Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. I санат тәрбиешісі: Күлайым Саламатова Бакқбергенқызы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы.
КМҚК №7 «Шұғыла» бөбекжайы.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылғаноқу іс-әрекеті: Жапсыру
Тақырыбы: Ақкөжек
Мақсаты: Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру.Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой қиялын іс-жүзінде көрсете білуге үйрету.Жан-жануарларға қамқор болуға,ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.Желіммен жұмыс жасай білу дағдыларын бекіту.
Тапсырмалар:
1.Бағдарламалық тапсырмаларды өз бетінше орындауға дағдыландыру.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру.
Әдіс-тәсілі: ТРИЗ,тәй-тәй технологиясы, сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,
2.Мезгілге сай мақал сөздің мазмұнын біліп,орынды қолдана білуге үйрету.Ертегі арқылы тіл байлығын,сөздік қорын дамыту.
3. Ойын тапсырмалар арқылы ( көңілді шеңбер) ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: 4 түрлі ( қызыл,жасыл,сары,көк) карточка(жыл мезгілдеріне сай,өзгерістері бар суреттер,көжек шаблондары,көңілді шеңбер,морфологиялық кесте,слаид арқылы суретер, ролик.
Билингивалды компонент: қоян-заяц,көжек-кролик,күз-осень.
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Ұйымдасыру
Балалар біздің топқа көптеген апайлар қонаққа келіп отыр екен. Әдепті елдің баласы алдыменен не істейді?
-Дұрыс айтасыңдар. Олай болса балалар әдептілігімізді көрсетіп келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Жарайсыңдар балалар рахмет.
Көңіл күйлерің қандай? Балалар жарты шеңбер болып тұрады.
-Әдепті елдің баласы ,алдымене иіліп сәлем береді.
-Біздер сәлем береміз,
өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы,
сәлем сөздің анасы, сәлеметсіздерме қонақтар.
ТАМАША
Іздену ұйымдастырушы Сондай тамаша көңіл күймен балалар,мен сендермен ойын ойнағы келіп тұр. Ойнаймыз ба?
Экранға назар аударайық.
Балалар мына суретте ненің бейнесі жасырылған деп ойлайсыңдар?
Бұл не болуы мүмкін.?
Неге құс деп ойладыңдар?
Жоқ,ойланыңдар...
Ептеп суреттің бір қиындысын ашу суретті.
Оның құлағы ұзын.
Дұрыс таптыңдар балалар.
Балалар қоян бізге не айтқысы келіп тұр.
Оны білу үшін балалар мына сөзді жалғастыру керек екен.
-Қоян қыста ақ-жазда
-Қоянның құйрығы қысқа ,құлағы-
-Қоянның артқы аяғы ұзын-алдыңғы аяғы-
Қоян сөйлей жөнеледі.
Сәлеметсіңдерме балалар!
-Кеше біздің ормандағы қояндар төбешігінде, жиналыс болды.Онда қояндардың бір тобы, күз мезгілі аяқталып қалды, күн суытты, үстімізге ақ тон киетін кез келді десе, бір тобы жоқ әлі қыс мезгіліне ерте, күз мезгілі аяқталған жоқ дейді.
Біз бір шешеімге келе алмадық.
Сіздер бізге дұрыс шешім қабылдауға көмектесе аласыздарма?Үсті басым су-су боды. Менің көжектерімде тоңып қалған сияқты. Сіздерден сұрайтынымыз нақтылап,зерттеп,анықтап дәлелмен айтып беріңіздерші.
-Балалар бұл сұрақ біз үшін де қызық болып тұр.
Қояндарға көмек береміз бе балалар.
Ол үшін алдымен қазір жылдың қай мезгіл екенін біліп алайық. Сонымен қатар қоян туралы не білеміз ортаға салайық..
Қазі қай мезгіл екен?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, ауа-райын қалай білуге болады?
Өте жақсы балалар,дұрыс айтасыңар.
морфологиялық кесте арқылы мезгілдің ауа-райының белгілерін атап қойып шығайық .( Балалармен жеке жұмыс)
