.
.
Тексерілді: Қағаз,қарындашпен таныстыру
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1712 | Размер: | Автор: гостьБалабақша әдіскері: У.Е. Тлюупова .
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 1
Уақыты:07.09.15
Тобы:«Балапан» I-кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Қағаз,қарындашпен таныстыру»
Мақсаты:
а)көлденеңінен,тігінен сызықтар сызуды үйрету.
ә) қағазбен, майлы қарындашпен таныстырып,жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
б)үстелде дұрыс отыра білуге және еңбек етуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: балаларды қарындаштармен таныстыру.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын.
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: демонстрациялық материалдар,сурет салуға арналған ақ қағаз,түрлі түсті майлы қарындаштар, «өз түсіңді тап!»ойынына арналған әртүрлі жолақ қағаздар(немесе ойыншықтар т.б.)
Билингвалдық компонент: қарындаш-карандаш,қағаз-бумага.
Іс -әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы Балалардың назарын өзіне аударту.
-Қазір мен сендерге ертегі айтып беремін. Ерте,ерте,ертеде... бір қорап өмір сүріпті. Ол, міне, мынадай екен (қорапты көрсету) Сырты қандай әдемі безендірілген (сыртқы суреттеріне тоқталып өтеді де),оның ішінде не бар екен? Балалар ертегіні тыңдайды. Өздерінің көңіл күйлерін білдіреді.
Іздену- ұйымдастырушы (қорапты қозғалтып,ішіндегі қарындаштарды тықырлатады)
-Тыңдап көріңдерші,бұл қорап ереше,сиқырлы қорап болды. Өйткені,ішіндегі таяқшалар да сиқырлы көрінеді. Кәне,ашып көрейік,-деп майлы қарындаштарды жартылай ашып көрсетіп,-бұл таяқшалардың түстері сан алуан екен. (Қызыл және қара түсті қарындаштарды алып,балалардан олардың қандай түсті екені сұралады).
-Бұл таяқшалар көңілді би билегісі келіп тұр. (Олар қағаз бетіне кезек-кезек шығып би билеп, «Көңілді із» қалдырмақшы болады).
(Қағазбен таныстырғанда ақ қағазды көрсете отырып келесі сұрақтар қойылады).
-Мынау не? Түсі қандай?
Ақ қағазға майлы қарындашпен сурет салуға болады,бірақ қарындашты өте қатты бастыру қажет емес. Егер қарындашты қатты бастырсақ,қағаз жыртылып қалады. Сендер қағазды жыртпаңдар,сонда біз көп нәрсенің суретін салып үйренеміз.
-Қарындаштар көңілді би билей алады. (Қағаз бетіне жоғарыдан төмен қарай бірнеше түзу сызықтар жүргізеді)
-Қандай әдемі түстер. Мынау қандай қарындаштың ізі кім айтады?
Қызыл,көк,қара,сызықтарды сызғанда қолды батыл,үзіліс жасамай жүргізіп көрсетіп,
балалардың қолдарын жетілдіруге көңіл аудару.
Қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетіп,2-3рет ауада сызық жүргізіледі.
-Осы сызықтарды енді алдарыңдағы ақ қағазға түсіріп көріңдер.
-Енді бұдан былай сурет салу бөлімінде қағаз бен майлы қарындаштарды пайдаланып,әртүрлі суреттер салып үйренеміз. Қарындаштарыңды жинап,орнына қойыңдар. Қарындаштарды жинату.
Қағаздарды жинап алып,салған сызықтары жөнінде әңгімеленеді.
Ойын: «Өз түсіңді тап!»
Билингвалдық компонент: қарындаш-карандаш,қағаз-бумага. Балалар қораптағы дыбысты тыңдайды.
Балалар тәрбиешінің көмегімен түстерді ажыратып,атайды.
-Ол-қағаз. Түсі-ақ.
Балалар қарындаш деген сөзі қайталап айтады.
Балалар алдарындағы ақ қағазға майлы қарындаштар арқылы сызықтар сызады.
Сызықтарды көбірек сызып,ойын-жаттығуды орындайды. Ауада 2-3рет саусақтарымен сызықтар жүргізеді.Әр бала өзінің қарындашының қандай із түсіргенін түсіндір айтқызу. Сызықтарды батыл,дұрыс,түзу сыза білуге жаттығады, бірнеше рет сызықтар жүргізеді.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Қайталайды: қарындаш-карандаш,қағаз-бумага.
Рефлексивті коррекциалаушы Балалар жұмысқа кіріскенде аралап,іс-әрекеттеріне басшылық жасап,бағыт беріп,жұмыстарын мақтап,мадақтау.
Балалар бір-бірінің жұмыстарын қарап,өздерінің еңбектеріне назар аударады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: майлы қарындашпен сурет салуға болатынын біледі.
Қандай түсініктерді игерді:қағаз,майлы қарындаш туралы және онымен іс-әрекет жасау туралы түсініктерді игереді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: қағаз,майлы қарындашпен жұмысты, жұмыс істеу дағдыларын,ұқыпты еңбек етуді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.