Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
9 саны мен цифры -

9 саны мен цифры

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1578 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Әбдиева Қалия

Сыныбы: 1 (бірінші)
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: 9 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: 9 саны менц цифры жайлы түсінік беру. 9 санының пайда болуы, 0-ден 9-ға дейінгі сандар қатары туралы түсініктер, 9 цифрын жазу дағдыларын қалптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды бір-біріне көмек бере білуге, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Сабақта ойын ойната отырып, оқушыларды жедел ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, салыстыру, ойын.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әліппе
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, плакат, көрнекі суреттер.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру:
1. Тура санау: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
2. Кері санау: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.
3. Кестені толтыр:

Қосылғыш 6 4 5 1 4 3 2
Қосылғыш 3 2 3 5 4 4 5
Қосындының мәні

Азайғыш 8 7 6 4 5 7 6
Азайтқыш 2 1 3 1 2 4 5
Айырманың мәні

3. Жаңа сабаққа даярлау.
1. Ойын: Шашылған сандар:

2. Жұмбақ есеп:
Табақта 5 алма
Қолымда 4 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма.
4. Жаңа сабақ:
9 саны мен цифры жайлы түсінік беру. 9 тақ сан екендігін ұғындыру. 9 санының баспа және жазба түрімен таныстыру.
1-тапсырма: Суретпен жұмыс.
2-тапсырма: Сандарды салыстыру. Кесіндінің ұзындығын өлше.
5. Сергіту сәті:
Оң қолымда 5 саусақ
Сол қолымда 5 саусақ
Алақанды ашамыз
5-ті 5-ке қосамыз.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
Оқушыларға өздеріне ұнаған суреттерді алдыра отырып, берілген тапсырманы орындату.
7. Жаңа сабақты бекіту:
3-тапсырма: Өзіндік жұмыс. Жоқ санды тап,
4-тапсырма: Теңдік құр. Оларды оқы.
8. Оқушыларды бағалау.
9. Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.