Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. №106 «Ердәулет» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Сманова Гульмира Сланбекқызы.
Тақырыбы: Аққала
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жапсыру
Мақсаты: Балаларды қыс мезгілін сипаттау арқылы табиғаттың тамашаларымен таныстыру, жұмбақ арқылы балаларға қысқы табиғат көріністерін танытып, рухани дүниесін дамыту, балалардың саусақ қимылдарын дамыта отырып, ұқыпты, таза жапсыруға аққала бейнесін қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуге қалыптастыру, қызығушылығын арттыру. Ұқыпты жұмыстануға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауаптар, сергіту сәті, қорытындылау.
Көрнекілігі: Қыс көрінісі суреттері, геометриялық дөңгелек пішіндер үлгілері, желім, қылқалам, бояулар.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеттері Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғауыш

Іздену ұйымдастырушы

Рефлекцивті коррекциялаушы Таңғы жиын:
- Балалар, бүгін күн ерекше, бүгін біздің топта қонақтар көп, таңғы сәлемімізді жолдайық:

- Күннің көзі ашылдыды,
Көкке шуақ шашылды.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.

Ия, балалар, біз әрбір атқан таңымызға, келген жаңа күнімізге қуанамыз.

- Балалар, енді орындарыңа отыра қойыңдар да, мына суретке қараңдар, далада қандай өзгеріс бар екен?
/Сурет бойынша жұмыс/

Дұрыс. Олай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешуін табыңдар.

Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.

- Балаларым айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?
- Қыста бар да жазда жоқ?
- Балалар, сонымен жылдың қай мезгілі екен?
- Ал, қыс мезгілінде қанша ай бар?
- Қыс айларын кім айтып береді?
- Дұрыс айтасыңдар, ал енді біз қыста қалай киінеміз?
- Балалар, біз қыста басымызға бас киім, үстімізге тонымызды, аяғымызға қалың етікті киеміз, ал қолымыз жаурап қалмас үшін не киеміз?
- Қане, балалар, қыс мезгілі, қыс айлары жайлы тақпақ айтамыз.

Айналама қарасам
Қар жауып тұр далада
Аққала жасап ойнадық,
Балалар жүр аулада.

Не істерін біле алмай,
Аяз сурет салады.
Бірақ үйге кіре алмай,
Терезеден қарайды.

Аппақ ұлпа қары бар,
Қаңтардың өз сәні бар.
Айналаңа құлақ түр
Болсаң егер ән ұғар.

Бұрқыратып ақ қарды,
Көрдіңдер ме ақпанды?
Дауысы да тым өктемді
Борандатып өткен-ді.

- Жарайсыңдар балалар.

Таңғажайып сәт.
Топқа көңілді әуенмен Аққала кіреді.
-Мен аққала, ақбала,
Келіп қалдым бақшаға.
Екі көзім қап-қара
Көргің келсе, сен қара.
-Саламатсыңдар ма, балалар!
Бойларың қандай өскен, бәрің тамаша болып өсіпсіңдер.
Балалар сендер далаға қараңдаршы, қар жауып тұр, таза ауа, балалар далада ойнап жүр.
Сендер білесіңдер ме, қыста қандай ойындар бар?

Аққала біраз мұңайып:
-Жоқ, балалар қазір аққала соғып ойнамай қойды.
Балалар сендер даладан аққала көрдіңдер ме?

-Міне, мен жалғызбын.
-Жоқ аққала, сен ренжіме. Біз саған балалармен бірге көп аққала жасап береміз, солай емес пе балалар?
-Мен қуаныштымын балалар, маған аққала жасап беретін болды, ал мен де балаларға ойын алып келдім.
-Балалар, аққала бізге «Кім жылдам?» ойынын алып келіпті. Балаларды жарыстыра ойнату.

Балалар енді аққалаға арнап тақпақтар айтып берейік.

Қатар-қатар тізілді үй,
«Алақай», айқай күлкі ылғи
Күлді бірге аққала
Ерінбесең, бар қара
Ойнап жүріп көп бала
Соғып қойды аққала.

Көше бойы омбы қар,
Жиналамыз топтала.
Демей бетім домбығар
Соғамыз зор аққала.

Марал, Зада мақтана
Соқтық дейді аққала.
Мен қзықтап көріп ем
Аққала емес-ақ бала.

- Балалар біз аққала жасау үшін бірінші мына үлгіге қараймыз. Аққаланың денесі геометриялық қай денеге ұқсас?
- Оның қалпағы қандай пішін?
- Балалар, аққала неше дөңгелектен тұрады, қане сұрайық?
- Дұрыс айтасыңдар, ең үлкен дөңгелек-аяқ жағы, ортасы-кеуде жағы, кішкентайы-басы, және екі қолымен бес дөңгелектен тұрады. Қап-қара екі көзі, сәбізден мұрны бар.
Балаларға аққаланы қалай жапсыру керектігін көрсету, яғни төменнен жоғарыға қарай жапсыру керектігін түсіндіру.

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Бір отырамыз, бір тұрамыз
Біз тынығып аламыз.
Балаларды орталықтағы өз орнына жайғастыра, алдарындағы пішіндерді, желім, қылқалам, қарабояу және мақталы таяқшаны көрсете өту.

Балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, оларды тамашалап, жақсы жапсырғандарды мақтап-мадақтау, сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.


Шуақ шаша,
Алтн таңда
Мөлдір таза ауада
Табиғаттың бәрі оянды
Оян сенде бар бала!

Сәлеметсіздер ме апайлар?
Далада қар жауып тұр, айнала аппақ қар.

- Қыс мезгілінде

- Қар

- Қыс мезгілі

- Үш ай

- Желтоқсан, қаңтар, ақпан

- Қалың киінеміз.

- Қолғап киеміз

Саламатсызба аққала

- Ия, білеміз.
- Балалар шанамен сырғанайды, коньки, шаңғы тебеді және қардан аққала соғады.

- Жоқ

- Ия, жасап береміз

Балалар көңіл көтеріп, қарларды жинайды.

Балалар қосыла санайды. Бір, екі, үш

Балалар өз түсініктерін мұқият, таза орындайды.

Күтілетін нәтиже:
1. Түсінуі. Аққаланың дөңгелек пішіндерден тұруын түсінді.
2. Жаңғыртуы. Басқа да заттардан аққаланы құрастыруды, және қыс мезгілінің боранды, ызғарлы болуын білді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.