.
.
Атырау облысы Индер ауданы «Қаңбақ шал» ертегісі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2688 | Размер: | Автор: гостьМ.Әуезов атындағы орта мектептің
қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Көккөз Күләш Мақсотқызы
Сыныбы: 5
Пәні : қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: «Қаңбақ шал» ертегісі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: «Қаңбақ шал» ертегісін әңгімелеу арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеу, қорыту.
ә) тәрбиелік: Қаңбақ шал бейнесі арқылы тапқырлық, білгірлік, көрегендік қасиеттерге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Әдеби сөйлеу тілін дамыту, ізденіс-шығармашылық қасиеттерін дамыту.
Әдісі: БЛУМ өлшемі, «Ыстық орындық», СТО стратегиялары, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, бейнебаян, бағалау бетшесі, түрлі түсті бояу, смайликтер.
Оқу нәтижесі: «Қаңбақ шал» ертегісін мазмұндай біледі, топпен, жұппен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың жүрісі:
Кезең-
дері мақсаты Түрткі сұрақтар, тапсырма Күтілетін нәтиже Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Формативті бағалау
критерий дескриптор
Білу Өткен тақырыпты еске түсіріп, білімін жаңарту «Ыстық орындық»әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру Өтілген тақырыптар туралы білетіндерін өз білімдерімен дәлелдейді. Психологиялық дайындық. Қызығушылығын ояту. Бағалау бетшесін беру. «Ең әдемі тілек»
Жылы лебіз айту 1,2,3сандары ар-
қылы топқа
бөлінеді. Топ мүшесі қызметін бөлісу. Өткен тақырыптар туралы толық меңгеру. Толық меңгерді-3. Жартылай меңгерді-2. Меңгере алмады -1
Түсіну Жаңа тақырыпты оқушылардың өз бетімен меңгеруіне ықпал жасау «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтар.
1. Ертегілер қалай пайда болған?
2. Ертегілердің қандай түрлерін білесіңдер?
3. «Қаңбақ шал» ертегісін білесіңдер ме?
- Олай болса, оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыз
дың тақырыбы не туралы?
«Өрмекші торы»әдісі арқы
лы «Қаңбақ шал» ертегісін әңгімелету.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді мәнерлеп оқыту.
Сөздікпен жұмыс
Жаңа сөздердің мағына-
сын ажырату.
«Миға шабуыл»әдісі арқылы жаңа тақы-рыпты жан- жақты талдайды өз ойларын ортаға салады, түсінік
терін қалыптастыра-
ды, өз білімдерін жетілдіреді.
Қиын сөздердің мән- мағынасын ажыратады, түсінеді. Мағынаны тану. Әр топқа өзіндік бағыт-бағдар береді.
Сұрақтарға жауап беруге барлық оқушы дерлік қатысады.
Сөздікпен жұмыс жасайды. «Қаңбақ шал» ертегісін жан- жақты жеткі-
зе алу шеберлігі Ойын толық жеткізе алды-3.
Жартылай жеткізді-2.
Жеткізе алмады-1.
Қолдану Мәтіндегі өзге кейіпкер бейнелерімен салыстыру, ерекшелігін табу.
1- топ
Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме (Қаңбақ шал, дәу, кемпір, түлкі)
2- топ
«Шал мен дәудің кезде
суін» рөлге бөліп оқу.
3- топ
Қаңбақ шал мен дәудің ортақ қасиеттері мен ерекшеліктерін табыңдар
Диалог әдісімен сұрақ-жауап, дәлелдеу түрінде пікір алмасады, өз шешімдері арқылы өзгелердің сыни ойлауына жол ашады, түйінді пікірін жеткізеді. Топ мүшелерінің пікір алмасуына бағыт береді. Әр топ Венн диаграммасы арқылы постер қорғап, топтың түйінді пікірін жеткізеді. Игерілген тақырып бойынша сыни ойлауын мәтіндегі өзге кейіпкерлермен салыстырып, дәлелдеп қолдану. Қолдана білді-3.
Жартылай қолданды-2.
Қолдана алмады-1.
Талдау «Ойлан- жұптас- талқыла»
1.Ертегі кейіпкері неге Қаңбақ шал деп аталған?
2. Қаңбақ шал неден қорлық көріпті?
3. Қаңбақ шал дәумен қалай кездеседі?
4. Қаңбақ шал мен дәу қалай күш сынасады?
5. Қаңбақ шал кемпірін қалай үйретеді?
6.Қаңбақ шал дәулерді қалай қарсы алады?
7. Дәулерге не кездеседі, қандай ақыл береді?
8. Қаңбақ шал түлкі мен дәулерден қалай құтыла
ды?
9. Ертегінің қандай құпия
сы бар ма?
10. «Қаңбақ шал»ертегісі ертегінің қандай түріне жатады?
Топ мүшелері тақырыпқа талдау жасайды, қорғайды. Әдеби теориялық ұғымдарды практикада дәлелдеуі. Әдеби теориялық ұғымдарды меңгерді-3.
Жартылай меңгерді-2.
Меңгермеді-1.
Жинақ-
тау Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақ-тау. Өз ойларын әдеби тілмен жеткізу. «Ақыл алтау, айла жетеу»
тақырыбында сұхбат құрыңдар.
«Өзіңнен әлсізге әлімжет
тік жасама» тыйым сөздер
ге өз ойыңды білдір. Бүгінгі толғаныстарын ортаға салады. Оқушылардың шығармашылық ізденістеріне бағыт көрсетіп, қорытынды пікір шығаруға бағдар береді. Өзара ой бөлісіп, қорытынды жасай отырып, толғанысын әдеби тілмен баяндайды. Өз толғанысын әдеби тілмен жеткізе білуі, көзқарасын өзіндік пікірмен дәлелдей алуы. Алған білімдерін жеткізе алды-3.
Жартылай жеткізді-2.
Жеткізе алмады-1.
бағалау Бұған дейінгі айтылған ойларды тұжырымдау. «Менің сабақтан алған әсерім» Қорытынды жасайды, «Қаңбақ шал»ертегісі туралы мағұлмат алады. Сабақты бүгінгі өмірмен байланыс
тырып,қорытындылауға әсер етеді. Пікір айтады, өзін-өзі және топ басшысы формативті, критерий арқылы бағалайды Рефлексия.
Үйге тапсырма: «Қаңбақ шал» ертегісі негізінде ертегі жазу (87- 91 беттер)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.