.
.
Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорын. 8 саны мен цифры
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1934 | Размер: | Автор: гость№8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай - балабақшасы, Атырау қаласы.
Жоғары санатты тәрбиеші Қанатова Бактылы Жумагазиевна.
Тақырыбы : 8 саны мен цифры»
Мақсаты :
Білімділік : Сан және цифр туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру . Сандарды тура және кері санауға , сандар көршісін дұрыс атауға , кеңістікті бағдарлай білуді жетілдіру,санды сала білу дағдыларын қалыптастыру .
Дамытушылық : Дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындата отырып , балалардың ойлау қабілеттерін дамыту . Санамақтар , сандар туралы санамақтар айтқызып, сөздік қорларын молайту . Логикалық есептер арқылы қызығушылықтарын арттыру, жеке жұмыс жасай білуге баулу.
Тәрбиелік : Балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа , берілген сұраққа нақты байланыстырып айта білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Суреттер , сандар, үлестірмелі құралдар , бейне таспа арқылы логикалық есептер , әліппе дәптер,жәй карандаш,пішіндер,әдемі сандық тапсырмаларымен.
Жүру барысы :
Балалар шеңбер құрып тұрады .
Шаттық шеңбері: Қайырлы күн балалар ,
Қайырлы күн апайлар !
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын.
Сейсенбінің сәті.
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
Есік қағылып ішке: Жалқаубек кіреді .
Жалқаубек : Сәлеметсіздер ме , балалар !
Сендердің дауыстарыңды естіп келдім .
Балалар мен кешеден бастап мектепалды даярлық тобына барып едім.
Апай математикадан көп тапсырмалар берді.
Мен білімді балаларға қызығып тұрмын ,бірақ тапсырмаларды түсінбеймін.
Маған үйретесіңдер ме?.
Міне , әдемі сандық осының ішінде,тапсырмалар бар.
Тәрбиеші : сандықты алып .
Кәне,балалар Жалқаубекке білімді болуға көмектесеміз бе?
Балалар: әрине көмектесеміз.
Сандықты ашқанда музыка ойналады .
Сандықтың ішінде сұрақтар болады.
1 . Бір жылда неше жыл мезгілі бар ?
2. Қазір жылдың қай мезгілі ?
4 . Қыс мезгілінде неше ай бар ?
5 . Қазір қыс мезгілінің нешінші айы?
6 . 1 аптада неше күн бар ?
7 . Бүгін аптаның қай күні?
8 . Аптаға байланысты санамақ білесің бе ?
9 . Санға байланысты санамақ кім айтады ?
Кері санамақ:
Бөрік тіктім,
Он ойланып,
Тоғыз толғанып,
Сегіз рет сызып,
Жеті рет бұзып,
Алты рет қарап
Бес рет санап,
Төрт түйме қадап,
Үш тал үкі тағып,
Екі қолым талып,
Бір бөрікті тіктім,
Әзер біттім.
10.Санға байланысты тақпақты кім айтады ?
Бестік деген бағаны,
Мен күнде аламын,
Бәрі жақсы көреді,
Беске оқыған баланы.
Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді?.
11 .Мына жұмбақтарды шеш :
1.Түнде аяз күшейіп,
Күндіз тамшы тамады.
Күн білінбей ұзару
Бұл қай кезде болады?(Ақпан).
2.Жеті бауыр туыспыз,
Атамыз өзге демесең.
Жұмған жұдырық уыспыз (аптаның жеті күні).
3.12-і ағайын бірінен соң бірі жүреді,
Бірақ таппайтынын біледі.(айлар).
Тәрбиеші : Көрдің бе , Жалқаубек .
Балалар әдемі сандығыңның ішіндегі барлық сұрақтарыңа жауап берді .
Бұл сұрақтарды білмесең , білімді бала болалмайсың , балалармен
бірге бол .
Тапсырмаларды балалармен бірге орындап үйрен,жақсы ма?.
Тәрбиеші : Балалар , біздер алдыңғы оқу-іс әрекетімізде қандай санмен танысқан едік ? .
Балалардың жауабы.
Тәрбиеші :Кім маған 1 – ден 7– ге дейін тура , кері санап береді ?