Қоян қандай жануар екен өзі?
Дұрыс айтасыңдар.Олар қайда меендейді.
Қоянның неше құлағы бар екен?
Ал аяғы ше?
Басқа жануарлардан аяғының қандай ерекшелігі бар екен?
Ол қоянға жақсы ма,жаманба?
Неге жақсы деп ойлайсыңдар?
Ал жаман жағы бар деп ойлайсыңдарма?
Иә,дұрыс айтасыңдар оларда үй болмайды. Екен.Төбешіктерде,ағаштардың түбінде өмір сүреді екен.
Олар өсімдіктермен,күзд қардың астында қалған бидай дақылдарымен қоретенеді екен.
Балалар қазір жылдыің қай мезгілі?
Күз мезілінде неше ай бар?Балалар қалай ойлайсыңдар ауа –райын қалай білуге болады?
Теледидардан ауа-райын атады және термометр арқылы біуге болад.Ал енді маған кім айтып бееді?Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады екен.
-Балалар мезгілге сай мынадай ырымдар бар екен.
-Күз мезгілінде өрмеші шылаулары көп болса,онда қыс мезгілі жылы болады екен.
-егер орманда жаңғақ көп болып,саңырауқұлақтар аз болса,күн аязды болады екен.-
Құмырсқаның илуі көп болса,қыс мезгілі жайлы болады екен.
Ал қаздар топталып жылы жаққа ұшса,қар жауады деген ырымдар бар екен.
Енді балалар осы жауаптарымызды негізге ала отырып,қояндарға көмек беру үшін дамытуш оталықтармен жұмыс жасаймыз.
Бүгін біз үшін балалар үш орталық ашық тұр.
Орталықтағы жұмыстарды түсіндіру.
Әдебиет орталығы: «Қоянның үйшгі» ертегісінің мазмұнымен танысып, қуыршақ театры арқылы рөлге бөліп ойнау.
Күз мезгіліне байланыстымақал жаттаймыз
-Нөсер алдында найзағай ойнайды.
-Күн дүркіресе көп дүркірер.
-Жауынменен жер көгерер,бтаменен л көгерер.-«Жел дауылды шақырады.
Бұлт жауынды шақырады.»
Өнер орталығы: Балалар бұл орталықта қоянның көжектерінің сұр тонын ақ тонға айналдыратын ғажайп зат бар. Ол мақта
Мақтаның түсі қандай? Сұрақтар қоя отырып,жасалу жолдарын көрсету.Мақтаны қянның кескіндемесіне ұқыпты таза,әдемілепжапрсырудың әдіс-тәсілін түсіндіріп жапсырту. Осылай көжектерге күз мезгілінің аяқталып,қыс мезгілінің таяп қалғанын дәлелдеп, тоңып қалмау үшін ақ тон кигізіп,ормандағы қояндарға жібереміз
Үстел-үсті орталығы:
1. 4 түрлі ( қызыл,жасыл,сары,көк) карточка(жыл мезгілдеріне сай,өзгерістері бар суреттер бар).
Жыл езгілдерін маусымдық ерекшелігімен реттілігімен қойып (мезгілдің белгілері,мезгілге сай киімдер) әңгімелеу.
Орманда қояннан басқада жануарлар мекендейтінін айтып, «көңілді шеңбер» ойыны ТРИЗ әдісі арқылы жабайы жануарлардың мекенін,немен қоректенетінін білетін боламыз.
Мысалы ондағы аңдардың суреттері арқылы жұмбақ жасыру.
1.«Құлағы қалқиған,
елеңдеп қорқып тұоады».
Ол қандай жануар,
ол немен қоретенеді екен?
Қайда мекндейді?
Т.б
2.«Өзі қу жүрген жері айқай шу»
Ол не?
Түлкінің азығы не?
Ол қайда мекендейді екен?
Оның адамға қандай пайдасы бар?
3.«Отырғанда шоқиып, құманға ұқсп кетеді?
Ол не?
4.»Қорбаң,қорбаң етеді,Орман оның мекені» Ол не?
Т.б
Балаларды сылдырмақпен ортаға жинап,сергіу жасату.
Сергіту жаттығуы
Ұзын құлақ сұр қоян,
естіп қалып ыбдырды.
Ойлы-қырлы жерермен,
ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына ,
қиығын салып көзінің,
келе жатқан томпаңдап,
көжегі екен өзнің.
Балалар орыс тілінде қоян-зяц деп аталады.
Қане қайталап көрейік.
Көжек-кролик, күз- осень.
өте жақсы балалар.
ЖАРАЙСЫҢДАР.
Балалар екінші айналым жасап,өз қалауларымен орталықтармен жұмыс жасап,белгі бойынша ортаға жиналады.

