Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы -

Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2197 | Размер: | Автор: гость
. Даулетова Лаура Қасымханқызы, тарих пәні мұғалімі
Сарыағаш ауданы, №39 Т.Айбергенов жом
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз
ойларын еркін айтуға жетелеу, есте сақтау қабілеттерін
дамыту,өзіндік жұмыс жасауына жол ашу.

Тәрбиелік: Тарихи деректерді оқыта отырып, өз Отанын, елін, туған
жерін, құрметтейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Көрнекілігі: оқулық, карта, кестелер, рефераттар

Пәнаралық байланыс: география, сурет

Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
2 Үй тапсырмасын сұрау, тексеру
3 Жаңа сабақты түсіндіру
4 Сабақты бекіту
5 Қорытындылау
6 Бағалау
7 Үйге тапсырма беру
Сабақтың формасы: өзіндік жұмыстар

Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ – жауап арқылы

Үй тапсырмасының тақырыбы: «Қаңлылар туралы деректер»

1 Қаңлылардың орналасуы.
2 Қоғамдық құрылысы
3 Археологиялық ескерткіштер (мәдениеті)

3 Жаңа сабақ: Жоспары
1 Егіншілік пен мал шаруашылығы
2 Қолөнері мен сауда қатынастары
3 Діни - наным сенімдері

Мұғалімнің сөзі: сабақты «Жұмбақ хатпен» ашамыз.
Бұл тайпа б.з.б 3-2ғасырлар – б.з-дың 5 ғасыры аралығында өмір сүрген. Олардың атамекені Сырдария өзенінің орта ағысында жатты. Қытай деректері бойынша бұл тайпа одағында 120 мың түтіні, яғни отбасыдан тұрған. Шамамен 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгерлері болған. Бұл ел Қытай, Иран, Сирия мемлекеттерімен экономикалық, мәдени, саяси байланыс жасаған. Қай тайпа жөнінде айтылып жатыр, деп ойлайсындар балалар?

1 Шаруашылығы мен мал шаруашылығы
1-тапсырма. Кестені толтыр
Егіншілік
Мал шаруашылығы
Қолөнер
Аңшылық
Сауда қатынасы
2- тапсырма. Кестені толтыр. Егіншілік және мал шаруашылығы.

Егіншілік Бидай, тары, арпа, қауын, қарбыз, алма, жүзім, өрік
Мал шаруашылығы Жылқы, сиыр, қой, ешкі
Қосымша шаруашылығы Құс ату, балық аулау, аң аулау

3- тапсырма. Сурет сал.

Суретін сал

2 Қолөнері және сауда қатынасы

4- тапсырма. Сызбаны толтыр

ұсталық
зергерлік
жүн өңдеу
құмыра жасау

5-тапсырма.Сауда қатынастары. Картамен жұмыс.

Қара теңіз жағалауымен
Сириямен
Үндістанмен
Балтық бойымен
Египетпен
Қытаймен
Иранмен

3 Діни наным сенімдері
6 – тапсырма. Қаңлылардың діни нанымдары

Сергіту сәті.Жұмбақ шешу
1 Айтылғандай ізетті жандай ұғын,
Бағы болар бақыты маңдайының.
Қайталасаң, өткенді білесің сен,
«Карта» деген грекше қандай ұғым? ( Жазу папирусы)
2 Қадам бас алға сүрінбей
Болашақ кілті – білімде
Қандай мағына береді
«Сақ» сөзі парсы тілінде (Құдіретті еркектер)
3 Қазақстан баршаға болған мекен
Баурайы да байлыққа толған екен
Әйгілі ғалымдардың зерттеуінде
«Алтын адам» нешеде болған екен (17 жаста)

Сабақты бекіту. Сұрақ – жауап арқылы
1 Егін алқаптарын суландыру үшін қандай арық қазды?
2 Қаңлы әйелдерінің кәсібі қандай болды?
3 Қаңлылар қандай күшке сенді?
Қорытынды. Сонымен, балалар, алғашқы қауымдық құрылыстың пайда болуынан бастап, ерте темір дәуірінде тайпалық одақтардың қалыптасуы мен шаруашылығымен таныстындар. Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың тарихы жөніндегі жазба деректер аз. Сондықтан тек археологиялық қазба деректер арқылы зертелген.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру. «Қаңлылардың шаруашылығы» туралы суреттеп, әңгіме құрау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.