Тақтаның алдына келіп 1 – ден 7 – ге дейін реттік сан қатарын тауып қояды . 1 бала тақтаға шығып , сандарды қояды .
Қалған балалар орындарында отырып сандарды орналастырады. 0,1,2,3,4,5,6,7. 7,6,5,4,3,2,1,0.
Дидактикалық ойын: Мынау қай пішін?.
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айтқызу.
Көрнекілік: геометриялық пішіндер .
Шарты: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды.
Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады.
Бала оны сипап байқап, қандай геометриялық пішін екенін атайды.
Логикалық есеп.
1. Бестен төртті алайық,
Қанша қалды қарайық?
Қарайық та санайық?
Санайық та табайық?(1)
2. Арманда бар бес іні.
Нұрланда бар екі іні,
Қосындысын балақай,
Айта ғойшы мүдірмей?(7)
3. Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналды алты есек,
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталасты неше есек?(3).
Тәрбиеші:Өте жақсы,енді бойымызды сергітіп алайық,
Сергіту сәті : Кәне-кәне тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оң жақтағы көршіге,
Сол жақтағы көршіге,
Күлімсіреп қарайық.
Қолды биікке созайық,
Бір-бірімізден озайық
Құшақтасып әркезде.
Тату-тәтті болайық.
Тыныштық сәтін жүргізу.
Балалар, денелеріңді түзеу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып
отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.
Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Тәрбиеші : Балалар , енді назарларыңды тақтаға аударыңыздар.
7 санының ішінде бірлік неше рет кездеседі?
Балалардың жауабы.
7 бірлікке 1 бірлікті қосқанда неше бірлік болады ?
Балалардың жауабы:8 бірлік болады.
8 саны қандай саннан кейін тұрады ?
Балалардың жауабы:-7санынан кейін тұрады.
7ден кейін 8 санының цифрын қояды .
Міне бүгінгі біздің танысатын жаңа санымыз 8 саны .
7 санынан кейін жолақшаға 8 санынан кейін қоямыз .
1 , 2 бала тура , кері санайды .
Дәптермен жұмыс :
Тәрбиеші : Балалар , алдымыздағы әліппе дәптеріміздегі 8 саны тұрған
бетті ашайық.
1-тапсырма: Суретке қарап,қандай заттар бейнеленгендігін атату. Заттарды екі топқа бөлгізу. Заттар тобын атату, неше алма,машина,мойын орағыш, текше санату.Цифрды заттар тобымен сәйкестендіру.Нәтижесін жаздыру.
2-тапсырма:8 санының құрамы.8 санын сандардан құрастырып жаздыру.
3-тапсырма.Әр сөреде неше қыш құмыра барын сана.Пішіні бірдей қыш құмыраларды көрсет.Құмыраларды қандай топқа және қандай белгілері бойынша бөлуге болады?
Сөреге қандай қыш құмыра қою керек?Жапсырмадан тиісті құмыраны алып жапсырту.
4-тапсырма: 8 санын үзік сызықтарды қосу арқылы жаздыру.
Қуыршақтарды бояту.
Жалқаубек біздің балалардың білімге деген қызығушылығын байқаған боларсың , сен де апайларың берген тапсырмаларды күнделікті орындап , жақсы бағалар алып жүр .
Жалқаубек : Балалар рахмет сендерге , есептерді шығаруды үйрендім . Сау болыңдар , мен кеттім.
Тәрбиеші : Балалар , сонымен біздер бүгін қандай санмен таныстық .
Балалалдың: жауабы тыңдалады.
Тәрбиеші: 8 саны неше бірліктен тұрады .
Балалардың: жауабы тыңдалады.
Тәрбиеші: 4+4 қосқанда неше болады екен?
Балалардың жауабы тыңдалады.
Балалар , бүгін бәрің де өте жақсы жауап бердіңдер , рахмет сендерге , қонақтарымызға сау болыңыздар айтып қоштасайық .
Балалар: Біздің топтың балалары,
Тату-тәтті ойнайды,
Өмірдегі бар адамға.
Тек жақсылық ойлайды
Көріскенше күн жақсы болып,
Сау-саламат болайық!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.