.
.
№1 Е. Молдабаев атындағы жалпы орта мектебінің Ағаш бөлшектерін құрастырып бекітудің әдіс-тәсілдері.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2918 | Размер: | Автор: гостьтехнология пәнінің мұғалімі Арынбай Мақсат Қадырұлы
Тақырыбы: Ағаш бөлшектерін құрастырып бекітудің әдіс-тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: ағаштан жасалатын бұйымдарды құрастырудың әдіс-тәсілдерін үйрету. Жасалатын бұйымдарды нұсқау карта бойынша жасауға қалыптастыру;
Ә) дамытушылық: ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту. Сабақтағы теориялық білімдерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастырып, оны жасап көрсету;
Б) тәрбиелік: оқушыларды еңбекке баулу, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету, эстетикалық тәрбие беру;
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, бейнелеу.
Сабақтың түрі: теориялық, сарамандық жұмыстар
Сабақтың көрнекілігі: әр түрлі тақтай бөлшектері, технологиялық нұсқау карта, шеге, бұрама шеге, желім, балға, бұрауыш т.б. еңбек құралдары.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен сабақты қайталау
ІІІ. Жаңа сабақ
Әуелі сөзжұмбақ шешсек, бүгінгі сабағымызға байланысты сөз шығады.
1. 150х200мм діңгекті ата? (шпал)
2. Шегені соңуға арналған құрал? (балға)
3. Саз аспаптарын жасайтын ағашты ата? (қайың)
4. Құрастырып бекіту ненің көмегімен орындалады? (шеге)
Жаңа сабақты тақырыбын хабарлау.
Ағаш бөлшектерін құрастырып бекіту.
Теориялық бөлімі : шеге , бұрама шеге , желім туралы мәлімет беру . Мектеп шеберханасында көптеген бұйымдар жасалады . Олар әр түрлі бөлшектерден тұрады . Бұйымдардың бірнеше бөліктерден тұратыны айтылып . Ол интерактивті тақта арқылы көрсетіледі. Бөлшектерді біріктіру әдістерін де осы тақта арқылы көрсетемін ,(яғни шетінен және ортасынан біріктіру .) Оларды бір –бірімен әр түрлі әдіс -тәсілдермен біріктіреді . Ағаштарды бір- бірімен біріктіру барысы толығымен жинақтау деп аталады .
Құрастыру бекіту шеге ,бұрама шеге және желімнің көмегімен орындалады .
Шегені біріктіріп бекітуде пайдаланатын құрал балға болып табылады .
Бұрама шегемен құрастырып бекіту анағұрлым мықты әрі берік болады .
Бұрама шеге дегеніміз –конус тәріздес металл діңгектер . (Бұрама шегелер түрлері көрсетіледі )
Бұрама шегенің қалпағында жалпақ бұрауышқа арналған бір ғана кесік ойықты немесе крест түріндегі ойығы болады. Осыған қосымша шегенің қалпағында алты қырлы кілтке келетін түрі де кездеседі.
Ағаш бөлшектерді желімдеу арқылы құрастырып бекітудің өзіндік ерекешелігі бар. Жалпы желімдер табиғи және синтетикалық болып екіге бөлінеді.
(желімдер түрлерін көрсету)
Жаңа сабақты бекіту барысында ағаш өңдеуге қажетті құралдарды еске түсірту үшін жұмбақтар шешейік.
1. Ағаш мойын, шойын бас
Осы мықты мойымас.
Мықтап тұрып ұрады,
Мықты жерге тығады. (балта)
2. Кедір-бұдыр тақтайды
Тегістейтін тілімен.
Жеген асын таптайды
Шығар желке түбінен (сүргі)
3. Маржан тісті ақшиып
Ызылдап ән шырқайды.
Көк тіреген қақшиып
Қарағайды қырқады (ара)
«Кім білгір?» ойыны
Сұраққа жауап қайтару арқылы ағаш, ағаш бөлшектері туралы сұрақтарға жауап берейік. Ағаш бөлігі жапырақтар арқылы білімімізді сынайық. Нөмірлеген жапырақтарда бір санды таңдау арқылы сұраққа жауап береді.
1. Ағаш қандай материал және оны не үшін пайдаланамыз?
(ағаш табиғаттың бір бөлшегі, оны түрлі құрал – саймандар мен тұрмыстық бұйымдар жасау үшін пайдаланамыз)
2. Ағаш материалын өңдеу үшін қандай ерекшеліктер ескеріледі?
(ағашты өңдеу үшін табиғи түр-түсі, тығыздығы, жұмсақ-қаттылығы, жылу мен ылғал өткізгіштігі ескеріледі.)
3. Ағаш материалдарының қандай қасиеттері бар?
(түсі, тығыздығы, дамқылдығы, беріктігі)
4. Ағаш қандай бөлшектерден тұрады?
(тамыры, ұшар басы, діңі)
5. Құрылыс материалының ең берік жері ағаштың қай бөлігінен алынады?
(діңінің орта бөлігінен алынады)
6. Құрастырып бекіту ненің көмегімен орындалады?
(шеге, бұрама шеге, желімнің көмегімен орындалады)
Мұғалім:
Ағашқа байланысты кім ырым-сөздер біледі екен?
1. Түсінде ағаш көрсе адам байиды деп жорамалдаған
2. Ағашты, өсімдікті сәрсенбі күні отырғызса несібе мол болады.
ІV. Жаңа сабаққа байланысты сарамандық жұмыс.
Сарамандық дұмыстың мақсаты ағаштан жасалатын бұйымдарды құрастарудың әдіс-тәсілдерін және бұйымды жинау жолдарын меңгерту, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жұмыс кезінде құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану жолдарын және жұмыс орнының таза болуын қадағалу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар : жұмыс үстелі, қол ара, сүргі, бұрғы , балта, желім, шегелер, бұрандалы шегелер т.б. еңбек құралдары .
Сарамандық жұмысқа қолданылатын шикізаттар :
Керекті тақтайды кесіп және сүргілеп , дайындаймыз .
Қолданылатын тақтайдың шірігі , жарылған жері болмауы керек . Жасалатын бұйым (аласа орындық) тақтайдан жасалады .
Қауіпсіздік ережесін айту :
1. Жұмыс құралдарының жұмысқа жарақты болсын!
2. Балғамен, арамен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақта!
3. Жұмыс кезінде жұмыс орнының таза болуын, басқа артық заттардың болмауын қадағалау керек.
Сарамандық жұмыстың орындалу реті аласа орындық жасаудың технологиялық картасы арқылы көрсетіледі.
Аласа орындық жасаудың технологиялық картасы
№ Жұмыс тәртібі Қажетті құралдар сызбасы
1 Тақтайды таңдау Тақтай қалыңдығы 25мм
2 Тақтайды кесу, орындықтың енін өлшеу, бұрышын 90 0-қа сәйкестендіру Ара, бұрыштық, қалам
3 Орындықтың аяғын өлшем бойынша дайындау
Сызғыш, қалам,ара
4
Ортаңғы ұстағышты дайындау. Ара, сызғыш, қалам,
5 Орындықты жинастыру Бұрама шеге, балға,шеге, бұрғы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.