6+1 4+3 5+2
Ендеше дәптерімізді ашайық, күннің жадын жазамыз. Осы
7 санына байланысты ой шақырайық
М: 7 саны қазақта киелі, қасиетті сан. 7 санына байланысты не білеміз кане ортаға салайық.
О:7 күн, 7 ата, 7 қазына, 7 нан, 7 бірліктен тұрады, 7-тақ сан. 7 саны қасиетті сан болып саналады.7 саны келсе жақсылыққа балаған.
Сергіту сәті: «Кім тез есептейді?» Логикалық есеп
Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? 7

Берікте бар бес іні
Ерікте бар екі іні
Қоссаң бес пен екіні
Неше болар шешуі? 7

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
7 7 7 7 7 7(оқушылар дәптерге көркем жазады)
№ 1 Ойын. Есепті дұрыс шығарып Аязаталардың қалпақтарын басына кигізу.
7+1 8-7
7+2 9-7
7+3 10-7
№ 2 Ойын. Кірпіге саңырауқұлақ теріп беру арқылы тапсырмаларды орындау.
7+1=8 7-5=2
7+2=9 7-6=1
7+3=10 7-7=0
№ 3 Кітаппен жұмыс.
Барлығы 10 кәмпит
Тәрелкеде-2 кәмпит
Сауытта-? кәмпит
Ш: 10-2 = 8
Ж: 8 кәмпит сауытта
Сергіту сәті: «Буги-буги» биі
ІҮ.Жаңа сабақты тиянақтау.
№ 4 Ойын.«Көкөніс жинау» Қызанақтарды себетке салу арқылы тапсырмаларды орындау.
3+7 10-5 9-7 9-8
10-0 9-9 8+0 2+7
3+6 2+7 5-0 1+6
№ 5
- Балалар, алдарыңда тұрған не?Қалай аталады ? Осы затты мұқият қарап алып, қандай фигуралардан құрастырылғанын айтып берейікші?.(үшбұрыштар және төртбұрыштардан, шеңберден)
«Миға шабуыл» деп аталатын ойынға қатысайық.Шарты бойынша сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап берулерің керек.Ендеше іске сәт!
1.Бір аптада неше күн бар ?
2.Бүгін аптаның нешінші күні ?
3.Сандарды немен белгілейміз ? (Цифрмен)
4.Кесіндіні ненің көмегімен өлшейміз?
5.Оның өлшем бірлігі қалай аталады ?
Ү.Бағалау.Сабаққа белсене араласқан оқушылар бағаланады.
5-өте жақсы(бесжұлдыз)
4-жақсы (жақсы)3-орташа (қанағаттанарлық)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.