-Ойнаймыз...

Бұл құс қой
Өйткені оның қанатын көрген сияқтымыз
-Мүмкін мысық болар.

Ол қоян ғой.

-сұр
-ұзын
-қысқа

Мұқият тыңдйды

-Иә,көмектесеміз
Күз мезгілі
Үш ай бар қыркүйек,қазан,қараша
-Қазір күз мезгілінің соңғы айы
-Теледидпрдан көреміз, анамыздың,әкеміздің қалта телефондарна смс келеді.
Сосын термометр арқылы білеміз. Ол біздің топта бар.
1-2 бала шығып,ауа райының белгілерін атап қйып шығады.
-қоян екіге бөлінеді үй жануары,дала жануары
Олар орманда


Олардың алдыңғы аяғы қысқа болады.
Жақс
Өйткені оларға қасқырдан қорғануға,жылдам жүруге жақсы.
Ал жаман жағы олар төбешіктен төмен түкенде,алдыңғы аяғы кедергі келтіріп,домалап ктуі мүмкін.
-Күз мезгілі
-Үша ай









-Қоян
-ол сәбіз жейді,
өсімдіктермен қоректенеді

-Түлкі
Ол балықты жақсы көреді.
Ол оманда бұталардың түбінен үңгірд мекендейді
Оның терісі бағалы,терісінен аталарымыз тымак тигіп киеді. Т.б

-Тиін
Ол емен жаңғағымен қоректенеді,Ол ағаш діңін мекендейді.
-Аю
Сергіту жаттығуын қимылмен орындайды.

Балалар өз қалауларымен ауысып жұмыс жасайды.

Рефлекцивті коорекциялау Қртынды:
-Балалар бізге бүгін кім келді?
Балаларға күз мезгіліндегі өзгерістері баркүз мезгілінің басталып,жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатаны, күз мезглінің аяқталып,күн қатты суытып аязданып,құстардың жылы жаққа ұшып бара жатқан суреттрі)Құстар жылы жаққа топталып ұшса қар жауады деген ырымға сүйену. карточкаларды таратып,сурет бойынша әңгімелеп,ғажайып сандықшаға салып,қояндарға дәлел ретінде жіберетінін айту.
Сұрақ-жауап.
Күз мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады екен?
Күз туралы қандай мақал білесіңдер?
Сендерге қай орталық пен жұмыс жасаған көбірек ұнады?
-кімнің жауабы ұнады?
-кімнің жауабы ерекше болды?
Өнер орталығындағы балалардың жұмысын көрсетіп,мақтап,мадақтау.
Балалар сендер бүгін,ормандағы қояндарға өз білімдеріңмен,еңбектеріңмен көмек бердіңдер. Көмек сұрап келген қоянның көжегіне ақ тон кигізіп бердіңдер.Әрқашан да бір-бірімізге қамқор болып жүрйік.Мен сендерді мақтан тұтамын
Осымен оқу іс-ә»рекетімі аяқталды. Хош сау болыңыздар.!


Балалар жауабы
-Күн суытып,қатты жел тұрадыКүн аяз,дала тұман болады.
«Нөсер алдында,найзағай ойнайды»
«Күн дүркіресе,көп дүркірер» т.б
Құстар жылы жаққа топталып ұшса қар жауады.

Балалар жауабы тыңдалады
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ормандағы қоянмен бірге тұратын аңдардың тіршілігін,желіммен жұмыс жасау дағдыларын
Түсінігі қалыптасты: Жан-жануарларға қамқор болуға
Айта алады: Табиғаттағы маусымдқ өзгерістерді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.